Ауа райы және климат

Пәні: Жаратылыстану
Сабақтың тақырыбы: § 28 Ауа райы және климат

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ауа райы мен климаттың айырмашылықтарын түсіндіре отырып, қоршаған ортаны танып-білуге үйрету.

 

Күтілетін нәтиже:

1.        Оқушылар  жаңа   білім алады.

2.        Ынтымақтастық атмосферасы орнайды.

3.        Қызығушылықтары артады.

4.        Сыни ойлау дағдылары артады.

Сабақ кезеңдері

 

Мұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекетіДифферен-циацияБаға-лауРесурстар
Ұйымдас-тыруАмандасу тренингі

Оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу

Амандасады. Көңіл-күйлерін білдіреді. Әр топ топ басшысын, хатшысы, репортер, тәлімгер сайлайды.Топқа бөліну тренингі
Үй тапсырма-сын сұрау:Атмосфера дегеніміз не? Неге атмосфераны қорғаныс қалқаны дейді? Атмосфераның газ құрамы қандай? Тірі ағзалар үшін оттегінің рөлі қандай? Өздерің тұратын жердің ауасы туралы не айтасың?Оқушылардың жауаптарын тыңдау.Сұрақ-жауап, диалог
Қызығушы-лықты ояту:Ауа райын бақылау қажет пе?

Ауа райының өзгерісін сен аспанға қарап ажырата аласың ба?

Адамдарға күнделікті ауа райын біліп отыру не үшін қажет?

Өзің тұратын елді мекендегі  1 жыл ішіндегі ауа райының өзгерістерін сипаттап бер.

Оқушылар жауаптары тыңдалады.Диалогтық әдіс. Сыни ойлау дағдыларын арттыруСТО
Мағынаны тану: Жаңа сабақты түсіндіру үшін зерттеушілік әңгіме әдісі қолданылады:

Ауа райы дегеніміз не?

Климат дегеніміз не?

Метеорология дегеніміз не?

Халық арасындағы ауа райын болжаудың қандай түрлерін білесіңдер?

Қосымша ақпараттарды мұғалім айтып өтеді.

 

 

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Ау арайы дегеніміз- белгілі бір жердегі тәулік ішінде болатын атмосфераның төменгі қабатының жағдайы. Климат дегеніміз- белгілі бір аймақтағы ұзақ жылдар бойы қайталанатын атмосфераның төменгі қабатының тұрақты жағдайы немесе ауа райының белгілі бір аумақтағы көп жылдық режимі. Метеорология –ауа райын зерттейтін ғылым.Метеора-грек тілінен аударсақ –ауада қалқу деген мағынаны береді.

 

Зерттеушілік әңгіме, Көшбасшылық, сұрақ-жауап,диалогОқулық. Ғаламтор мәліметтері

 

Бақылау жұмысы №4Бақылау жұмысын орындауға нұсқаулық беру.Оқушылар алдағы апта бойы ауа райына бақылау жүргізеді:

Бұлттарға бақылау жасау, ашық және жауын-шашын күндері ауаның температурасын өлшеу, желдің бағытын анықтау.

Ой-толғаныс:Оқушылар жұмыс дәптерлеріне топта төмендегі тапсырмаларды орындайды:

 

СТО
Үйге тапсырма§28 оқу, соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар.
Кері байланыс:Оқушылар не үйренгендерін және не үйренгісі келетіндерін жазып береді.