Еуразия материгінің географикалық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің географикалық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Еуразия материгінің географикалық орнының ерекшелігін түсіну. Ашылу мен игерілу тарихымен танысу.
Дамытушылығы: оқушының ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру, дүниетанымдық көзғарасын қалыптастыру. Қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: ұжымдық қарым-қатынас, ынтымақтастық, бірлікке тәрбиелейді. Бірін-бірі тыңдау, сыйлау.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Венн жүйесі, сәйкестендіру тесті.
Сабақ көрнекілігі: әлемнің физикалық картасы, атлас, зерттеуші ғалымдардың портреттері.
- Алғашқы ұйымдастыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа сабақ түсіндіру.
- Пысықтау.
- Қорыту
- Үйге тапсрма
- Оқушыларды бағалау
I.алғашқы ұйымдастыру
Балалармен амандасу
Журнал толтыру, түгендеу.
Сабаққа әзірлік.
II.үй тапсырмасын тексеру:
Солтүстік жарты шар материктерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, «венн жүйесі» арқылы оқушылар білімін тексеру.
Солт. Америка | Ұқсастығы | Еуразия |
Бойлық бағытта оңтүстікке қарай сүйірлене түседі.Материк негізін бір ғана платформа құрайды.Әрі бойлық бағытта созылған. | Лавразия құрлығының құрылымында болған.Солттүстікте арктикадан оңтүстікке экваторға дейін созылуы.Литосфералық тақтаның шектесу аймағында сөнбеген жанартаулар бар.Мұз басу әсерінен материктің жер бедері майысуларға ұшыраған | Ендік бағытта көлемді.Бірнеше платформалардың бірігуінен тұрады.Жер бедері әлдеқайда күрделі.Таулары ендік бағытта орналасқан. |
III. жаңа сабақ тақырыбы: Еуразия материгінің географикалық орны. Қоныстану зерттелу тарихы.
1.Еуразия материгінің «Ең… ең…» басты ерекшеліктерін оқушыларға таныстыра отырып, түсіндіру.
2.Географикалық орны. (мұғалім түсіндіреді)
Еуразия
Еуропа Азия
Орал тауралы Жем өзені арқылы, Каспий теңізізінің солтүстік жағалары, Кума – Маныч ойысы, Азов, Қара теңіздері, Қара теңізді Жерорта теңізімен байланыстыратын бұғаздар арқылы өтеді.
Шеткі нүктелері: С: Челюскин мүйісі 770 431 с.е
О: Пиай мүйісі 10 161 с.е
Б: Рока мүйісі 90 341 б.б
Ш: Деженов мүйісі 1690 401 б.б
Материкте солтүстік жарты шарға тән барлық климаттық белдеулер кездеседі.
- Қоныстану және зерттелу тарихы. Географикалық ұғымдар ауқымының кеңеюіне б.з.д 2500 ж. крит аралын мекендеген миной халқы болған. Ежелгі дамыған мемлекет Вавилондықтар жан-жағын танып білу мақсатында Египет, Парсы, Үнді жерлерінде болған.
Финикиялықтар батыстағы жерлерді «Әреб», ал шығыстағы бөлікті «асу» деп атады.
Кейін гректер осы ұғым негізінде «Еуропа, Азия» терминдерін қалыптастырды
Үнділер: Суматра, Ява аралын ашты.
Зерттелу тарихы.
(Оқушылар өз бетерінше танысады)
I топ | II топ | III топ |
Н.М.Пржевальскийй Тибет Гоби шөлі (-неше тау жотасынан анықтады, Хуанхэ,Янцзы өзенінің бастауын ашты. Лобнор көлінің табиғат жағдайы сипаттады. Жабайы жылқы, түйені тапты, коллекция жасады.) | П.П.Семенов Тянь-Шанский Т.Ш. тауына 2 рет саяхат жасайды. Хантәңірі шыңын ашқан. Биіктік белдеулерді зерттеп қар сызығының Альпі ден биік екенін анықтады. Ыстық көлінің тұйық екенін ашты | Ш.Уәлиханов. ыстықкөлді зерттеді. Қашқар жерін зерттеп этнографикалық бұйымдар, тау жыныстарының үлгілерін жинады. |
- Пысықтау.
Сәйкестендіру тесті.
30,3 млн км2 Еуразия
7,6 млн км2 Африка
14 млн км2 Антарктида
53,3 млн км2 Аустралия
Фернан Магеллан Биіктік белдігін зерттеп, Т.Шаньды зерттеді.
Н.М.Пржевальский Оңтүстік полюске жетті.
Руаль Амундсен Жердің шар тәрізділігін зерттеді
П.П. Семенов. Тибет, Гобишөлдердегі тау жоталарын, Хуанхэ, Янцзы өзенднрінің бастауын ашты.
Иорк Еуразия
Пиай Аустралия
Рока Африка
Игольный Еуразия
«Домино» ойыны.
3 материктіің суретін төртке бөліп, қияды. Соның ішінен әрбір материкті тез құрастырып, атын табады.
Ғалымдардың зерттеген кезіндегі «Қызықты деректер» оқу арқылы сабақты пысықтап қорыту.
Үйге тапсырма: § 14 оқу, «Ең… ең», дәптерге жазу; Ғалымдардың зерттеген жерлерін кескін картаға маршруртпен түсіру.