Еуразияның халқы мен елдері
Сабақтың тақырыбы: Еуразияның халқы мен елдері
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға таныс түсініктерді еске түсіру, жаңа мағлұматтарды талдау, Еуразияның халқы мен елдері туралы түсініктерді қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой — өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлауды, картамен қосымша материалдарды қолдана білуге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ұжымдық қарым – қатынас, ынтымақтастыққа, бірін –бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Еуразияның саяси және физикалық картасы, мультимедиялық проектор, суреттер кестелер, тірек – сызбалар, атлас , оқулық.
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, демография.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Шаталовтың тірек сызбалары, сыни тұрғыдан ойлау, өз бетімен жұмыстар.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі.
- Оқушылардың сабаққа даялықтарын тексеру, сабаққа мақсат қою.
- Қызығушылықты ояту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Тропиктік шөлдерге сипаттама беріңдер?
- Уәд дегеніміз не?
- Субэкваторлық белдеудегі зоналар.
- Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары.
- Биіктік белдеулер дегеніміз не?
- Шұраттар дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспар.
1.Халқы
2.Елдері
Адамнан ғылым айла асырмаған.
Ауыл ұлын құлыптап жасырмаған.
Ал, балалар Еуразияның халқы мен елдерін зертеттеп,
Ашайық ашылмаған сырларды.
Мағынынаны ажырату ( түсіне білу)
1.Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құралы өте күрделі.
Материкте 4 млрд – тан астам халық тұрады.
Нәсіл дегеніміз не? Қандай нәсілдер бар, оларды атаңдар?
Нәсілдік құрамы
Нәсілдер | Нәсілдердің белгілері | Таралған аймағы |
Еуропалық тектес нәсілдер | Терісі ақ, көзі көк , қыр мұрынды, ерні жұқа | Еуропа |
Монғол тектес нәсілдер | Терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығынқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр қиғаш. | Азиялық бөлікте, түркі тектес халықтар. |
Экваторлық нәсілдер | Терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біркелкі шығынқы. | Шри –Ланка аралы, Үндістанның оңтүстігі. |
Тілдік құрамы.
Еуропалықтар: Словян, герман, роман
Азиялықтар:Иран, монғол, қытай –тибет, түрік.
Діндері:Ислам, христиан, буда.
Біздің заманымызға дейінгі кезеңнің өзінде мұнда Күнге, Айға және Жұлдызға қарап, бағыт – бағдарды анықтауды білген. Адамзат тарихындағы құпия толық ашылмаған.
«Әлемнің жеті кереметі» деген атпен белгілі ғаламат ескерткіштерді бөлді Еуразияның осы аймағында орналасқан.
- Елдері
Тәуелсіз мемлекттер
Монорхиялар Республикалар
Абсалюттік Конституциялық Президенттік Парламаенттік
Билік жеке Басқару ісі жүзінде
парламент пен үкіметке жүктелген
адамның
қолында болады
ІҮ.Бекіту сұрақтары.
- Еуразиядағы халық неге біркелкі қоныстанбаған?
- Еуразияның халқы қандай ұлттық және тілдік топтарға бөлінді.
- Еуразияда қанша елднр бар?
Ү.Картамен жұмыс
- Картадан аралда орналасқан мемлекеттерді көрсетіңдер.
- Түбекте орналасқан мемлекеттерді көрсетіңдер.
ҮІ. Үйге тапсырма беру. §23
1.Еуразиядағы және жер шарындағы көлемі жағынан ең үлкен
Мемлекеттерді картадан тауып жазыңдар.
- Халықының саны жағынан алдыңғы мемлекеттерді кескін картаға түсіру.