Аралдар мен түбектер
Сабақтың тақырыбы: Аралдар мен түбектер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға Аралдар мен түбектер жайлы түсінік бере отырып, олардың пайда болу ерекшеліктеріне түсінік беру.
Дамытыушылық мақсаты: Оқушыларды ізденіске,еңбекқорлыққа,іскерлікке,қиындықты ойлана отырып шешуге,логикалық ойлауын дамыту,география пәніне танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:сабақты қайталау арқылы еске сақтау;тез ойлауға,білімді болуға тәрбиелеу ,сынып оқушыларының алдында мәнерлі сөйлей білуге баулу, өзінің көзқарасын қорғай білуге ,шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу болды.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап , Баяндау, түсіндірмелі
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,Дүние жүзінің физикалық картасы,интерактивті тақта ,кескін карта, кесте.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушыларды сабаққа икемдеу
- Үй тапсырмасын сұрау. /Үй тапсырмасын бірнеше оқушы баяндайды/
- Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
- Кескін картаны тексеру
III. Уй тапсырмасын қорыту.
- Мұхиттарға байланысты кесте толтыру.
- Географиялық диктант.
3.Ойланайық сұрағы
- «Мұхиттар» кестесін толтырыңдар
Мұхиттар
| Жағалауындағы материктер | Ең терең жері |
Тынық мұхиты
| Еуразия,Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия. | Мариан шұңғымасы -11 022метр |
Атлант мұхиты
| Еуразия,Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка | Пуэрто-Рико -8742метр
|
Үнді мұхиты
| Еуразия, Аустралия, Африка,Антарктида | Зонд -7729метр |
Солтүстік мұзды мұхиты | Еуразия,Солтүстік Америка | Гренланд теңізі -5527метр |
- Географиялық диктант
1.Жүниежүзілік мұхиттың жалпы аумағы……………………………………………
2.Ең үлкен және ең терең мұхит ……………….деп аталады.
3.Мұхиттардан суының қасиеттері , тіршілік дүниесі жөнінен айырмашылығы болатын бөлігін ………….деп атайды.
4.Екі жағынан материктер немесе аралдар жағаларымен шектелген енсіз су айдынды………………….деп атаймыз.
5.Мұхиттың не теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігін…………………………….деп атаймыз.
6.Теңіздер орналасуына.қарай…………………….топқа бөлінеді.
- Ең ұзын бұғаз………………………………………..
8.Ең терең бұғаз………………………………………..
Жауабы: 1.361миллион шаршы шақырым. 2.Тынық мұхиты . 3.Теңіздер.
- 4. Бұғаздар.Шығанақ . 6.3 топқа. 7.Мозамбик 8. Дрейк
3.Ойланайық!
Егер дүниежүзілік мұхит бүкіл Жер бетінің 71% -ын алса ,қанша пайыз құрлық жерге қалады?
Жауабы: 29%
- IV. Жаңа сабақты меңгерту
- 28. Аралдар мне түбектер
|
|
|
|
1.Аралдар жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі .Ірі аралдарға Гренландия ,Исландия,Жаңа Гвинея ; Мадагаскар, т.б. жатады.Жер шарында аралдар көп және көлемдері де әртүрлі. Аралдардың пайда болуы да әркелкі.Пайда болуына қарай олар материктік ,жанартаулық,маржан аралдар деп бөлінеді..
Аралдар топ-топ болып та,жеке де орналасады.Бір-біріне жақынорналасқан аралдар тобын-архипелагтар деп атайды.Мысалға .Канада,Арктика т.б.
- Түбектер. Түбектер деп құрлықтың суға сұғына еніп жатқан бөлігін айтады. Жер шарында түбектер де көп кездеседі . Ең үлкен түбек Арабия түбегі, Үндістан ,Үндіқытай,Скандинавия ,Сомали, Калмфорния,Пиреней т.б. түбектер бар.
Түбектер өзінің пайда болуы жөнінде материктік ,аралдық болып екі түрге бөлінеді.
|
2.Кескін картамен жұмыс.
/ Аралдар мен түбектерді кескін картадан анықтау/
3.Дәптермен жұмыс
3.1. Аралдар пайда болуына қарай қалай топтастырылады? Кесте толтырыңдар.
Арал түрлері | Пайда болуы |
Материктік аралдар | Бұрын материктермен бірге болып дамуы барысында олардан бөлініп қалыптасқан аралдар. |
Жанартаулық аралдар | Мұхиттар мен теңіздер түбінен жанартаулардың атқылауынан пайда болған аралдар. |
Маржандық аралдар | Маржан полиптерінің жинақталып жоғары қарай өсуінен рифтер түрінде пайда болған аралдар. |
3.2.Материктер ,аралдар және түбектер арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
- V. Жаңа сабақты бекіту
1 . Кластерлік ассоциация әдісі арқылы сабақты бекіту.
1.1 . Аралдар.
Аралдар:Гренландия ,Исландия, Жаңа Гвинея , Мадагаскар,Жаңа жер ,
Ұлыбритания,Жаңа зеландия т.б.
1.2.Түбектер.
Түбектер: Арабия, Үндістан ,Үндіқытай , Скандинавия ,Сомали ,
Калифорния, Пиреней т.б.
- Робин –раунд әдісі.
Шарты:Бір оқушының айтқаның екінші оқушы қайталамай аралдар мен
түбектердін аттарын айту.
- Ұй тапсырмасын қорыту. / Сұрақ – жауап/
1.Аралдар дегеніміз не ?
- Пайда болуына қарай аралдар неше топқа бөлінеді?
- Материктік аралдар дегеніміз не?
- Жанартаулық аралдар дегеніміз не?
5.Маржандық аралдар дегеніміз не?
6.Архипелаг деген не?
Түбектер дегеніміз не ?
Жауаптары:
- Жан –жағынан су қоршаған құрлықтың бір бөлігі.
- 3
- Бұрын материктермен бірге болып дамуы барысында олардан бөлініп қалыптасқан аралдар.
- Мұхиттар мен теңіздер түбінен жанартаулардың атқылауынан пайда болған аралдар.
- Маржан полиптерінің жинақталып жоғары қарай өсуінен рифтер түрінде пайда болады.
- Бір –біріне жақын орналасқан аралдар тобын.
- Құрлықтың суға сұғына еніп жатқан болігін айтады.
VII. Үйге тапсырма .
1.§28. Аралдар мен түбектер
2.Кескін картаға Дүниежүзінің ірі аралдары мен түбектерін түсіру.
- Аралдар мен түбектерге реферат жазу.
VIII. Бағалау.