Адам және адам нәсілдері. Антропогенездің қозғаушы күші.
Адам және адам нәсілдері. Антропогенездің қозғаушы күші.
Адам –биосферадағы жоғары санамен ақыл –ойдың иесі. Адам әрекеті табиғаттағы ең қуатты антропогендік факторға айналып отыр. Ол адамдар туысының қазіргі кезде тіршілік ететін жалғыз түрі –саналы адам. Оның бүгінгі дәрежеге жетуіне еңбек пен қоғамдасып өмір сүрудің басты ықпалы болды.
Мақсаты: Адам және оның саналы тіршілік иесі екендігіне, нәсілдеріне
сипаттама беру. Антропогенездің қозғаушы күштерін сипаттап,
антропосоциогенездің мәнін айқындау.
Күтілетін нәтижелер: Адамды, оның нәсілдерін сипаттап жүйелейді.
Адамды ата –тектерімен салыстырмалы түрде
зерделейді, оның туыстарынан кесте құрастырады.
Адам ағзасын зерттеудің жобасын құрастырып,
қорғайды.
Көрнекті жабдықтар: Электрондық оқулық. Тестілік құрылғы. Оқулықтар.
Аппликация. АКТ мүмкіндіктері.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Тапсырма мазмұны | Оқушы әрекеті | Бағалау | ||||||
Кіріспе | І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. Бағдаршам түстеріне сәйкес қиықшалар арқылы 3 топқа бөлу. | 1 топ. Адам, эволюциясы және зерттелуі туралы ұғымдар. 2топ Адамды зерттеуші ғалымдар. 3 топ Адам туыстары. | Әр топ мүшесі қиықшадағы ұғымдарды атап, қиықшаның түстеріне қарай топтасып отырады. | |||||||
Үй тапсырмасын тексеру | ІІ. Үй тапсырмасы тестілік құрылғы арқылы тексеріледі. Интербелсенді тақтадағы қорытындысын бағалау парағына түсіруді ұсынады. | 1.Ежелгі адамдар? 2.Ертедегі адамдар? 3.Осы заманғы адамдар 4.Адамды зерттеген ғалымдар? 5.Атавизм және рудимент 6.Архантроптар 7.Синантроптар 8.Неоантроптар 9.Кроманьондар 10.Саналы адам | Тестілік құрылғылар арқылы 10 сұраққа жауап беріп, қорытынды бағасын топ басшылары бағалау парағына түсіреді. | Тестілік құрылғы арқылы бағалау. | ||||||
Тұсаукесер | ІІІ. Қызығушылығын ояту. Адам нәсілдері, олардың тіршілігі мен таралуы. Слайдтан көрсету арқылы сұрақтар қояды.
| Нәсіл түрге жата ма? Нәсілдер қалай таралған? Қанша нәсіл бар? Самбо, мулат, метис туралы не білесің? | Сұраққа жауап береді, ойланады. | |||||||
Негізгі бөлім | Әр топқа ойлаудың алты дағдысына негізделген 2 қалпақ беріледі. 3 топқа барлығы 6 қалпақ таратылады. Орындайтын тапсырмалары нақты түсіндіріледі. | Ақ қалпаққа: «Саналы адамның қалыптасуы және оның нәсілдері» Сары: «Адамның жағымды қасиеттерімен іс -әрекеттері» Қара: «Адамның жағымсыз қасиеттері мен іс –әрекеттері» Қызыл: «Адам туралы ой толғауы» Жасыл: «Адамды зерттеу жобасын құрастыру» Жасыл: «Адамды зерттеу жобасын құрастыру» Көк: «Адам ақыл –ой мен сананың иесі» (барлық басқа қалпақ иелерінің ой-пікірлерін түйіндейді). | Оқушылар таратылған ресурс парақтарымен танысып, ойлаудың 6 дағдысына сай ой бөліседі. Ой толғауда М.Мақатаевтың өлеңдерінен үзінді оқиды. Топ мүшелері сұрақ –жауап арқылы пікір сайыс ұйымдастырады. Зерделейді ой түйін жасап, шешімге келеді. |
Топтық бағалау | ||||||
Қорытынды:
| Көк қалпақ иесінің тақтаға «Саналы адамды» жүйелеуін, сипаттауын ұсынады.
Адам –табиғаттың ең тамаша туындысы. Ч.Дарвин
| Тип Хордалылар Тип тарм.Омыртқалы- лар Класс Сүтқоректілер Класс тарм.Қағанақ- тылар Отряд Приматтар Отряд тарм.Тар- танаулылар Тұқымдас Гоми- нидтер Туыс Адам Түр Саналы адам | Оқушылар көмектеседі. Тақтаға аппликацияларды ретімен орналастырады.
Үйге тапсырма | |||||||