Адамның жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері.

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАР

 

Сабақтың тақырыбыАдамның жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктері.
МақсатыАдамның жоғарғы жүйке жүйесіне тән қасиеттерін, оның ерекшеліктерін түсіндіру.
Оқыту нәтижесіОқушылар сана, сөз, есте сақтау, ойлау туралы менгереді, сыни ойлауы қалыптасып, оқушы өз ойын еркін, нақты жеткізе алады жан-жақтылық қасиеті дамиды.
Түйінді идеясыАдамның жоғары жүйке жүйесіне тән қасиеттерге сана, ойлау, сөз, есте сақтау, еңбек ету кабілеті, қоғамдық өмірге бейімделуі жатады.
 

Уақыты

 

Ресурсы

Сабақтың мазмұны:
Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
2 минутҰйымдастыру. Сәлемдесу 1 мамыр қарсаңына байланысты сабағымды әртүрлі ұлттың сәлемдесуінен бастадым.Оқушылар әртүрлі тілде сәлемдесті.
2 минутОқушыларды өз қалаулары бойынша 5 жұпқа бөлдім.Оқушылар өз жұптарын тауып бөлінеді.
7 минутАКТ, слайдНеден басаймыз? Ой қозғау. Слайдтар арқылы суреттер көрсету.

Суреттерге байланысты сұрақтар қоямын.

Оқушылар өз ойларынша

Жауап береді.

7 минутПостер, карандаштар, маркерлер т.бЖұптарға берілетін тапсырмалар. Кластер бойынша түсіндіріледі.

1 жұп: Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі.

2 жұп: Сана, түйсіну

3 жұп: Сөз.

4 жұп: Ойлау

5 жұп: Есте сақтау.

Тақырыпты оқып, меңгереді

 

7 минутПостерТақырыпты түсіндіруі.Постер арқылы кластер әдісімен сабақты меңгеріп, түсіндіреді.

Үш шапалақ бойынша бағаланады.

3 минутСергіту сәті. Әріптер бойынша сергіту сәтін өткіздім. Мысалы, а, о, и, х деген әріптер бойынша.әріптерді менің айтуым бойынша қайталайды.
2 минут Не ортақ? Яғни мысалы, бір айда туғандар, жұлдызнамалар бірдей оқушыларды жұпқа бөлдім.Оқушылар өз жұптарымен бөлінеді.
13 минутТелпектер түрлі түсті, постер, ақ бет қағаздарОй қорыту. 6 телпек.

1 жұп:  ақ телпек: тақырып бойынша негізгі мәліметтер береді.

2 жұп: қызыл телпек өздерінің сезімдерін эссе арқылы білдіреді.

3 жұп: сары телпек ассоциация құрастырады.

4 жұп: жасыл телпек шығармашылық ойлар тақпақ шығарады.

5 жұп: Қорытындылайды.

Постер арқылы, сызбалар, суреттер салып қорғайды. Эссе жазады, тақпақ шығарады.

Бір бірін,  өзара бағалайды.

2 минутҮйге тапсырма: Өздерінің есте қалған қызықты оқиғаларын туралы шағын щығарма жазып келу.