Құстардың туған жерге оралуы
Дүниетану
Тақырыбы: Құстардың туған жерге оралуы.
Мақсаты:
а) Көктемдегі құстар тіршілігімен таныстыру. Ойын түрлерін қолдану арқылы құстардың туған жерге оралуы ұрпақ өсіруі, жауларынан қорғалуы туралы түсіндіру.
ә) Құстарға қамқорлық жасауға, ұйымшылыдыққа тәрбиелеу.
б) Қызығушылық, белсенділіктерін арттыру.
Түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.
Әдісі: ойын түрлері, буклеттер, СТО әдісі, сөз, баяндау.
Көрнекілігі: үнтаспа, құстар суреті, кроссворд, домино т.б.
Барысы:
І. Қызығушылығын ояту. «Домино» ойыны. 3 топ балаларына 3 тақырыпта домино беру, 3 топ домино ойнайды. «Танграм» ойыны қалған оқушыларға әртүрлі қиылған құстар суреті беріледі. Жеңімпаз ойыншылар доминодағы құс аттарын 3 тақтаға жазып шығады.
— Бүгінгі тақырыбымызды табу үшін құстар тобына ат кояйық. Әр топтарға құстар атын оқушыларға оқыту.
а)жыл құстары; ә)қыстайтын құстар; б)үй құстары.
Біз осы 3 бағытта әңгіме жүргіземіз.
Мағынаны тану:3 топ сәйкес сурет бойынша өз ойларын айтады.
Оқулықпен жұмыс:сурет мәтіні арқылы оқушылар дайындалады.
Сөздік жұмыс:дернәсіл
Сурет бойынша жұмыс: «Ойын» (қайсысы артық?)
Ойын: Болады Болмайды
1)Құстарға ұя жасау; 1) құстардың ұясын бұзу
2)малды күтуге 2) жұмыртқасын қолға алу
3) құстарға жем беруге 3) малды бастан ұру
4) аққуды ату
Құстарды ұшу ретімен таныстыру
Тырналар: сүйір, үшбұрыш
Үйректер: түзу
Қаздар: доға жасап ұшады.
ІІІ. Толғаныс: Бала суреті бойынша әңгімелеу.
- Үйге тапсырма: ұнаған құс суретін салу. 92-93 бет.
- Қорытынды: мадақтау, бағалау.