Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Сабақтың тақырыбы: Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Жалпы мақсаты:

 

 

Оқушыларды   үлкен ми сыңарларының құрылысымен,атқаратын қызметімен және жүйке жүйесінің гигиенасы мен таныстыру. Оқушылардың танымдылық қабілетін арттыра отырып, адамның ми  құрылысын ғылыми түрде сипаттай білу.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:

 

 

Үйренеді:

·     бірлескен жұмысқа;

·     топ арасындағы ынтымақтастыққа;

·     ұжымдық жауапкершілікке;

Сабақта қаралған негізгі идеялар:1.Ұйымдастыру 

Сабақтың шарты: сынып топқа бөлінеді. Оларға бағалау парағы мен тапсырмалар беріледі. Олар өздерінің  орындаған тапсырмаларын бағалап отырады. Әр тапсырманың ұпаймен есептелінеді, белсенді қатысқан, жауаптары дұрыс болған жағдайда оқушы өте жақсы, жақсы деген бағалармен бағаланады.

Тапсырмалар:

 

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Топ құрамын ауыстыру үшін сыныптағы оқушылар саны-25, сондықтан 5 оқушыдан бес топқа бөлемін.

2.Өзін – өзі   бағалау парағын тарату

 

II. Өткен материалды пысықтау:

1.Тапсырма: сәйкестігін анықтау.

2. Суретпен жұмыс: ми бөлімдерін белгілеу

Жаңа тақырыпқа көшу

1.Оқушылар өздері сурет арқылы жаңа тақырыпты ашады және мақсатын айтады.

 

 

III. Жаңа сабақты меңгерту

Топпен жұмыс:

 

1- топ: Үлкен ми сыңарларының құрылысы мен қызметі.

2- топ: Мидың басты бөліктері және аймақтарының орналасуын көрсету. 3- топ: Үлкен ми сыңарында орналасқан аймақтардың маңызы.

4- топ: Жүйке жүйесінің аурулары.

5- топ: Жүйке жүйесінің гигиенасы.

 

 

Қорытынды: (Оқушылардың өздері сабақты қорытындылайды).

ІV. Бекіту.

1.Биологиялық диктант

2.Берілген тірек-сызбаны толықтыру.

VІ.Өткен сабақ бойынша барлық оқушылар рефлексия қағазын толтырады:

Не білемін? Не білдім?

Не білгім келеді?

V.Бағалау

1)Сабақты қорытындылау, өзін-өзі бағалау.

2) Әр топ бағалау қағазы бойынша қорытынды шығарады.

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары: Оқушылар топқа бөлініп отырғызылады.

Мұғалім топқа тапсырма береді, орындалуын қадағалайды, тыңдайды.

Оқушылар оқулықпен жұмыс жасайды, бірлесе отырып тапсырмаларды орындайды. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, оқушылар жеке, топта жұмыс жасайды. Өзін-өзі бағалайды. Сабақ соңында стикерлерге ойларын қорытындылап жазады.

Ақпарат көздері, құралдар мен жабдықтар:

Интербелсенді тақта, ми моделі, оқулық, А-3 қағаз, маркер,

Үй тапсырмасы:Дәптерге кестені толтыру — 58 бет.

Шығармашылық жұмыс: Жүйке жүйесінің адам ағзасы үшін маңызы.

Үйде оқу:§ 17