Құстар класына жалпы сипаттама
Сабақтың тақырыбы Құстар класына жалпы сипаттама
Сабақтың мақсаты.Оқушыларды ұшуға байланысты құс құрылысындағы ерекшеліктермен таныстыру, құстардың шығу тегі, олардың жорғалаушыларға ұқсастығы мен айырмашылығы , оның себебі туралы білім беру. Сабақтың тәрбиелілігі : құстарды қорғауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже : оқушылар құс құрылысындағы ерекшеліктер, олардың құстың ұшуындағы маңызы , құстың шығу тегі туралы біледі. Сабақтың типі :жаңа сабақ. Сабақтың өту әдісі : СТО стратегиясы,топтық жұмыс. Қолданатын әдіс : БЛУМ стратегиясы , Раунд-робин стратегиясы. Қажетті ресурстар : құс тұлыбы, құс қаңқасы,интерьактивті тақта , слайдтар ,бағалау бетшелері, құс жұмыртқасы, қол лупасы.
Сабақтың барысы : | уақыты | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Жұмыс түрі | ||||||||||||
1. Ұйымдастыру | 3 минут | Оқушылармен сәлемдеседі, топқа бөледі,бүгінгі көңіл-күйлерін анықтау үшін смайликтер береді, бағалау бетшелерін таратады . | Топқа бөлінеді,бүгінгі көңіл күйін смайликтен көрсетеді,назарын сабаққа аударады ,оқу құралдарын дайындайды. | Ұжымдық жұмыс | ||||||||||||
ІІ. Білу деңгейі Қызығушылы ғын ояту кезеңі
Жаңа сабақ : | 7 минут
10 минут | «Сиқырлы ұяшықтар» (деңгейлік тапсырма )
Сұрақтары: 1.жорғалаушылардың тері жабындысы ? 2.Тыныс алу жүйесі: 3. Жүрегі 4 бөлікті жорғалаушы? 4.Жорғалаушылардың арғы тегі? ( 5 ұпай сұрақтары ) 5.Зерттейтін ғылым ? 6.Қаңқасы неше бөліктен тұрады ? 7.Жылан мен қолтырауында болмай тын мүше ? 8.Қандай пайдасы бар (10 ұпай сұрақтары ) 9. Автотомия деген не 10.Регенерация деген 11. ҚР-ң Қызыл кітабына тіркелген жорғалаушылар? 12.Бір мақал айту(15 ұп ББҮ стартегиясы бойынша жұмыс : Білемін Білгім келеді Үйрендім : Сұрақтары: өткен сыныптардағы білім деріне сүйену керек : 1.Құстың жорғалаушылардан қандай ерекшеліктері бар ? 2.Құс қалай көбейеді : 3.Ұшуға байланысты ерекшеліктері қандай ? Одан ары,мұғалім толықтыра отырып , кітаппен жұмыс жасауды ұсынады. | Оқушылар өздері таңдаған ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді, ұпай жинайды ,бірін-бірі толықтырады, өз білгендерін ортаға салады.
Тақырып бойынша не білетіндерін қол көтеріп айтуға болады немесе естеріне түсіріп, дәптерлеріне жазып айтады. | Жеке және топтық жұмыс
Жеке жұмыс | ||||||||||||
2. Түсіну кезеңі | 3 топқа жоспар бойынша тапсырма береді : 1-топқа :Құстардың сыртқы құрылысы мен қаңқасы туралы 2-топқа :Ас қортыу және тыныс алуы 3-топқа :Қан айналым жүйесі : | Оқулықпен жұмыс жасап, мәтінмен танысады, ойларын жинақтап, өзара талдап, ортаға бір оқушы шығып түсінгенін айтады. | Топтық жұмыс | |||||||||||||
3. Қолдану кезеңі | 5 минут | Жаңа сабақтан алған білімдері мен түсінік терін қолдана білуге дағдыландыру үшін : Интерьактивті тақтадан биологиялық диктант : 1.Құстардың жамбас сүйегі———-деп аталатын 3 сүйектен тұрады. 2.Құстардың дене темпер турасы———- 3.Құстарда ———доғасы сақталған. 4.Мүйізді өзек — деп аталады. 5.құстарды зерттейтін ғылым —- деп аталады.
| Жаңа сбақтан алған түсініктерін қолдана отырып, тапсырманы орындайды. | Жеке жұмыс | ||||||||||||
4.Талдау кезеңі | 7 минут | Алған білімдерін талдай, салыстыра білуге дағыландыру үшін : Тапсырма ( әр топқа беріледі ) 1-топқа :Құс жұмыртқа сының құрылысы 2-топқа :құс қаңқасы мен тасбақа қаңқасын салыстыру, ерекшелігін анықтау 3-топқа :Ас қорту және зәр шығару жүйесіндегі жорғалаушылармен салыстырғандағы ерекшеліктерді салыстыру | Алдарына берілген жұмыртқаны , қаңқа (құс) сүйектері (тасбақа )және суреттердіпайдалана отырып тапсырманы орындайды., жинаған ұпайларынжазып алады. |
Топтық жұмыс | ||||||||||||
5. Жинақтау кезеңі | 3 минут | Раунд-робин тәсілі арқылы сабақты жинақтап,сөйлем құрас тыуға нұсқау береді және оларға қолдау көрсетеді. | Әрбір оқушы бір сөзбен бірін-бірі қайталамай бүгінгі сабақтан не түсінгендерін бір сөзбен айтып шығады. | Жеке жұмыс
| ||||||||||||
Сергіту сәті: | 5 минут | Пихологиялық тренинг жүргізеді. | Оқушылар берілген психологиялық жаттығуларды орындайды | Топтық жұмыс
| ||||||||||||
ІҮ. Бағалау Кері байланыс | 3 минут | Оқушыларға таратылып берілген бағалау бетшесіндегі жинаған ұпай санына қарай бағалау, жиынтық бағалау, рефлекция.
| Әр оқушы өзін-өзі бағалайды, мұғаліммен келісе отырып, ортақ бағасын қояды, бүгінгі сабақтың өтілуі туралы өз ойларын стикерге жазып, тақтаға әр смайликтің тұсына іледі. | Топтық және жеке жұмыс
| ||||||||||||
Ү. Үйге тапсырма : | 2 минут | §55. оқу | Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. | Жеке жұмыс
|
Түпқараған ауданы
Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы
Биология пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі
Атшыбаева Күләш