Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары.

Сабақтың  тақырыбы:  Балықтардың кәсіптік маңызы.Кәсіптік балықтардың негізгі топтары.

Мақсаты:

а) білімділік: оқушылардың балықтар класы бойынша алған білімдерін саралай отырып бір жүйеге келтіру, балықтарға тән белгілерді оқып үйренуге жағдай жасау.

б) дамытушылық : оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, кітапқа деген қызығушылығын дамыту, шеміршекті балықтармен сүйекті балықтарды бірінен- бірін ажырата білуге үйрету, тақырыбтағы негізгі ұғымды тауып, сызба нұсқаны толтыруға машықтандыру, білімін нақтылау және қисынды ойлануын дамыту.

в) тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға еңбектенуге, өзара білімдерін тексекріп бағалауға, балықтарды қорғай білуге, адамгершілік пен ұжымдық қарым- қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім тексеру сабағы

Сабақтың түрі: топтық жарыс сабақ

Әдістері: СТО технологиясы, демонстациялау, тест. СД- диск.

Көрнекілігі: интерактивті тақта,тірек сызбалар,кестелер,плакаттар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу,сабаққа дайындығын тексеру,оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.Ой қозғау. Миға шабуыл.

2.Тест сұрақтары.

3.Балықтың ішкі құрылысы.

III.Жаңа сабақ .

Балықтардың кәсіптік маңызы.Кәсіптік балықтардың негізгі топтары.

IV.Жаңа сабақты бекіту.

1.Кестені толтыр.

2.Венн диаграммасы.

V.Үй тапсырмасы.

VI.Бағалау.

                         II.1. Ой қозғау.   Миға шабуыл

                                           I-топқа

1.Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы қалай аталады.

2.Омыртқалылардың неше класы бар.

3.Балықтардың өзі қандай класқа жіктеледі.

4.Балықтардың тыныс алу мүшесі не.

5.Балықтар қайда тіршілік етеді.

 

                                          II-топқа

1.Акула қай кластың өкілі.

2.Балықтың денесі қалай бөлінеді.

3.Омыртқалылар дене температурасына қарай қалай бөлінеді.

4.Акуланың зәр шығаруы неден тұрады.

5.Сүйекті балықтардағы ерекше мүш

                                        III-топқа.

1.Желілердің қан айналым жүйесі.

2.Желбезек саңылаулары орналасқан мүше.

3.Жақ сүйексіздер омыртқалылар класы.

4.Балықтарды зерттейтін ғылым саласы.

5.Қазақстандағы «Қылыл кітапқа» алынған балық.

                                       IV-топқа.

1.Қара уылдырық алынатын балық.

2.Ерте замандардан бері сақталып келе жатқан балық.

3.Жайық өзенінде мекендейтін балық.

4.Шеміршекті балықтардың түр саны.

5.Торсылдақтың атқаратын қызметі.

  1. Тест сұрақтары.

1.Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы.

А) Мамология             ә)Герпентология               б)Ихтиология       в)Гельментология

2.Желбезек саңылаулары 5-7 болатын балықтар.

А)Сүйекті балық           ә)Шеміршекті балық        б)Шортан               в)Сазан

3.Иіс сезу мүшесі жақсы дамыған.

А)Акула                            ә)Скат                                б)Аратұмсық         в)Аққайран

4.Қызыл кітапқа енгізілген сүйекті балық.

А)Іле шармайы                  ә)Балхаш алабұғасы.        б)Бекіре                в)Еділ майшабағы.

5.Балықтың бүйір сызығы қандай қызмет атқарады.

А)Судың жылылығы           ә)Судың тұздылығы.     б)Су ағысының күші,бағыты,тербелісі

в)Судың қышқылдығы.

6.Балық торсылдағы қандай қызмет атқарады.

А)Жауыннан қорғау            ә)Дене салмағын өзгертіп,судың түрлі қабаттарына өту

б)Жауыннан жасырыну        в)Судың ағысына өту.

7.Балық қайда көбейеді.

А)Құрылықта                  ә)Суда,құрылықта             б)Тек сулы ортада      в)Екеуі де емес

8.Сүйекті балықтардың қанша түрі бар.

А)20мыңнан астам           ә)10мыңнан астам           б)30мыңнан астам        в)40мың.

9.Сүйекті балықтарда алғаш пайда болған зәр шығару мүшесі.

А)Бүйрек                            ә)Несепағар                  б)Қуық                  в)Клоака

10.Балықтардың көбеюі қандай сатылардан тұрады.  

 А)Уылдырық-балақ           ә)уылдырық-дернәсіл       б)дернәсіл-балық  в)уылдырық-дернәсіл-шабақ.

11.Тұқы тәріздестер  отрядының өкілі.

А)Акула,сауытбалық           ә)Қаракөз,ақмарқа,табан      б)Бекіре.албырт,қортпа        в)Құнысбалық,майшабақ,килька.

12.Су түбінде өмір сүретін балықтың қандай дене мүшесі болмайды.

А)Жүрег,қан тамырлары       ә)торсылдағы                б)Өкпе,желбезек       в)Жұтқыншақ,өңеш

 

13.Қара уылдырық алынатын балықтар.

А) албырт тәріздестер ә) бекіре тәріздестер б) майшабақтар

в) саусақ қанатты

  1. Дене температурасы тұрақты жануарлар тобының атауы

а) қаны бар жануар  ә) салқынқанды жануар б) жылықанды жануар

в) жылысүйгіш жануар

  1. Ұрығының дамуында арнайы қабықтар түзелмейтін омыртқалар тобы.

а) қағанақсыз ә) қағанақтылар б) құстар в) сүтқоректілер