Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлемі»
Сыныптан тыс іс-шара «Биология әлемі»
Күн,20.10.2014ж
8сыныптар
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру
Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. «Биология әлеміне саяхат» атты саыс сабағымызға қош келдіңіздер.
Біздің бүгінгі сайысымыз ІІ-топтаң, V-кезеңнен тұрады.
І-топ «Табиғат»
ІІ-топ «Өсімдік»
І-кезең «Бәйге»
ІІ-кезең «Ойлы болсаң – озып көр»
ІІІ-кезең «Ойлап тап»
ІV-кезең «Заттын иісін анықта»
V-кезең «Дыбыс»
І-кезең «Бәйге»
Бұл кезеңде әр топқа сұрақ қойылады. Сұраққа топ бойынша жауап береді.
- Алғаш жасушаны көрген ғалым (Роберт Гук)
- Микроскоптың көзбен көруге арналған бөлігі (Окуляр)
- Жасушаның көбеюіне қатысатын бөлігі (Ядро)
- Ұрықтан дамитын тамыр (негізгі тамыр)
- Микроскоптың жарық түсіретін бөлігі (Айна)
- Жасуша ішіндегі сұйықтықты реттеп отыратын бөлігі (Вакуоль)
- Өсімдіктің ұзарып өсуін қамтамасыз ететін ұлпа (Түзуші)
- Негізгі тамыр өте жақсы жетілген тамыр жүйесі (Кіндік тамыр жүйесі)
- Өркеннің бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі (Буын)
- Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым (Микология)
- Ұша алмайтын құс (Пингвин)
- Тері ауруларын зерттейтін ғылым (Дерматолог)
- Заттың түсіңн ажырата алмайтын ауру (Дальтонизм)
- Қан беруші адам (Донор)
- Ересек адамда неше тіс болады (32)
- Жүректі зерттейтін ғылым (Кардиология)
- Ең үлкен құс (Страус)
- Тісті емдейтін дәрігер (Стоматология)
- Қаназдық ауруы (Анемия)
- Қоян жылына неше рет балалайды (3-4)
- Кенгуру неше метрге секіре алады (Он)
- Бір жылда екі рет төлдейді (Ешкі)
- Адамға ең жақын жүретін және бірге тұратын жануарлар (ит мысық(
- Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері (Аталық, аналық)
- Бидайдың жемісі қалай аталады (Дәнек)
ІІ-кезең «Ойлы болсаң – озып көр»
Бұл кезеңде әр топқа жұмбақ жасырылады. Егер бір топ жауап бермесе, екінші топ жауап береді.
- Дәмі де жоқ, түсі де жоқ,
Пайдаланбас кісі де жоқ. Су
Отқа жанбас, суға батпас. Мұз
- Жерге қазық қақтым,
Басына айдар тақтым. Сәбіз
- Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады. Пияз
- Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады. Аяз
- Үй үстінде алтын тас,
Алайын десен табылмас. Жұлдыз
- Жылт жылт етеді,
Жылғыдан етеді. Су
- Екі ағайынды, екеуі де бір үйде
Бірін-бірі көрмейді. Көз
- 8. Күннің нұрын сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Моншағым жоқ мойнымда,
Үлкен қапақ киемін. Күнбағыс
ІІІ-кезең «Ойлап тап»
Бұл кезеңде ойыншыларымыз жасырылған сөзді тауып, сол сөзді жазу керек.
- 2 адам шахматта 2 сағаттан ойнаса,1 адам неше сағат ойнайды. (2 сағат)
- Арақ ішіп, …. шеккен,
Денсаулықтың түбіне жеткен (Темекі)
- … – улы зат (Есірткі)
- … – денсаулық кепілі (Тазалық)
- Денсаулы — … негізі (Байлық)
IV-кезең «Заттың иісін анықта»
Бұл кезеңде әр топтан бір оқушыдан ортаға шығып, көзін байлап иіс сезім арқылы, қандай жеміс-жидектің екенін анықтау.
V-кезең «Дыбыс»
Бұл кезеңде әр топтан екі оқушы ортаға шығады. Екі оқушыға әр топтан бір бала көзін байлап отырғызу. Тұрған оқушыға банан , алма беріп, олар тістеп жейді. Көздері байланған оқушылар ненің дыбысы екенің біліп айту керек.