Трек-қимыл жүйесі тарауына құралған қорытынды сабақ.

Трек-қимыл жүйесі тарауына құралған қорытынды сабақ.

Оқыта – үйрету ойыны – «Сынып лидері»

 

Мақсаты: Оқушыларға жеке бөліктерін, сүйектің құрамы мен қасиетін, трек-қимыл жүйесінің маңызы, сүйектердің байланысуын, бұлшық еттерінің жұмыс істеу қасиетін, қозғалыс пен дене шынықтырудың денсаулық үшін маңызын терең түсіндіру.

Түрі: ойын

Типі: қайталау

Әдісі: сұрақ – жауап, ойын элементтері, қарама-қарсы элементтер стратегиясы

Құрал-жабдықтар: 30, 40, 50 сандар жазылған үлестірмелер, плакаттар, бағалау жетондары

(сары – 10 ұпай, көк – 20 ұпай, жасыл – 30 ұпай).

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үйтапсырмасын пысықтау
  3. Бәйге І кезең
  4. Ғажайып ғылымдар ІІ кезең
  5. Жорға ІІІ кезең
  6. Қорытындылау
  7. Үйге тапсырма
  8. Бағалау

І кезең 10 ұпай

 

  1. Адамның денесі қанша сүйектен тұрады? (200-ден аса)
  2. Ересек адамның омыртқа жотасы қанша жерден иеленді? (4 жерден)
  3. Омыртқаның құрылысы қандай бөліктерден тұрады? (омыртқа өзегі, өсіндісі, омыртқа денесі)
  4. Бас сүйектің ми сауыты қандай бөліктерден тұрады? (маңдай, төбе, шүйде, самай)
  5. Аз қимылдайтын буындарды атаңыз? (омыртқа жотасы)
  6. Қимылсыз байланыс (бас сүйекте, жамбас сүйекте)
  7. Қозғалмалы байланыс (тізе, шынтақ, саусақ)
  8. Адам ағзасындағы ең күшті бұлшық ет (ауыз)
  9. Адамның қаңқасы неше жасқа дейін толық қалыптасады (25)
  10. Кеуде қуысының қаңқасын неше арқа омыртқасы құрайды (12)

 

ІІ кезең. «Ғажайып ғалымдар» 20 ұпай

 

Химия: Ағзаға өте қажетті бейорганикалық зат? (Су)

Биология: Иық белдеуіне қандай сүйектер жатады? (2 бұғана, 2 жауырын)

Қазақ тіл: Қаңқаның синонимы

Валеология: Сүйектердің құрамына қандай заттардың жетіспеуі сүйекке сыңғыш қасиет

береді (минералды)

Математика: Бас қабырғалар жұбы қанша? (2)

Экология: Сымбат дегеніміз не? (қалыпты жағдайда және жұмыс кезінде адамның

күнделікті әдетпен өз денесін ұстай білу).

ІІІ кезең «Жорға» (сұрақ — жауап)

 

1.Сандар 20, 30, 50.

  1. Сүйек 20, 30, 50.
  2. Химиялық құрамы 20, 30, 50.

 

№1 Сандар

 

  1. Тұлғаның негізгі тірегі омыртқа жотасы неше сүйектен тұрады? (33 — 34) 20 ұпай
  2. Бел омыртқа саны (5) 30 ұпай
  3. Мойын омыртқа (7) 40 ұпай
  4. Қабырғалар саны (12 жұп) 50 ұпай

 

№2 Сүйек

 

  1. Сүйектер қандай ұлпадан түзіледі? (тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпаларынан) 20 ұпай
  2. Аяқ сүйектеріне жататын сүйектер (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толорсок, табан, башпай сүйектері) 30 ұпай
  3. Қол сүйектеріне жататын сүйектер (тоқпан жілік, кәрі жілік, шынтақ сүйегі, қолбасы сүйектері) 40 ұпай
  4. Омыртқаның – бүйір жаққа қисаюы (сколиоз) 50 ұпай

 

№3 Химиялық құрамы

 

  1. Сүйек құрамындағы органикалық заттар (иілгіштік, серпімділік қасиет береді) 20 ұпай
  2. Сүйек құрамындағы бейорганикалық заттар (сүйекке мықтылық қасиет береді) 30 ұпай
  3. Сүйектің құрамындағы су мөлшері (50%) 40 ұпай
  4. Сүйектің құрамындағы майдың мөлшері (15,7%) 50 ұпай

 

             6.Қорытындылау

 

  1. Адамның қаңқасы неше жасқа дейін өседі? А) 24-25 Ә) 25-26 Б) 21-22
  2. Сүйектің дамуына қарай дәрумендер көмектеседі? А) д Ә) с  Б) в
  3. Қарт адамның сүйегінде қандай заттар көп болады? А) органикалық  Ә) минералды  Б) химиялық
  4. Адамда неше қабырға болады? А) 20  Ә) 25  Б) 24
  5. Жамбасқа жалғанатын жілік: А) кәрі жілік  Ә) ортан жілік   Б)  асықты жілік
  6. Неше тіс ұясы болады? А) 32 Ә)  30  Б)  36

 

  1. Үйге тапсырма

 

  1. Бағалау, ұпайы төмен оқушылармен қоштасып, ортаға ұпайы жоғары және жеңіске жеткен оқушылар шақырылып, марапатталады.