Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері
Кожамжарова Айсара Бахытовна
№9 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы
«Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері»
Коучинг сессия жоспары
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімнің іс – әрекеті
Сабақ тақырыбы | Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері
| |||
Жалпы мақсаты | Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын да меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қызметін арттыру. | |||
Күтілетін нәтиже | Оқу үрдісінде жаңа тәсілдерді қолданудың нәтижесінде сабақ беру әдісі өзгереді. Оқушылар үнемі ізденіс үстінде болады. Мұғалімдер проблемалық оқыту тәсілін жетік меңгереді, ойын еркін жеткізу, ынтымақтастықты дамытады. Сабақ беру әдісін өзгертеді. | |||
Түйінді идеялар | 1) Оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру 2) Топпен, жұппен, жеке жұмысқа жұмылдыру | |||
Оқыту әдістері: | Жаңа әдіс-тәсілдер 1. Диалог АКТ 2. Жеке жұмыс СТО 3. Жұптық жұмыс 4. Топтық жұмыс | |||
Әдебиет | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Интернет материалдары. Асхат Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО да қолдану мәселелері» Алматы-2013 | |||
Уақыты | Коучтің әрекеті | Мұғалімдердің әрекеті | Ресурстар | |
Психологиялық ахуал құру 3 минут
| Мұғалімдер екі қолына да қаламсап алып, бір мезгілде екі қолымен мынадай әрекеттер жасайды: 1. Оң қолымен бес үшбұрыш, ал сол қолымен бес төртбұрыш салады; 2. Оң қолымен бес шеңбер, ал сол қолымен бес үшбұрыш салады; 3 Оң қолымен өзінің есімін, ал сол қолымен фамилиясын жазады. Мқғалімдерге салғандары мен жазғандарының олқы шыққандығына назар аудармауларын айтамын. Мұнда ең бастысы – жазудың өзі сол себепті де тоқтамай, әрекеттене беру керек. Бұл ойсергектің мақсаты миымыздың оң және сол жақ бөліктерін жұмысқа жұмылдыр. | Мұғалімдер орындарынан тұрып, қолдарына қалам алып айтқан әрекеттерді жасайды. | Қаламсап | |
Топқа бөлу 2 мин | Топқа бөлу. Түрлі түсті қағаздар арқылы. Осы қағаздардан үшатын бір зат жасау, сосын қызылдар, сарылар, көктер, жасылдар жеке-жеке топ болып отырады. | Өздеріне ұнаған түстерді алу, одан ұшатын зат жасау, алған түсі бойынша топқа бірігіп отыру. | Түрлі түсті қағаздар | |
Қызығушылықты ояту | Топта жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Шағын топтарда жұмыс істеу артықшылықтарын түсіндіру және негіздеу. Топтық жұмысты ұйымдастыру әдістемесін талқылау | |||
Мағынаны тани білу 5 минут | Тақырыпты ашу ретінде сұрақ қою «Адамның ойын дамытатын факторлар» | Сұрақ-жауап әдістеріне жауап беру
| Интерактивті тақта
| |
Тапсырма 15 минут
| Сұрақ жауаптан кейін мұғалімдерге мәтін тарату «Күздің жануарлар ағзасына әсері». Бұл мәтінде проблемалық сұрақ берілген, осы сұрақты шешу | Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы топпен орындау | Мәтін | |
Кедергілер 3 минут | Қандай кедергілерге тап болғаның сұрау | Қандай кедергілерге тап болғаның айтып кету | ||
Мағынаны тани білу 20 минут | Оқытудың проблемалық оқыту тәсілдері жөнінде айтып, тақырыпты аша түсемін. Проблемалық оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі. — Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады; — Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады; — Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді; — Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді. FILA кестесі туралы айтып кету | Берілген мәтіндегі проблемалық сұрақты FILA кестесіне салып шешеді | ||
Тапсырма 20 минут
| Екінші тапсырма мұғалімдердің ойлау қабілетін арттыру, проблемалық сұрақ қоя білуге жетелеу. Әр топқа «проблемалық жағдаят құру» тапсырмасын беру. | Уақытты үнемдеу. Берілген тапсырманы орындау. Ойларын отртаға салу.
| Флипчарт, фломастер, | |
Сергіту сәті 3 минут | ||||
Қорғау 5 минут
| Әр топ орындаған тапмырмаларын қорғайды | |||
Бағалау 3 минут | Формативті түрде бағалау | |||
Қорытынды 7 минут | Сабақ соңында әріптестерге кері байланыс сұрақтарға жауап беру. 1. Сіздерге сабақ ұнады ма? 2. Проблемалық оқыту дегеніміз не ? 3. Күнделікті сабақта проблемалық оқытуды қолдану тиімді ме? Неге? 4. Сіз сабақта енді қолданасыз ба? Қалай ? | Сұрақтарға жауап береді
| ||
Рефлексия 3 минут | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін кері ьайланыс парағын тарату | Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу | Стикерлер |