Негізгі генетикалық ұғым. Мендель заңы және оның тәжірибелері.

Балиева Тұрсынгүл,

ШҚО облысы,Абай ауданы,

Тоқтамыс ауылының Ж. Молдағалиев

атындағы орта мектебінің химия- биология

пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Негізгі генетикалық ұғым.Мендель заңы және оның тәжірибелері.

Білімділік: Генетикалық ғылымның шығуы және дамуы, генетикалық терминдермен және символдармен таныстыру,моногибридті, дигибридті будандастыру туралы түсініктер беру.

Тәрбиелік:Салауатты өмір салтын қалыптастыру,тазалыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:Генетика негіздері туралы білімдерін тереңдете отырып ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі:Кесте,сызба нұсқалар, суреттер.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Түрі: Қорыта қорғау сабағы.

Сабақтың барысы.

І  Ұйымдастыру.

ІІ Теориялық бөлім 

  1. Генетика негіздері.

Генетика- тірі организмдердің тұқым қуалаушылық және өзгергіштік  қасиетін зерттейтін ғылым.Тұқым қуалаушылық және өзгергіштік бұл барлық тірі организмдерге тән қасиет.

Генетика ғылымының даму кезеңдері.Генетиканың даму тарихын зерттеушілер үш кезеңге  бөледі.

Бірінші кезең – 1900-1910 жылға дейін

Екінші кезең – 1911- 1953 жылға дейін

Үшінші кезең – 1953 жылдан қазірге дейін

Генетиканың маңызы өте зор. Оның нәтижелері білімнің көптеген   саласында қолданылады. Қазіргі сұрыптауды генетикалық заңдылықтардың жәрдемінсіз іске асыру мүмкін емес. Генетика қазіргі кездегі барлық сұрыптауға арналған зерттеулердің теориялық негізгі болып табылады. Генетика ғылымы даму тарихының басқа биология ғылымдарының дамуымен салыстырғанда өз ерекшелігі бар. Бұл ғылымның негізгі заңдарын ашқан физика пәнінің мұғалімі Брно қаласындағы Августин шіркеуінің қызметкері чех Иоганн Грегор Мендель болды.Мендель өзінің 8 жыл бойы жүргізген тәжрибелерінің нәтижелерін, Брно қаласындағы табиғатты зерттеушілер қоғамның отрысында баяндады, ол еңбегң осы қоғамның ғылыми хаттарында 1865 жылы басылып шықты.

  1. Генетикалық символдар мен терминдер.

Тұқым қуалаушылықтың негізінде бір түрге жататын организмдер өздеріне ұқсас ұрпақтар қалдырып отырады. Осыған байланысты тұқым қуалау деп организмдердің көбею кезінде белгілері мен қасиеттерін және даму ерекшеліктерін ұрпаққа беруін айтады.Белгілердің көрінуі неге байланысты? Олай болатын себебі, ата-аналық белгілер ұрпақтарына гендер арқылы беріліп, түрлі белгілер, түрлі белгілер нәтижесінде көрінеді.

Қызметіне қарай гендер 2 түрге бөлінеді: құрылымдық және реттеуші.

Жасушаның бөлінуі кезінде ДНҚ молекуласы хромосомаға ширатылатындықтан, хромосоманың қасиеттері мен белгілерін бақылайтын гендерді құрылымдық, ал олардың сыртқы ортада көрінуін қамтамасыз ететін гендерді реттеуші деп атайды.

Тұқым қуалайтын гендердің жиынтығын генотип дейді, ал фенотип дегеніміз-  тұқым қуалайтын гендердің сыртқы ортада көрінуі.

Символдар. Г.Мендель организмдерді будандастыру барысын сипаттау үшін символдарды пайдаланды.

Будандастыруды ж/е оның нәтижелерін сызбанұсқа түрінде жазу үшін төмендегі белгілер қолданады:

Р – ата-ана (лат. раrental — ата-ана)

Ғ – ұрпақ (лат. Filia-ұрпақ)

Ғ1 – бірінші ұрпақ, яғни олар Р-ның ұрпағы.

Ғ2 – реті бойынша екінші ұрпақ, яғни олар

Ғ1-дің ұрпақтары.

♀ — аналық жынысы

— аталық жынысы

Χ – шағылыстыру белгісі

: — ұрпақтардың фенотиптері н/е генотиптері б/ша ажыраудың сандық арақатынасы.

  1. Тұқым қуалаудың заңдылықтары. Будандастырудың типтері.

Гентика ғылымының негізін салушы Иоганн Грегор Мендель алған рет генетикалық талдау әдіс қолданып,тұқым қуалаушылықтың заңдарын ашты.

Моногибритті будандастыру.Гибридологиялық талдауда будандастырудың ең қарапайым түрі- моногибридтік будандастыру қолданылады. Бір-бірінен бір жұп белгілері бойынша айрмашылығы бар ата-аналар дараларын будандастыруды моногибридтік будандастыру деп тайды.Бұл будандастыруда аллельдік  гендерге байланысты тек бір ғана  белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары зерттеледі.

  1. Белгілердің ажырау заңы

Бірінші ұрпақ будан өсімдіктерін өздігінен тозаңдандыру арқылы, екінші ұрпақ будандарын алады. Екінші ұрпақ өсімдіктерінің біреулерінің гүлдері қан қызыл, екіншілеріңкі ақ болады немесе екінші ұрпаққа доминантты белгілері бар өсімдіктермен қатар рецессивті белгілері бар өсімдіктер де кездеседі.Екінші ұрпақта ата-аналарының екеуіне тән белгілердің көрініс беру заңдылығын  белгілердің ажырау заңы немесе Мендельдің екінші заңы  деп атайды.

  1. Гаметалар тазалық ережесі.

Г. Мендель 1-ші ж/е 2-ші заңының мәнісін ашу үшін гаметалар тазалығының ережесін ұсынды. Белгілердің ажырау заңына сәйкес 2-ші ұрпақта доминантты белгілермен қатар 1/4 бөлігі рецессивті белгінің фенотипі көрінеді. Бұл рецессивті гендер анықтайтын белгілердің Ғ1 ұрпақта, гетерозигота жағдайында жойылмай, өзгермей сақталатынын көрсетеді. Олай болса, гетерозиготалы (Аа) организмдегі аллельді гендер, еш уақытта бір-бірімен қосылмайды және өзара әрекеттеспейді. Мендель бұл құбылысты гаметалар тазалығының ережесі деп атайды.

 Талдаушы будандастыру деп- 1-ші ұрпақ буданын рецессивті гомозиготалы аталығымен будандастыруды айтады. Талдаушы будандастыру арқылы шыққан тегі белгісіз организмнің генотипін тексеріп анықтайды.

Кейде селекциялық жұмыстарда белгілердің тұқым қуалауын талдау үшін 1-ші ұрпақ буданын гомозиготалы ата-анасымен будандастыруды қайыра будандастыру немесе бекросс деп атайды. Алынған ұрпақты Ғв деп белгілейді.

  1. Дигибридті будандастыру.

Дигибридті будандастыру моногибридті будандастыруға қарағанда күрделірек болады. Бұл будандастыру қарама-қарсы екі жұп блгілердің бір уақытта тұқым қуалауын зерттейді. Екі жұп белгілердің бойынша айырмасы бар дараларды будандастыруды дигибридті будандастыру  деп атайды.

Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау  заңы- дигибридті және үшгибридті будандастырудан алынған ұрпақтарды зерттеу негізінде ашылды».

ІІІ Практикалық бөлім.

Тұқымның айырымдық белгілерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: үлестірме материал, егістік асбұршақтың тұқымдары, үрмебұршақтың 3-5 іріктемесінің тұқымдары.

Мақсаты: Мендель зерттеген зерзат ретінде асбұршақта да бар болғаны екі жұп баламалы белгілердің болуына және үрмебұршақта көбірек мөлшерде баламалы  беогілердің болуына көз жеткізу.

Жұмыс барысы:

  1. Асбұршақтың тұқымдарын зер сала қарау: кестені толықтыру:

 

Түсі
Пішіні
  1. Егістік асбұршақта бар болғаны екі жұп белгілердің болуы Мендель тәжірибелерінің табыстарына қалай ықпал қорытынды жасау.
  2. Үрмебұршақтың әр алуан іріктемелерінің тұқымдарына зер сала қарау, кестені толтыру:
  3. Үрмебұршақтың әр алуан іріктемелерінің тұқымдарында әр алуан белгілер болуының себебі туралы қорытынды жасау.

 

Үрмебұршақ іріктемелерінің атаулары 

Орташа мөлшері

 

Орташа массасы

Құрылыс ерекшеліктеріРең ерекшеліктері
1.

2.

3.

4.

5.

 

І V. Қорытынды

  1. Үйге тапсырма: №3 зертханалық жұмысты аяқтау