Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы.
Сабақ № | 8 | ||
Мерзімі | 26 .09 . 2014. | ||
Сыныбы | 7 « Д » | ||
Пәні | Биология | ||
Сабақтың тақырыбы | Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы. | ||
Сілтеме (дереккөздері) | 7 сынып биология оқулығы Алматы «Мектеп» 2012. | ||
Мақсаты | Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білуге жағдай қалыптастыру . | ||
Міндеттері | 1. Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктері мен табиғаттағы орны бойынша қайталау сабағы туралы білім беру,үйрету. 2.Қорытындылау,салыстыру,есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. | ||
Оқыту нәтижелері | Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктерімен, тіршілік әрекеттерімен танысады. | ||
Көрнекілігі | Қарапайымдардың суреттері,мәтін,кестелер,бағалау парағы. | ||
Әдіс- тәсілдері | Топтық жұмыс,сұрақ-жауап. | ||
Сабақта орындалатын тапсырмалар | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
2.Топтық жұмыс. | 3 мин | 1.Оқушыларды топқа бөлуді қорапшалар және кубиктер арқылы іске асыру. 2.Оқушыларға кубиктердің ұнатқан түстеріне қарап таңдап алуды ұсынады. 3.Түстеріне қарап топқа бөлінетінін айту. | 1. Оқушылар топқа бөліну үшін қорапшалардағы кубиктерді алады. 2.Түстеріне қарап таңдап алынған кубиктер бір топқа жиналады . 3.Түстеріне қарап топ құралады. |
2.Бононың алты қалпағы | 8 мин | Оқушыларға түсті тақияларды (тақияның өзінің атқаратын тапсырмасы бар) таратып тапсырмаларды орындауды ұсынады | Оқушылар тақияның түсіне қарап берілген тапсырмасын орындайды.(қызыл-эмоция, қара-жағымсыз жақтары,ақ- ақпарат, жасыл- жұмбақ ,өлеңдер, көк-қорытынды) |
3.Сәйкестендіру. | 8 мин | Қарапайымдардың суреттерін типтеріне сәйкестендіру мақсатында таратады. | Үй тапсырмасы бойынша алған білімдерін көрсетуге тырысады және сәйкестндіруді орындайды. |
4. Сергіту сәті. | 2 мин
| Сергіту сәтін ұйымдастырады. | Оқушылардың бәрі оған қатысады. |
5. Постермен жұмыс. | 18 мин | Қарапайымдардың құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік әрекеттерін,табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін постерге түсіріп, қорғауды ұсынады.
| Топтағы оқушылар өз қабілеттерін танытуға тырысып, жұмысты өз ара бөліседі, бірі сурет салады, бірі баяндауға дайындалады, бірі үйымдастырады,бірі басқа топтан ақпарат жинайды,бірі уақытты өлшейді, жазады жиналған және өздері оқып үйренгендерінен.
|
6. Тест жұмыс. | 4 мин
| Қарапайымдар туралы білімдерін тест арқылы тексеру мақсатында тест таратады. | Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін көрсетуге тырысады және тесті шешеді. |
7. Үй тапсырмасы. | 2 мин | Тақырып бойынша түсінгендерін ой қозғау ретінде эссе жазу тапсырылады және жиынтық бағалары айтылып,қойылады.
| Оқушылар үй тапсырмасын алады, өз-өздерін де бағалай алады .
|