Генотип,қоршаған орта және адам денсаулығы. Адамның тұқым қуалайтын аурулары
Сабақ тақырыбы: Генотип,қоршаған орта және адам денсаулығы. Адамның тұқым қуалайтын аурулары
Сабақтың мақсаты:Генотип,қоршаған ортаның адам денсаулығына
әсері және адамның тұқым қуалайтын аурулары
туралы түсінік беру
ә)Оқушылардың ойлау ,сөйлеу қабілеттерін және
білімдерін жүйелей алу дағдыларын дамыту
б)Оқушыларды зиянды заттарға жоламауға тәрбиелеу
Сабақ түрі : жаңа сабақ
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап
Көрнекілік:суреттер, интерактивті тақтамен жұмыс
Сабақ барысы
I.Ұйымдастыру кезең
II.Үй тапсырмасын сұрау
1.Адам генетикасының міндеті мен мақсаты неде?
2.Адам генетикасын зерттеудің қандай қиындықтары бар?
Сәйкестік тестісі
1.Генеологиялық әдіс | ә) Бұл әдіс арқылы егіз туылған балаларды бір-бірімен салыстыру арқылы кез келген жағымды белгінің немесе аурудың ,кемістіктің пайда болу себебі анықталады |
2.Цитогенетикалық әдіс | а) Бұл әдіс арқылы дене жасушасындағы хромосомалардың саны мен құрылысы зерттеледі |
3.Егіздерді салыстыру әдісі | б) Бұл әдістің көмегімен гендік мутациялар нәтижесінде пайда болған гендік ауруларды,яғни зат алмасу бұзылуының ауруларын анықтайды |
4.Биохимиялық әдіс | в) Бұл әдістің ерекшелігі –адамның ататегіне шежірелік сызбанұсқа құрылып ,оған талдау жасалады |
III.Жаңа сабақ
Тұқым қуалайтын аурулар
Хромосомалық Гендік
Хромосомалық аурулар Моногендік Полигендік
хромосома санының
немесе Моногендік аурулар Полигендік ауру-
құрылысының нақты бір геннің лар бірнеше ген-
өзгеруінен пайда болады мутацияға ұшырап, нің өзгеруінен
құрылысының және сыртқы
өзгеруіне байла- орта жағдай-
нысты п.б ларына бай-
ланысты п.б
Хромосомалық аурулар
Даун ауруы:
Бұл аурудың пайда болу себебі:аутосомалық хромосомалардың 21- жұбында артық бір хромосома болады.Хромосомалар саны 47-ге тең.Даун ауруы әйел
және ер адамдарда бірдей жиілікте кездеседі.
Клайнфельтер ауруы.Ер адамда кездесетін бұл аурудың себебі:хромосомалардың соңғы 23-жұбында артық бір жыныстық
Х-хромосома (ХХУ)болады.Дене жасушаларында хромосомалардың жалпы саны 47-ні құрайды.
Шерешевский –Тернер ауруы.Бұл ауру тек қыз балаларда кездеседі.Өйткені аутосомалық хромосомалары толық болғанымен ,әйел жынысына тән екі Х-хромосоманың біреуі болмайды.(ХО),ал хромосомалардың жалпы саны –45.
Гендік аурулар
Моногендік
Моногендік аурулардың тұқым қуалауы Мендель заңдарына
сәйкес жүреді.
Олардың көпшілігі арнайы ферменттердің жетіспеуінен
нәруыздардың ,көмірсулардың,майлардың және минералды заттар-
дың алмасуының бұзылуымен сипатталады
Жиі кездесетіндері:фенилкетонурия,альбинизм,галактоземия,т.б
полигендік
Полигендік аурулардың ішінде жиі кездесетіндері :қантты диабет,шизофрения,гипертония,т.б
Полигендік аурулардың ерекшелігі:генотиптің өзгеруімен қатар адамның ауруға бейім болуына және сыртқы орта жағдайларына байланысты әртүрлі дәрежеде көрінеді
IV.Тапсырма а)анықтама
ә)сызбанұсқа
Сызбанұсқада жыныс жасушаларының түзілу процесінің бұзылуы және оның нәтижесі көрсетілген .Осы сызбанұсқаны толтырып,мынадай сұрақтарға жауап беріңдер:
1)овогенез бен сперматогенездің қайсысында бөліну бұзылған?
2)зиготалардағы хромосомалар жиынтығына қарап,қайсысында қандай хромосомалық ауру пайда болатынын анықтаңдар.
44 ХХ |
44 ХУ |
22 Х |
22У |
44Х |
44ХХУ |
Овогенез Сперматогенез
Гаметалар
Зигота
V.Сабақты қорыту .Сұрақ-жауап
1.Адам организміне зиянды әсер ететін қандай заттарды білесіңдер?
2.Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себебі неде?
3.Хромосомалық аурулар деген не?Оның түрлері қандай?
4.Даун ауруының белгісі мен себебі қандай?
5.Клайнфельтер аурының белгісі мен себебі қандай?
6.Шерешевский –Тернер ауруының белгілері мен себептері қандай?
7.Гендік аурулардың ерекшелігі қандай?
8.Гендік аурулар неше топқа бөлінеді?
9.Моногендік, полигендік аурулардың пайда болу себебі неде?
10.Қант диабеті ауруы мен оның емделу жолары қандай?
VI.Үйге тапсырма &39 оқу,119-122 бет аралығы
VII.Бағалау