Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы
Сабақтың тақырыбы: Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды Ч. Дарвиннің қолдан сұрыптау туралы ілімдерімен таныстыру.
2. Тіршіліктің жалпы заңдылықтары және даму тарихы туралы дүние танымын арттыру.
3. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі: Ұжымдық ойлау.
Сабақтың пән аралық байланысы: Тарих. әдебиет.
Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап, баяндау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Үйге тапсырма беру.
VІ. Бағалау.
І. Амандасу, оқушыларды түгелдеу, сабақ мақсатымен танысу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау §9
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Ч. Дарвин сұрыптауға ерекше көңіл бөліп, оның түрлері мен себептерін толық зерттеді. Жануарлардың қолтұқымдары мен өсімдіктердің іріктемелерін шығаруда, олардың ерекше бір қасиетімен өзгеріс белгілеріне қарайды. Мысалы, қауын мен қарбызды зерттеуде тек жеміс сапасын арттыру мақсаты көзделеді. Сәбіз бен қызылша өсімдіктерінің тек тәтті жемтамыры бағаланады. Ч. Дарвин қолдан сұрыптау деп атаған.
Табиғаттағы өзгергіштік өсімдіктер мен жануарлардың барлық мүшелерін өзгеріске ұшыратады. Ал қолдан сұрыптауда шығарылған іріктемелер мен қолтұқымдардың адамға пайдалы, тиімді мүшелері ғана өзгертіледі.
Ч. Дарвин ауыл шаруашылығы практикасында организмдердің жаңа формалары (жануарлардың қолтұқымдары мен есімдіктердің іріктемелері) қалай шығарылатынын зерттеді. Содан соң табиғатта қандай себеп шарттардың әсерінен жаңа түрлердің пайда болатынын талдауға кірісті. Адамның қолдан сұрыптауы мен табиғатта болатын табиғи сұрыпталудың арасында үлкен айырмашылық бар екендігін ажырата білді. Нәтижесінде, Ч. Дарвин қолдан сұрыптау және табиғи сұрыпталу ілімінің негізін салды.
Дарвин 1868 жылы шыққан «Үй хайуанаттары және мәдени өсімдіктердің өзгеруі» деген еңбегінде қолтұқымдардың шығуын және көптүрлілігін толық сипаттады. ірі қаранын 400 — ге жуық қолтұқымдарын зерттеді. қолтұқымдар бір — бірінен бас сүйегі дене пішіні, реңі, қаңқасы мен бұлшық еттерінің дамуы, мүйіздерінің пішіндері арқылы ажыратылады. Осындай көп айырмашылықтарына қарамастан қолдан сұрыптау арқылы шығарылған қолтұқымдар мен іріктемелердің жабайы тегі болатынын атап көрсетті. «Түр тұрақты, өзгермейді» деп санағандар «әрбір іріктеме мен қолтұқымның өзіне тән жабайы тегі болады» деп есептеді. Мұндай теріс көзқарасқа Дарвин қарсы шығып, көптеген мысалдар келтірді.
Мысалы, тауықтардың барлық қолтұқымдарынын тегі — жабайы банкив тауығы; үй үйректерінің жабайы тегі — барылдауық үйрек; үй қояндарыныкі — жабайы еуропалық қоян екендігін дәлелдеді Мүйізді ірі қараның тегі — жабайы еуропалық тур, иттің тегі — қасқыр деп көрсетті.
Қолдан сұрыптаудың мысалдары. Ч. Дарвин 1862 жылы Лондонда Бүкіл дүниежүзілік ауыл шаруашылығы көрмесінен майор, Галлеттің шығарған көп масақты бидай іріктемесін көреді. жаңа іріктеменің бастамасы ретінде масағы ірілерінен бірнешеуін тандап алады. 87 дәнекті санап алып, оны жеке үлескіге себеді. Бұдан 10 масақты бидай алған; келесі жылы 17 масақты, 39 масақты өсімдік алынған. Жыл сайын тұқымдыққа ең көп масақтылары сұрыпталып қалдырылған. Галлет ең соңында, көп масақты бидай іріктемесін 6 жылда шығарған. Тек өсімдік шаруашылығында емес, мал шаруашылығына да сұрыптау жұмыстары қолданылған.. Селекционер шығарған қырыққабаттың (капуста) 6 түрлі іріктемелерінің сырт пішіндері мен жапырақтары бір — біріне ұқсамайды.
Кептердің жабайы тегі мен қолтұқымдары:
1 — жабайы жартас кептері;
2 — якобинец;
3 — тауыс — кептер;
4 — үлкен жемсаулы (дутыш) кептер;
5 — сабалақ қауырсынды кептер;
6 — турман
Қорытынды. Қолдан сұрыптаудың нәтижесінде адам тек өз қажетіне жарайтын пайдалы қолтұқымдар мен іріктемелерді шығарады. Жаңа іріктемелер мен қолтұқымдарды шығару жұмысында организмдер белгілерінің өзгеруін негізге алады.
Қолдан сұрыптау тиімді болу үшін даралар саны көбірек алынып, олардың арасынан таңдау жұмыстары жүргізіледі.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрыптау нәтижесі берілген өсімдіктердің қай мүшесін өзгертеді? әр мүшесінің тұсына «+-» белгісін қойып белгілеңдер
————— Тамыры —— Түйтегі —- Сабағы —- Жапырағы —- Жемісі —- Тұқымы
1. Пияз
2. Картоп
3. Қызанақ
4. Қаракат
5. Қарбыз.
6. Көкнәр
7. Сәбіз
8. Қырыққабат
9. Бұршақ
V. Үйге тапсырма беру.
Ч. Дарвин анықтаған өзгергіштіктерді қалай түсінгендеріңді кестеге қысқаша жазып толтырыңдар.
Айқын өзгергіштіктің себептері мысалдары
Айқын емес өзгергіштіктің себептері мысалдары
VІ. Бағалау.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар!