Балықтар әлемі

Сабақтың тақырыбы :        Балықтар әлемі

Сабақтың мақсаты :    1. Оқушылардың алған білімдерін қортындылау

мақсатында  сүйекті және шеміршекті балықтың

түрлерін естеріне түсіріп, білімдерін қалыптастыру.

  1. Балықтардың тіршілігі,кәсіптік маңызы,құрлысына

тоқталып ,дамыта оқыту.

  1. Сабақта  экологиялық , экономикалық тәрбие беріп,

балық байлығын қорғау.

Сабақтың түрі :            Сайыс сабақ

Сабақтың әдісі :          Баяндау,ойландыру,дидактикалық әдістер

Көрнекілігі :               Сипаттайтын  балықтардың  суреті,нақыл сөздер ,кесте

жұмбақ,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс :   география,экология,әдебиет

 

Алған білімдерін  қортындылап ,сарапқа салу үшін білім сайысына қатысамыз. Сынып  екі топқа  бөлінеді.  Шеміршекті    және сүйекті.  Сабақта  сегіз тапсырма  орындалады.

1-тапсырма .   Екі  команда бір-бірімен танысады. Ұраны айтылады.

Акула командасы :   Білген сайын келеді  біле бергім,

Біле беру  емес  пе  тілегі елдің.

Капитан :   Өзен көлдің патшасы – Акула  балық

Қорегі – тышқан ,бақа және балық.

Жемтігін  су  айдынынан  ұстап алып,

Қылғытып  шайнамай-ақ  жұтады анық.

Мекенінде  жыртқыш жоқ одан өткен,

Сондықтан ұзақ  өмір сүреді өктем.

Бекіре : командасы :   Туған жерді сүю парыз,

Сүю  үшін білу парыз.

Капитан :    Ежелден сұлу мүсін –Бекіре балық

Алады одан қара уылдырық

Уылдырығы құнды, әрі дәмді етті…

Өте  ертеден келеді тіршілік етіп,

Лай ,тұнба  астынана  қазып-қазып,

Тұмсығымен  өз  жемін  жейді тауып,ырық.

 

  1. Тапсырма . Тақтаға жазылған сұрақтар бойынша эстафеталық жарыс.

 

  СұрақтарШеміршекті  балықтарСүйекті  балықтар
1Денесі (пішіні)
2Жамылғысы (терісі)
3Жүзбе қанаттары
4Желбезегі
5Торсылдағы
6Бүйір сызығы
7Көбеюі
8Түрлері

 

 

 

 

 

3 . Тапсырма . Биологиялық   жұмбақтарды  шешу.

1.Көздері бар ,қабағы жоқ,                             2. Пайдаланып   тұрғанда

Әсте кірпік қақапайды                                       Тастайсың суға лақтырып.

Ол қай жәндік суға салсақ                                 Пайдаланып болған соң,

Тұншықпайды, батпайды.                                Арқалайсың  сорғытып.

                                       (балық)                                                          (ау)

  1. Желілер ішінде, 4. Қай мүшесі балықтың,                                 

  Балықтан ғана болатын.                          Су  түбіне  батырар.

  Қандай сезім мүшесі,                                 Қанат  болса  егерде,

 Көзбен шолып табатын.                          Су бетіне  шығарар.

            (бүйір сызық)                                                    (торсылдақ)

 

  1. Тапсырма. Қармақпен балық аулау.

 

  1. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы (ихтиология)

2.Сүйекті  балықтарда алғаш қай мүше пайда болды  (қуық)

3.Аталық безден бөлінетін  сұйықтық (шоғал)

4.Шеміршекті балықтардың ми бөлігі қанша (бес бөліктен)

5.Аналық жұмыртқа жасуша не деп аталады  (уылдырық)

  1. Құйрық жүзбеқанаттардың үстіңгі қалағы астыңғысынана үлкен қай балық

(шеміршекті )

7.Балықтардың дене бөлігін ата   (бас,тұлға,құйрық)

  1. Денесін қалыпты ұстауға көмектесетін жүзбеқанаттар (арқа, аналь)
  2. Балықтар бір-бірімен не арқылы байланысады (дыбыс шығару )

10.балықтардың тыныс алу мүшесі  (желбезек)

 

  1. Тапсырма. Балықтардың ішкі құрлысымен танысу.

 Шеміршекті  және сүйекті   балықтардың  ішкі құрлысының  суреттерін  салыстыра  отырып, аттарын интерактивті  тақтаға жазу.

 

  1. Тапсырма. Балықтарды торға  жинау.

Тақтадағы  шеміршекті  және сүйекті балықтардың тұсына  барлық түрлерін жинақтау.

 

  1. Тапсырма. Вен диаграммасын пайдалану.

Балықтардың  ортақ белгілері :   суда  тіршілік етеді, желбезекпен тыныс алады, жүзбе қанаттары болады.

Шеміршекті балық : денесі  плакоитпен  қапталған, торсылдағы болмайды,іштей ұрықтанады.

Сүйекті балық : денесі қабыршақпен қапталған ,торсылдағы бар, сырттай ұрықтанады.

 

8.ББК  — кестесін  пайдаланып  сабақты  қорыту.