Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары

«Степногорскқаласыныңбілімбөлімі» ММ

«А. Косарев атындағы №9 орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

Жаңа форматтағы ашық сабақ

 

Сабақтың тақырыбы:

Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары

 

 

 

Кожамжарова Айсара Бахытовна

А. Косарев атындағы №9 орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

Степногорск  2014

Кожамжарова Айсара Бахытовна

А. Косарев атындағы №9 орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Ақмола облысы, Степногорск қаласы

 

Сабақтың тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға тамақтану гигиенасы туралы  терең түсініктер беру.
  2. Дамытушылық: Оқушының салауатты өмір дағдыларын қалыптастыру қабілетін дамыту.
  3. Тәрбиелік:Гигиена сақтауға, өз күтіміне көңіл бөлуге тәрбиелеу

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау

Көрнекілігі: слайд, суреттер, плакаттар, маркерлер

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Психологиялық ахуал. «Сәлемдесу»

Сабақ барысында оқушылар сынып ішінде ары-бері жүріп, бір-біріне қол беріп, сәлемдеседі («Ассалаумағалейкум!», «Сәлем!», «Селеметсің бе?!» «Қалайсың?!», т.б.), хал-жағдай сұрасады. Сәлемдесу кезінде оқушылар бірін-бірі мадақтап өтеді («бүгін тіпті құлпырып кетіпсін ғой!», «Мен сені шындылығың және әдептілігің үшін өте сыйлаймын!», «Сен өте әдепті жансың!» т.б.).

Сыныпты топқа бөлу.

«Жағымды сөздер»

Оқушылардан «Бүгін қандай жағымды, сөздер естідіңіздер?» деп сұрап, олардың жауаптарын тақтаға жазып қою. Жауаптардың саны топ сандарымен байланысты болады.

  • Сәлеметсіз бе?!
  • Бүгін әдемі болып кетіпсіз ғой!
  • Жұлдызың жансын!
  • Сені асыға күтемін!

Бұл сөздерді оқушылар кезектесіп бір-бірден атайды. Топ құрамдары әр оқушының қандай сөздерді айтқанына байланысты болады.

Топпен жұмысты бастамас бұрын топ мүшелерінің атқаратын жұмыстарын бөліп беру. Мысалы: баяндамашы, хатшы, уақыт белгілеуші, безендіруші, бағалаушы.

Бағалаушыға бағалау парағы беріледі. Ол өз тобының оқушыларын бағалап отырады.

Топтық жұмыс.

«Дұрыс тамақтану гигиенасы» деген кезде ойларына не түседі соны қағаз бетіне түсіріп жазындар. Оқушылар бұл жұмысты топпен атқарады.

Әр топтағы баяндамашы өз жұмыстарын қорғап шығады.

Оқулықпен жұмыс.

Оқушыларға  «Асқорыту мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдары» тақырыбын түсіндіріп беру. Осы тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар алу.

Топпен жұмыс.

Әр топқа тақырыптың мазмұнына байланысты жағдаяттар беру. Оқушылар жұппен, топпен талқылап қағаз бетіне түсіреді. Оны топтағы баяндамашы қорғап шығады.

1 топқа  «Ішекте болатын құрт аурулар»

2 топқа «Тағамнан улану»

3 топқа «Дұрыс тамақтану және денсаулық»

4 топқа «Тамақтану ережесі».

Сергіту сәтін өту.

«Ыстық орындық» ойыны.

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою. Ортаға бір оқушы шығады да, орындыққа отырады. Оқушылар өткен жаңа тақырыбымыз бойынша оқушыға сұрақ қояды. Ол оқушы сұраққа жауап береалмаса орнынан тұрады, келесі оқушы отырады.

  • Қарын мен ішектің қауіпті ауруларын ата
  • Қарын ауруларының тууына қандай ағзалар себепші болады?
  • Ауру туғызатын қандай паразит құрттарды білесін?
  • Ішек құрттарымен зақымданған аурулардың белгілерін ата
  • Ішек құрттардан қалай сақтануға болады?
  • Тағамнан уланудың белілері, оған көрсетілетін алғашқы жәрдем
  • Дұрыс тамақтану гигиенасы

Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды әр топтың бағалаушылары бағалап шығады.

Үйге тапсырма. Тәуліктік қажетті тағамның орташа мөлшері кесте сызып келу.

Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып тақтаға іледі.