Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның тәжірибелері

Сабақ жоспары (9 «Б» сыныбы)

Күні

Тақырыбы: ІV бөлім. Генетика және селекция негіздері

  • 38. Негізгі генетикалық ұғымдар. Мендель заңы және оның тәжірибелері

Мақсаты:

  • Білімділік: тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтары туралы, генетикалық негізгі ұғымдар туралы білім беру.
  • Тәрбиелік: генетиканың жанашырлары болған ғалымдардың есімдерімен таныстыру (Г.Мендель, Т.Морган, Г. де Фриз, Э.Чермак, Р.Пэннет, т.б.), олардың еңбектері мен тәжірибелерін бағалай білу.
  • Дамытушылық: генетикадан есеп шығаруға үйрету.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, жаттығу

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастырушылық кезең (2 мин.)

  1. Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың бар-жоғын белгілейді;
  2. Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау (8 мин.)

— Қазір сендердің өткен тарауды қалай меңгергендерінді білу үшін тараудың соңындағы сынақ өтем сұрақтарына жауап бересіңдер («Макроэволюция» тақырыбына арналған сынақөтем сұрақтары 177-178 бет).

ІІІ Жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин.)

Мұғалім: эволюция заманының әрі қарай дамуына байланысты генетика және селекция ғылымдары 20-30 жылдары Совет Үкіметі кезінде қайта дами бастады.

Жалпы генетика дербес ғылым ретінде биологиядан ағылшын ғалымы Бэтсонның ұсынысы бойынша 1907 жылы бөлініп шықты. Генетика деген атауды да осы ғалым ұсынған.

Ұрпақтың өз ата-тегіне тартып тууы өте ертеден белгілі болатын. Алайда ХІХ ғасырға дейін бұл құбылыс зерттелмей келді. Бұл жағдай сол кездегі биология ғылымының өте нашар дамуына байланысты еді. Бірақ, көптеген ғалымдардың тәжірибелері мен еңбектерінің арқасында генетика 1964 жылы қайта дами бастады (қосымша).

Генетика дегеніміз – белгілердің тұқым қуалау заңдылықтарын және олардың өзгергіштіктерін зерттейтін ғылым.

Мұғалім: Сондықтан бүгінгі сабақтың мақсаты қандай деп ойлайсыңдар?

Мұғалім: Гентиканың ғылым ретінде негізін салушы Грегор Мендель. Балалар, сендердің ойларынша неліктен өзге зерттеушілердің зерттеулерде жолы болмады? Осыған жауапты оқулықтың 179 бетіндегі 2 абзацты оқып шығыңдар.

Оқушылар: § 38 – дің 179 бетіндегі 2 абзацты оқып, талдайды.

Мұғалім:

  1. Балалар, сендердің ойларынша генетика ғылымның қай салаларымен байланысы бар деп ойлайсыңдар?
  2. Осы тақырыпта қандай жаңа сөздерді (ұғымдарды) кездестіріп отырсыңдар? Олар туралы бұрыннан естулерін бар ма? Оларды тереңдей білу үшін қазір мынадай схема дәптерлеріне сызып алыңдар.

 

Генетиканың негізгі ұғымдары

Тұқым                            Ген        Генотип          Фенотип       Аллель         Гетерозигота       Гомозигота

қуалаушылық               (тек)       (тектік түр)

 

Тұқым қуалаушылық – тірі ағзалардың табиғи қасиеттерін, белгілерін өздеріне ғана тән биосинтезін және зат алмасуды ұрпақтан-ұрпаққа беріп, қайталануы.

Ген – бір нәруыз туралы ақпарат жазылған ДНҚ үлескісі.

Генотип – бұл генетикалық есептерде АА,Аа немесе аа әріптерімен белгіленетін таңбалы ағза гендерінің жиынтығы.

Фенотип – бұл генетикалық белгілердің сырттай пайда болуы. Фенотипті генотиптің көзге көрінетін кескіні деуге болады.

Аллель – сәйкес хромосомалардың бірдей үлескілерінде болып, баламалы белгілерінің дамуына жауап беретін дәл сол геннің әр түрлі қалпы (сары, жасыл түс).

Гетерозигота – жасушаларында бір геннің екі аллелі болатын ағзалар.

Гомозигота – генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иелері.

Мұғалім:Генетиканың негізгі ұғымдарымен қатар, генетикалық есептерді шығару үшін онда тұқым қуалаудың негізгі заңдары қолданылады. Бұл заңдарды түрлі тәжірибелер арқылы Грегор Мендель ашқан. Өз тәжірибелерінің зерттеу зерзаты ретінде ол асбұршақты пайдаланған. Неліктен?

Оқушылар: 179 беттегі 3 абзацты оқып шығып, асбұршақтың тәжірибедегі рөлін айтып береді және оқулықтағы 71, 72, 73 – суреттерді талдайды.

 

Тұқым қуалау заңдары

Бірінші ұрпақ будандарының                    Белгілердің ажырау                        Белгілер мен гендердің

біркелкілік заңы                                          заңы                                                  тәуелсіз тұқым қуу заңы

 

Г.Мендельдің генетика ғылымына сіңірген тағы бір еңбегі, белгілерді басқаратын нәсілдік қасиетті (генді) шартты түрде әріппен белгілеуді ұсынды.

Р  — ата-ене дарақтары

♂ — еркек дарағы (Марстың астрономиялық белгісі)

♀-  әйел дарағы (Шолпанның астрономиялық белгісі)

х –  дарақтар арасындағы шағылысты белгілейтін белгі

F –  ұрпақтар

А – доминантты белгі

а — рецессивті белгі

Бұл белгілер генетикада есеп шығаруда қолданылады. Сонымен қатар генетикада есеп шығарған кезде моногибридті будандастыру (ата-енелер формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру) және дигибридті будандастыру (екі жұп белгілерінде айырмашылық болатын шағылыстыру). Дигибридті будандастырған кезде Пэннет торкөзі қолданылады.

Мұғалім: интерактивті тақтадан моногибридті және дигибридті будандастыруға мысал көрсетеді.

ІV Бекіту (8 мин.)

Мұғалім: жаңа тақырпты ойдағыдай түсіну үшін, қазір тақырып соңындағы (§ 38, 185 бет) генетикалық есепті шығарып көрейік.

* Егер сұр түс ақ түстен басым болса, онда төмендегі шағылыстырулардан қандай ұрпақ күтуге болады:

  • гетерозиготалы сұр аталық және гомозиготалы ақ түсті аналық;
  • екі ақ түсті ата-ене;
  • ата-ененің екеуі де сұр түсті, олардың біреуі – гомозигота, екіншісі гетерозигота бола ала ма?

Ақ түсті ата-енелерден сұр түсті ұрпақтардың тууы мүмкін бе?

Сұр түсті ата-енелерден ақ түсті ұрпақтардың тууы мүмкін бе?

 

  • Р ♀Аа х ♂ аа 2) Р ♀ аа х ♂аа              3) Р ♀ АА х ♂ Аа

Фенотип: сұр       ақ                          ақ       ақ                         сұр        сұр

 

Г :  А а        а а                 Г:     а         а                   Г:    А А        А а

F1: Аа Аа аа аа                 F1:      аа                         F1: АА Аа АА Аа

Генотип: 50 % гетерозгота              гомозигота                   50 % гетерозгота

50 % гомозигота                                                     50 % гомозигота

Фенотип:  сұр                                         ақ                                    сұр

V Үйге тапсырма (2 мин.)

  • 38 оқу.
  • 38 кейінгі А,В,С деңгейлік тапсырмаларын орындау.
  • Жұмыс дәптеріндегі 139 – жаттығуды орындау.

 

 

 

 

 

Павлодар облысы, Май ауданы, Малайсары мектебі

Жас маман биология пәнінің мұғалімі Ш. Т. Карипбаева