Сүтқоректілер класы. Тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері.
Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілер класы. Тіршілік ортасы, сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сүтқоректілердің маңызы туралы түсінік беру. Сүтқоректілердің бейімделу ортасы, көптүрлілігі жайлы мағлұмат беру.
Дамытушылығы:Сүтқоректілер класы өкілдерінің ішкі және сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері туралы оқушы ойын дамыту, жаңа технологияның әдіс тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың жаңаша білім алуларына қабілеттерін арттыру, сүтқоректілердің көптүрлілігін білуге жағдай жасай отырып білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды сүтқоректілер класының өкілдерін қорғауға тәрбиелеу. Оқушыны жан – жақты терең, еркін ойлауға, ұстамдылыққа, өз ойын бөлісуге, өзгенің де ойын тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақ өту әдістері : Сұрақ жауап, СТО-ның әдіс тәсілдері, топпен, жұптық
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі : Суреттер, интерактивті тақта, карта
Пәнаралық байланыс: География, Биология, әдебиет
«Адам байлығының ішіндегі
ең тамашасы – білім»
Әбу-р-Райхан әл Бируни
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу, сабаққа назар аудару
А) Психологиялық дайындық
Слайд 2 «Ғылымсыз адам-айуан, Не қылсан да, ғылым біл. Ғылымға да керек жан, Ақылсыз болса, ғылым тұл» (хормен айту)
Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.
«Келгенше қонақ ұялады,
Келген соң үй иесі ұялады»,- демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.
- Қызығушылықты арттыру:
Өткен сабақта құстар класымен таныстық, қорытындыладық.
Ал, бүгінгі сабақта біз сендермен жаңа сабақпен танысамыз. Сабақтың тақырыбын айтпас бұрын мен сендерге мынадай жұмбақтар жасырамын.
Жұмбақтар:
- Қамыс құлақ,
тостаған тұяқ,
мінсең қанат,
сүті дәрі, еті тамақ.
(жылқы)
2.Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар.
(Түйе)
Тарғыл – тарғыл таспа, тастан бірақ басқа,
Мекені қамыста, бұл саған таныс па? /Жолбарыс/.
Жазда қыдырады, қыста тынығады. /Аю/.
Ал енді осы жануарларға қарап не айтқыларың келеді?
Слайд 3. Жаңа сабақтың тақырыбы сүтқоректілер класы. Сүтқоректілерге қандай жануарлар жатады және неліктен солай аталады? Оқушылар өз ойларын айтады.
Слайд 7ББҮ кестесін толтырады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Сабақтың мақсаты, міндеті оқушылармен бірігіп айқындалады.
- Мағынаны ажырату:
Слайд 8. Сынып екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Кластер құру, қорғау.
1-топ Сүтқоректілердің тіршілік ортасы, топтары
2-топ Сүтқоректілердің сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
Сергіту сәті.
Шығармашылық тапсырма. Алдын ала үй тапсырмасы ретінде Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілер туралы, МҰТП-де қорғалатын сүтқоректілер туралы презентация қорғау. Аманжолова Айя
Слайд 11. 2 тапсырма.
4 сөйлем тәсілі.
1.Пікір. Мәтін бойынша өзінің туындаған пікірін бір сөзбен жеткізу.
- Дәлел. Келтірілген өз пікірін бір сөзбенен дәлелдеп шығу керек.
- Мысал. Өзіндік пікірді тағыда бір негіздеп кету үшін бір сөйлеммен мысал келтіру қажет. (Мысал өмірден практикадан алынуы мүмкін).
- Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтірк керек.
Слайд 14. 3 тапсырма.
Биологиялық диктант.
Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым саласы………………. деп аталады. (Маммалогия)
Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын ……….. пайда болған. (көкет)
Ауыз қуысында ………….. сілекей бездерінің өзектері ашылады. (3-4 жұп)
Сүтқоректілердің ………. өте жақсы дамыған (иіс сезуі)
Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы ……… бөлінген. (дабыл жарғағымен)
III. Ой толғаныс
Слайд 15. Қорытынды тесті. Сұраққа жауап беру
- Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым? (Маммалогия)
- Сүтқоректілердің тері жабыны неше қабаттан тұрады? (2)
- Жүрегі неше қуысты? (4)
- Түлендер қайда тіршілік ететін сүтқоректілер?
(суда)
- Қазіргікездесүтқоректілердінеше класс тармағынажіктейді?
(2)
- Сүтқоректілердіңұрығықайдадамыпжетіледі?
(аналықжатырда)
- Сүтқоректілерде құрылысына және атқаратын қызметіне байланысты қандай тістері болады? (сойдақ, күрек, кіші және үлкен азу тістері)
- Тыныс алу мүшесі? (өкпе)
- Денесінде қандай қан ағады? (артерия мен вена)
- Сыртқы және ортаңғы құлақ арасы немен бөлінген? (дабыл жарғағымен)
Слайд16. ББҮ кестесін толтырады.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Қорытындылау: Екі жұлдыз, бір тілек. Оқушылардың жетістіктеріне қысқаша шолу, еңбектерін бағалау, үйге берілетін тапсырмамен таныстыру.
-Сыныптың ішінде бір қорап қойылады, сол қорапқа оқушылар өздерінің сұрақтарын тастап кетеді, келесі сабақта сол сұрақ бойынша жауап береді.
Бағалау: Оқушылар бағалау парағы арқылы өздері, спикер бағалайды, мұғалім бағалайды.
Бағалау парағы
Спикер __________________________
№ | Оқушылардың аты -жөні | Кластер қорғау | 4 сөлем тәсілі | Биологиялық диктант | Тест | Қорытынды баға |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
4 | ||||||
5 |
Рефлексия Адам үлкен кемедей теңіз атты өмірден жүзіп барады. Кеме қандай іспен толады екен? Алдарыңда «Эмоционалды аралдар». Сабақтан қандай көңіл-күйлеріңмен қайтып барасыңдар? (Кемелер таратылады)
Слайд 18. Үйге тапсырма.
287-бет 58 тақырыпты оқып қайталау, 2 топқа үй жануарларынан интервью алып келу.
Бағалау парағы
Спикер __________________________
№ | Оқушылардың аты -жөні | Кластер қорғау | 4 сөлем тәсілі | Биологиялық диктант | Тест | Қорытынды баға |
1 | Аманжолова Айя | |||||
2 | Кенжебаев Айдос | |||||
3 | Нугуманова Нұрай | |||||
4 | Оразова Динара | |||||
5 | Тагаев Азамат | |||||
6 | Жайлаухан Ақерке |