Омыртқалылар типінің кластары
Тақырыбы: «Омыртқалылар типінің кластары»
Мақсаты: Омыртқалы жануарлардың құстар, қосмекенділер, жорғалаушылар, сүтқоректілер кластары туралы білімдерін қайталау, қорытындылау.
Міндеттері:
1.Сайыс сабағы арқылы оқушылардың білімдерін қайталау, жинақтау, іздену және пәнге қызығуын арттырып, білім сапасын көтеру
2.Оқушыларды шығармашылық тұрғыда ойлануы мен ақыл-ой, ұжымдық ойлау, интелектуалдық қабілеттерін дамыту, таным біліктіліктерін арттыру. 3.Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, слайд, оқушылардың кластар бойынша ерекшеленуі.
Типі: білім тексеру сабағы
Түрі: дәстүрлі емес, «Аймақтар аламаны» ойын-сайысы
Әдісі: сұрақ-жауап, басқатырғылар, жұмбақтар шешу.
Сабақ барысы: Психологиялық жаттығу
Алақанды созайық,
Сәттілік тілеп сабаққа ,
Көңілді де болайық.
Мұғалім: Балалар біз бүгін өткен омыртқалы жануарлардың құстар, жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер кластары туралы қорытынды сабағымызды «Аймақтар аламаны» ойын-сайыс түрінде өткіземіз. Сынып оқушылары 4 аймаққа бөлінеді. Құстар, қосмекенділер, жорғалаушылар, сүтқоректілер аймақтары. Оқушыларды төрт аламанға бөлу үшін алдын-ала төрт класс өкілдерінің суреті бар карточка ұсынылады, оқушы таңдап алады.
Сайыстың кезеңдері: І. Таныстыру
ІІ. Бәйге
ІІІ. «Кім мықты»
- «Кім тапқыр»
- «Кім жүйрік»
- Жорға
І. Таныстыру. Әр аламан өздерін таныстырады.
Құстардың таныстыруы:
Ән құрадым үнімен,
Сән құрадым гүлімнен.
Қуантамын бәріңді,
Құт – береке күніммен.
Сәлем, елдің көктемі,
Әлем енді көктеді,
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңыз көктегі.
Жорғалаушылардың таныстыруы:
Жорғалаймыз, жүземіз,
Алған беттен таймаймыз.
Әр сұрақтың жауабын,
Жеңілдікпен табамыз.
Жете берсін асқақтаған арманға,
Сәт сапар тілейміз қарсыластарға.
Қосмекенділердің таныстыруы:
Біз қосмекенділер, алғаш құрлыққа шыққан,
Жарысқа келдік жүлде емес бар арман.
Мекеніміз бар құрлық пенен су алабы.
Ұшқыр ой мен білімді алып кетер,
Сәлемін қабыл алыңыз қосмекеннен.
Сүтқоректілердің таныстыруы:
Жануар дүниесінен орын тапқан,
Ұрпағын сүтпен асыраған.
Барлық аймақта таралып,
Білімімен қалған арамызда.
Ал, көрермен сәлем бердік баршаңызға,
Келдік міне, сайыс аламанына.
ІІ. Бәйге сұрақтары:
Құстар аймағына арналған сұрақтар:
- Қосмекенділердің жүрегі
- Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым
- Құстардың дене температурасы
- Ең алып сүтқоректі
- Дүние жүзіндегі ең кішкентай құс
- Қазақстанда жорғалаушылардың кездесетін түр саны
- Тері безінен өте күшті у бөлетін бақа
- Арнайы бұғы өсіретін аудан
Жорғалаушылар аймағына арналған сұрақтар:
- Құрлықтағы ең биік сүтқоректі
- Үй құстарынан алғаш қолға үйретілгені
- Жаңа Зеландияда кездесетін «үшкөзді» жорғалаушы
- Бақаның дернәсілі
- Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі
- Тауық балапанын неше тәулік басады
- Сүтқоректілердің дене жамылғысы
- Ең алғаш қосмекенділерде пайда болды.
Қосмекенділер аймағына арналған сұрақтар:
- Ең ұзақ жұмыртқа басатын құс
- Сүтқоректілерді зерттейтін ғылым
- «Аяқты балық» деп аталатын қосмекенді
- Крокодилдің жүрегі
- Бұғының аналығы
- Мүшелдік жыл санауда жылан
- Бақаның алдыңғы аяғындағы саусақ саны
- Құстарды зерттейтін ғылым саласы
Сүтқоректілер аймағына арналған сұрақтар:
- Құс аталығының атауы
- Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қосмекенділердің түрі
- Жұмыртқа салатын сүтқоректілер
- Аққу балапанының атауы
- Жорғалаушыларда алғаш пайда болған
- Суда тіршілік ететін ең алып сүтқоректі
- Қосмекенділердің арғы тегі
- Денесінің түсін тез өзгерте алатын жорғалаушы
ІІІ. «Кім мықты» әр аймақ бір-біріне жұмбақ жасырады.
Құстар аймағы:
1) Кеудесі қайқаңдап, 2) Көктемде ұшып келеді,
Жүреді байпаңдап. (қаз) жаздай концерт береді. (бұлбұл)
Кім біледі…………( сауысқанды)
3) Құс көрдім тырна сияқты, 4. Сирағы ұзын, сидиған,
Сидиған ұзын сирақты. Балықты үзбей, ұстайды шоқып.
Шалшықтан бақа ұстауға, Тұмсығы біздей…………( тырна)
Қимылы ерен ширақты ( Ақ дегелек)
5) Садақша мойыны иілтіп, 6. Қызыл бұжыр, айдарлы,
Көрген жанды сүйсінтіп, Қоқиланған маңдайы.
Жердегі құстың серкесі, Ауық-ауық азан салып,
Көктемгі құстың еркесі.(аққу) Өңеш көрген айқайы бар. ( қораз)
Жорғалаушылар аймағы:
- Асты тас, үсті тас, 2. Таңдайлары тақылдап,
Ортасында шақар бас. ( тасбақа) Шулайтын не шалшықта?
Бірін-бірі мақұлдап. ( бақа)
- Иір-иір ізі бар, 4. Ши түбінде шұбар кездік. ( кесіртке)
Құлағы жоқ, көзі бар.
Түсі суық ызғарлы, Ауызында айыр бізі бар. ( жылан)
Қосмекенділер аймағы:
- Таңдайлары тақылдап, Бар екен бір мақұлық дауысы зор.
Шулайтын не шалшықта Қолдары адамға ұқсас, нәсілі сол.
Бірін-бірі мақұлдап ( бақа) Үйлері тас бұлақтан жасалған,
Тапқан адам алады бәйгені мол.
( көлбақа)
- Сұм жүзді, құралай көзді.
Киікше секірген,
Бура санды, жолбарыс тонды. (құрбақа)
Сүтқоректілер аймағы:
- 1. Мұхиттағы алып, Кілемнің түрлеріндей жүндері бар,
Фонтандағы балық. ( кит) Айбаты жан шығармас үндері бар.
2.Үсті басы жолақ ( жолбарыс)
Құйрығы шолақ ( Зебра) 4. Таусыла, қараңдар,
Табиғаттың қызығы.
Суық жақтағы жануар,
Бұтақ-бұтақ мүйізі. (бұғы)
- Үстінен тоңы түспеген,
Сонда да араз қыспенен. ( аю)
- Білесін мекен даласын,
Бірден тауып аласын.
Салып алып дорбаға,
Жүреді ылғи баласын. ( кенгуру)
- «Кім тапқыр»
Берілген сипаттама бойынша жасырылған жануарды табу.
- Бұл жануар Жайық өзенінде ғана кездеседі ,терісі және жұпар безі өте бағалы болғандықтан, көп ауланады. Кемірушілер отрядына жатады. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген жануар. (кәмшат)
- Бұл жануардың басты айырмашылығы- аяқтарында екі ғана саусақ болады. Салмағы 90кг жетеді, арнайы қолда өсіреді, оның етін, жұмыртқасын тағам ретінде, ал қауырсынын әсемдік үшін пайдаланады. Бұл жануар Қазақстанда да қолда өсіріле бастады.
( түйеқұс)
- Бұл жануар Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған, жылына 3-4 айдай белсенді тіршілік етеді де, басқа уақыттарда ұйқыға кетеді. Жылына екі рет жұмыртқа салып, көбейеді. Аяқтары төрт саусақты болады. Аталығы 11-12 жылда, аналығы 12-13 жылда жыныстық жағынан жетіледі. ( дала тасбақасы)
- Бұл жануар Жетісудағы Жоңғар Алатауы мен шекаралас Қытайдың биік таулы өзендерінде кездеседі. Дене тұрқы 20-25см. Оның жартысы құйрығының үлесіне сәйкес келеді. Құйрығының үстінде жал тәрізді тері қатпары бар. Басы жалпақ, тұмсығы доғал. Алдыңғы аяқтарында –төрт, артқы аяқтарында 5 саусағы бар. Түнде тіршілік етеді.
( жетісулық бақатіс)
Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып, ұшып алайық,
Қайта орнымызға қонайық.
- «Кім жүйрік» Бұл кезеңде кластар туралы танымдық
тапсырма беріледі.
- Аспанда 101 түйеқұс ұшып бара жатыр. Төмендегі 2 ағашқа тең
бөлініп қонды. Екі ағашқа нешеден бөлініп қонды.
- Оңтүстік Американың экваторындағы ламалардың жүні неге қалың?
- Батпақты, сулы жердегі крокодил неге жылайды?
- Өкпе ауруымен ауырмайтын үй жануары?
- Жер бетінде қандай жануардың төрт тізесі бар?
- Ақ дегелектер балапандарын неге өлтіреді?
- Неге эвкалипті «ұяты жоқ» ағаш деп атайды?
- Патша пингвиндерінің ерекшелігі неде?
- 9 бас, 22 аяқ. неше тауық, неше ешкі.
- Бала –аяғы жоқ 9, басы жоқ 6, ортан белі жоқ 8 балық ұстады. Барлығы
неше балық?
- «Жорға» Әр аймаққа басқатырғылар беріледі.
Қосмекенділер аймағы:
Е | Р | І | Г | Е | Н | Д | Е | Қ | А |
Ы | Н | Ү | Л | А | З | Я | І | Л | Й |
З | Ж | К | Ы | Н | Д | А | К | Р | Т |
Ұ | Ы | А | П | Й | А | С | Б | І | А |
М | Л | Д | Қ | А | М | І | Ұ | Б | Т |
П | Ы | А | А | А | Ұ | Т | Р | І | І |
Ы | Н | С | Т | Ғ | З | Ш | Ы | С | Р |
А | Қ | А | Б | Н | І | Т | Е | Л | І |
Басқатырғының басталар жерін тауып сызық бойынша оқығанда бақаның қоршаған ортаға бейімделуі жайында сөйлем шығады.
Жауабы: Сібірлік бұрыштіс аязда мұзға айналып қатып қалса да, күн жылынып мұзы ерігенде қайта тірілетін бақа.
Жорғалаушылар аймағы:
К | Е | К | Т | Р | І | С | Е | К | Ы |
Ө | З | І | Н | Д | Е | А | С | Т | Д |
Қ | А | Б | А | Қ | Ы | Ғ | Ң | Ы | Й |
Қ | О | З | Ғ | А | Л | А | Д | Ы | А |
А | Қ | І | Г | Ң | І | Т | С | Ү | М |
Б | А | Ғ | Ы | Қ | О | З | Ғ | А | Л |
Басқатырғының басталар жерін тауып сызықты үзбей жүргізсеңдер кесіртке құрылысындағы ерекшелігі туралы сөйлем шығады.
Жауабы: кесіртке көзінде астыңғы қабақ қозғалады, үстіңгі қабағы қозғалмайды.
Құстар аймағы:
Д | Е | Н | Е | У | М | С | Е | О | Д |
С | А | В | С | Б | З | Ы | А | П | Ж |
Ғ | Ы | Х | І | Қ | А | А | И | Й | О |
Ң | А | Я | Ғ | О | У | С | М | И | Т |
Ы | А | Л | Ы | Е | Ы | Г | Ш | Р | Н |
Д | Л | А | К | С | Р | С | Ы | Н | А |
Л | А | П | А | Н | А | Т | Ж | М | Ғ |
П | Д | Ы | Р | В | А | Қ | Д | Е | Л |
Н | Ө | Л | А | Т | П | А | Қ | Н | А |
Басқатырғының басталар жерін тауып сызықты үзбей жүргізсеңдер құстардың қаңқа құрылысындағы ерекшелігі туралы сөйлем шығады.
Жауабы: денесі қауырсынмен қапталып, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған.
Сүтқоректілер аймағы:
У | Ұ | Н | Е | У | М | С | Е | О | Д |
С | Р | В | С | Б | З | Ы | А | П | Ж |
Ғ | П | Х | І | Қ | А | А | И | Й | О |
Ң | А | Ғ | Ы | Н | Т | І | Р | І | Т |
Н | Е | М | І | Т | Ү | С | П | Ы | У |
А | Р | А | К | С | Р | С | Ы | Н | А |
С | А | П | А | Н | А | Т | Ж | М | Ғ |
Ы | У | А | Й | Т | Ы | Н | Ж | Ы | Л |
Н | Н | А | Ж | Ы | Д | Н | А | Қ | Ы |
Басқатырғының басталар жерін тауып сызықты үзбей жүргізсеңдер сүтқоректілердің ерекшелігі туралы сөйлем шығады.
Жауабы: Ұрпағын тірі туып, сүтімен асырайтын жылықанды жануарлар.
Қорытынды:
Мұғалім: Сайыс барысында жеңген аймақты марапаттап, барлық оқушылар бағаланды.
Осы өткен ойын-сайыста биология пәнінің әлі де қызыққа, жаңашылдыққа толы екенін көрсетеді.
Білімнің тұңғиығы бойлайтұғын,
Тоқысақ жалықтыра қоймайтұғын.
Ғалымдар патшасы боп, дараланып,
Биология қызыққа тоймайтұғын.
Өткен сабағымызды өлең шумағы арқылы қорытындылау.
Күніміз ашық болсын,
Түніміз тыныш болсын,
Ауамыз таза болсын,
Жан-жануарымыз аман болсын.
Бәріміз аман сау болайық. Сау болыңдар!