Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы.
Сабақтың тақырып | ХV тарау. Балықтар клас үсті §38 Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың сыртқы құрылысындағы ерекшеліктер. Сезім мүшелері. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы. Торсылдағы және оның маңызы. № 6 зертханалық жұмыс. Тірі балықтарды бақылау. Олардың сыртқы құрылысын зерттеу. Қабыршақтары бойынша балықтың жасын анықтау. Балықтың қаңқасын зерттеу. Балықтардың ішкі құрылысын зерттеу | Биология пәнінен қысқы мерзімді жоспар
7 сынып 30.01 .2014 жылы | |
Мақсаты | 1. Оқушыларға сүйекті балықтардың өзіне тән – ерекшеліктері туралы білім беру. 2. Оқушыларға балықтың түрлері, отрядтары жөнінде ұғым бере отырып, ой — өрісін, іздену қабілетін дамыту. 3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға жан – жануарларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. | ||
Күтілетін нәтиже | Оқушылар тақырыпты толық меңгереді,жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін қорғай алады,сыни ойлай білуге үйренеді,ақпаратты тиімді қолдана біледі | ||
Оқуда қолданылатын әдіс- тәсілдер | Жеке, жұппен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, нұсқау беру (қалай оқыту керектігін үйрету),демонстрация, түсінік беру(ақпараттық коммуникациялық технология), оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас, түсіндіру(диалогтік оқыту «Адасқан әріптер» ойсергек №6 зертханалық жұмыс. Тест жұмысы | ||
Негізгі деректер Көздері. | Р.Сәтімбекұлы «Хордалылар зоологиясы» бойынша тест сұрақтар | ||
кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | |
Ұйымдастыру
| 1.Сынып оқушыларын түгендеу,белгілеу анықтау 2.Бағалау критерийімен таныстыру. | Жинақталып сабаққа көңіл аудару.
| |
Тапсырма
Жаңа сабақ (Жаңа сабақ материалы)
Сабақты бекіту беру.
Рефлексия (3 мин)
| 1 Үй тапсырмасын тексеру: : Қызығушылықтарын ояту. Кестені тексеруын тексеру. Сұрақтар: «Балық аулау» стратегиясы. 1.қандай жануарларды желілілер деп атайды? 2.Желілілердің қандай тип тармағы бар? 3.жақсүйексіздер дегеніміз не.? 4.Денелерінің температурасына қарай жануарлар нешеге бөлінеді? ІІ. Мағынаны тану: Сыртқы құрылысы: Қазіргі таңда сүйекті балықтардың 20000 – нан астам түрі бар. Денесі бас, тұлға, құйрық бөлімдерінен тұрады. Кеуде бөлімінде – екі көзі, жұп танау тесігі бар. Терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қапталған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналар сияқты сызықтар болады, осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратады. Желбезектері жұп – көкірек және құрсақ, тақ – арқа, құйрық және аналь желбезектер.
2. Ішкі құрылысы: Сүйекті балықтардың қаңқасында майда сүйектер өте көп болады. Қаңқа бөліктері шеміршекті балықтарға ұқсас. Желбезектенің сырты желбезек қақпағымен жабылған. Ауыздары бас бөлімінің алдыңғы жағында орналасады. Жқсүйектерінде тістері орналасқан. Ауыз қуысы —- көлемді жұтқыншақ —- қысқа өңеш —- қарын —— аш ішек —- тоқ ішек —- тік ішек —- аналь тесігі. Бауыр мен ұйқыбез өзектері аш ішектің алджыңғы бөліміне ашылады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше – торсылдақ пайда болған. Ол балықтың дене салмағын өзгертуге, кейде түрлі дыбыстар шығаруға қатысады. Су түбінде тірішілік ететін сүйекті балықтарды торсылдақ болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалысымен байланысты. Қантарату жүйесі шеміршекті балықтармен ұқсас.- — екі қуысты жүрек, бір қанайналым шеңбері. Зәр шығару жүйесі — -екі бүйрек, екі несепағар жүйесі. Алғаш рет қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік өз алдына жеке ашылады. Миы шеміршекті балықтармен салыстырғанда кіші әрі қарапайым. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бір – бірімен түрлі дыбыстар шығару арқылы байланысады. Иіс сезу, дәм сезу, бүйір сызықтары шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтар негізінен дара жынысты, тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аналық бездерінде аналық жұмыртқа жасушасы – уылдырық , ал аталық безде сперматозоидтар – шоғал дамып жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, суға өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кейбір балықтар көбею үшін өрістейді, мысалы, теңізден өзенге, кейде керісінше. Кәсіптік маңызы бар балықтарды қолдан көбейтіп, өсіреді.
3. Түрлері: Сүйекті балықтардың 2 класс тармағы бар:
1. Сәулеқанаттылар , негізгі отрядтары – · бекіретәрізділер · майшабақтәрізділер · албырттәрізділер · сетінектер · көзауықтар · тұқытәріздестер
2. Қалаққанаттылар , негізгі отрядтары – · қостынысты балықтар · саусаққанатты балықтар (латимерия)
1 тапсырма Балықтарға тән белгілер
Әдістерін оқушыларға өз беттерімен тауып осы кестені толтыруларын қадағалау. Сергізу сәті.
Үйге тапсырма : §38 оқу. Бағалау. INSERT оқу стратегиясы Кері байланыс: стикерлерді алып ,артына осы сабаққа деген оқушылардың пікірлері,ұсыныстарын жазулары керек. Тақырып бойынша түйін шығарту.
|
Дәптерге жазу
Парақшаға жазу
Күнделікке үй тапсырмасын жазады.
Оқушылар өз пікірлерін жазады. | |