Жапырақтың суды буландыруы
Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың суды буландыруы
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жапырақтың суды буландыруы, су булануының маңызы, жапырақтың ылғалды және құрғақ климатқа бейімделуі туралы теориялық және практикалық білімдерін қалыптастыру. Теориялық материялдарды жүйелеу, тиянақты баяндауға тәрбиелеу.
Табиғатты қорғауға, әсемдікті бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: инновациялық ақпараттық технология сабағы
Сабақтың типі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, сарамандық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, экология, информатика, психология
Көрнекілік: интерактивті тақта, құмсағат, тамыр, сабақ, жапырақ суреттері, электронды оқулық.
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды отырғызып сабақтың мақсаты, міндетімен, жоспарымен таныстыру,
- Топтарға бөлу:
Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ.
- Табиғат дегеніміз не?
- Табиғаттың адам өмірі үшін маңызы қандай?
- Тірі ағзалар неден тұрады?
Жасуша-Ұлпа-мүше-ағза.
- өсімдік мүшелері неше топқа бөлінеді?
- Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшелеріне қандай бөлімдері жатады?
Олай болса бүгінгі жарыс сабағымызда «тамыр», «сабақ», «жапырақ» топтары құрылады.
- Өздеріңіз қалаған топқа топқа отыруларыңызға болады. Сіздердің осы таңдауларыңыз бойынша мынандай психологиялық мінездеме айтып кетсем: (слайд)
Тамыр-істің нәтижелілігіне көп көңіл бөлетін адамдар
Сабақ-біреуге тірек бола алатын, өзіне сенімді адамдар
Жапырақ-шығармашылықты, әсемдікті сүйетін адамдар
Әділқазылар алқасын шақырып таныстыру (сынып оқушыларынан)
- Таныстыру: «Бір көрген таныс, екі көрген біліс»- дегендей әр топөздерін таныстырып өтсе. Әр топ өздеріне берілген өсімдік мүшелерінің маңызы, қызметі туралы айтып өтеді.
- « Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
Әр топқа он сұрақтан қойылады. (қосымша 1)
(сұрақтарға 1 минутта жауап берген дұрыс жауабы саналады. Дұрыс жауапты әділқазылар алқасы жариялайды. Әр дұрыс жауапқа топтың атына байланысты суреттер береді, жауап бере алмаңан сұрақтарұа қарсылас топтарға жауап бере алады.)
Ү. «Ізденген жетер мұратқа». Интерактивті тақтада берілген кестедегі сөздерге байланысты жауаптың реттік санын қояды.
« Тамыр» тобы:
жүйкелену | фотосинтез | қынап |
- Жапырақ қабаттарына су мен ондағы еріген минералды тұздарды жеткізеді;
- Жапыраққа беріктік қасиет береді;
- Күн энергиясының қатысуымен жүретін процесс;
- Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді өусырылады.
- Жапырақта қанттың түзілуі жүреді;
« Сабақ» тобы
Жанаспалы жасуша | Өң жасушалары | Бағаналы жасуша | Борпылдақ жасуша |
- Жарты ай немесе бүйрек пішінді
- Жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астында орналасқан
- Жасушалары арасында бос кеңістіктер болады
- Жапырақ жүйкелері осы қабатта болады
- Хлорофил болмайды, түссіз
- Саңылауы арқылы жапыраққа ауа енеді
« Жапырақ» тобы
тамыр | сабақ | жапырақ |
- Жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырады
- Өткізгіш бөлімі бар
- Бағаналы және борпылдақ жасушалары бар мүше
- Топырақтан минералды заттарды сіңіреді
- Оймақшасы болады
ҮІ. Жаңа сабақ
-Фотосинтез құбылысы дегеніміз не? ( слайд)
-Өсімдік тіршілігіне қажетті құбылыстың бірі – суды буландыру
Фотосинтезбен тығыз байланысты. Жапырақ үш негізгі қызмет атқарады:
Фотосинтез, су буландыру және газ алмасу.
Жапырақтың ішкі құрылысын еске түсіру. (слайд)
Жанаспалы жасушалардың құрылысын еске түсіру. (слайд)
Су-жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалар арқылы буланады.
-жанаспалы жасушалар қай кезде жабылады.
Жапрақтың суды буландыруы процесін анимациялық көрініспен экраннан көрсету, түсіндіру.
Өсімдіктің суды физиологиялық буландыруы транспирация д.а (латын тілінен «транс» арқылы және « спиро» тыныс аламын)
Өсімдікке түсетін су шамадан тыс болғанда тамыр қысымы әсерінен өсімдік жапырақтарында сұйықтық тамшыларының бөлінуі – гуттация д.а (латынша «гутта» тамшы)
Жапырықтар тақтасы неғұрлым үлкен болса. Соғұрлым су көп буланады. (тәжірибелерді көрсету)
Су булануының маңызы: (слайд)
-ыстық кұндері күн сәулесінен қызып кетуінен сақтайды.
-жапырақтардың жасыл күйін сақтайды.
-жапырақтардың климаттқа бейімделуін қамтамасыз етеді
ҮІІ. Қорыту. «Темірді қызған кезінде соқ»
Жаңа сабақтан алңан біліміңізді толықтыру үшін интерактивті тақтадағы аяқталмаған сөздерді табады.
-…-жапырақ өңіндегі жанаспалы жасушалар арқылы буланады
-жапырақтың суды буландыруы… тығыз байланысты
-судың булануы жапырақты…
-ылғалы мол жерлердің жапырағы… болады
-жанаспалы жасушалар арқылы жапыраққа … енеді
-шөл, шөлейтті жерде өсетін өсімдіктердің жапырақтары …, … болғандықтан суды аз буландырады
ҮІІІ. « Бір тал кессең, он тал ек»
Слайд арқылы мектеп оқушыларының табиғатқа қосқан үлесін көрсету. Сендер де бүгін білімдерің арқылы қаншалықты адам өміріне қосқан үлестеріңді білу үшін жинаған өсімдік мүшелерін жинақтап, өсімдік отырғызамыз. Осы арқылы қай топтың жеңімпаз болғаны байқалады.
-Өсімдік жапырағымен, сабағымен және тамырымен көрікті болса, адам да білімімен, тәрбиесімен, әдебімен көрікті.
-Әр топтан бір оқушы бұл міндетті атқарғанша басқа оқушылар өз топтарының аттары бойынша 4 жол өлең шумағын құрастырады.
Бағалау: Ең көп жауап берген оқушыларды әділ қазылар алқасына ұпай сандарын жариялау.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқып мазмұндау, сұрақтарға жауап беру.
1-топ
- Өсімдіктің өсімді мүшесі (жапырақ)
- Жапырақ қандай бөліктерден тұрады? (тақтадан және сағақтан)
- Өсімдіктің жер асты мүшесі. (тамыр)
- Жапырақтың кеңейген бөлімі. (тақтасы)
- Тамырдың тамыр бөліміне кірмейтін бөлімі (оймақшасы)
- Жапырақтың сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі (сағағы)
- Бүршіктің сыртындағы қабыршақтарының түсетін мерзімі (көктем)
- Өсімдіктің бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінетін бөлімі (сабақ)
- Тамырсабақ өркен бе, жеміс пе? (өркен)
10.Бір сағақта 2 немесе одан да көп жапырақтары болады.
2 – топ
- Өсімдікте қанттың түзілуі жүретін проццес
- Нарғызгүлдің тамыры
- Өркеннің орталық тірек бөлімі
- Тыныс алуға қатысатын, пішіні төмпешікке ұқсаған сабақта болатын жасушаның атауы
- Бір ғана тақтасы бар жапырақ
- Тамырдың түктер орналасқан бөлімі
- Сабақта органикалық заттар қозғалатын қабат
- Пиязшықтың қысқарған сабағының екінші атауы
- Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы
10.Тамырдың қарқанды өсу мезгілі
3-топ
- Фотосинтез, газ алмасу, су булану, органикалық заттарды қорға жинау процестері жапырақтың қай бөлігінде жүреді?
- Жай жапырақтың тақта саны.
- Ауа райы қолайлы болса сабақтағы жылдық шеңбердің ені
- Жапырағы қатарласа жүйкеленетін өсімдік
- Майда жүйкелер торлап жатады
- Жарты ай немесе бүйрек тәрізді бір – бірімен жанасқан екі жасуша
- Сағағы болмайтын жапырақ
- Жапырақ сағағында 3 жапырақшасы болады
- Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттегімен байытады
10.Жапырақтардың сабақта орналасуы