Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қорыту жүйесі және қорытылуын пысықтау сабағы.

Қ.Спатаев атындағы №7 техникалық мектеп-лицейінің

 биология пәнінің мұғалімі:

Сағынтаева Асылзат Сайфуллақызын

 

 

Тақырыбы: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қорыту жүйесі және қорытылуын  пысықтау сабағы.

 

Мақсаты: Омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ас қорту жүйесіндегі ерекшеліктерді салыстыру.

 

Жоспары:

1 Ой қозғау стратегиясы

2 Ой түйу стратегиясы

3 Жұмбақ сурет

4 Салыстыру (Венн диаграмассы)

5 Ноутбуктан шыққан басқатырғылар

6 Полиглот

7 Біліміңді тексер

8 Қортынды.

Ендеше әдеттегідей 3-топқа бөлінеміз.Топ басшысы топтың атымен таныс-тырады және көңіл-күйімізді білу ушін бір-бірімізге сәттілік тілейміз.

 

 

 І. топ. Табиғат

Мақсаты:

А) Табиғатты аялау

Б)  Қоршаған ортаны қорғау

В)  Жасыл ел бағдарламасына  өз үлесімізді  қосу.

Мен өз қарсыластарыма сәттілік  тілеймін.

                 ІІ. топ. Туған жер 

Мақсаты:

«Өз елімнің  басы  болмасам да, сайының тасы болайын».

Егеменді еліміздің көркеюі үшін, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін өз үлесімізді қосайық.

Мен өз қарсыластарыма сәттілік тілеймін.

ІІІ. топ. Атамекен

Мақсаты:

«Ауылым алтын бесігім». Біз неге  шетелдерден дос іздейміз. Одан да электронды почта арқылы ауылдағы бауырларымызбен хабарласып хат алысып ауыл проблемасын шешуге ат салайық….

Мен өз қарсыластарыма сәттілік тілеймін.

 

Жарайсыңдар балалар;

І.  Ендеше ой қозғау стратегиясын  пайдалана отырып  топтар бір-біріміңзге сұрақ  қоя отырып  бірнеше сұрақтарға жауап береміз.

  1. Гидра қайда тіршілік етеді және құрылысы қандай?
  2. Гидра қалай ас қортады?
  3. Гидра астың қортылуының қарапайымдармен ұқсастығын және ерекшелігін түсіндір.
  4. Ақ сұлама мен шұбалшаңның ас қорту жүйесін салыстыра отырып түсіндір.

5.Омыртқалы жануарлар мен омыртқасыз жануарладың ерекшелігін түсіндіру.

ІІ. Ой түю стратегиясы (не түйдік?) Оқушылар жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып  әрқайсысы өздерінше  ой түйіндейді.

ІІІ.   Жұмбақ сурет

Тақтада балықтардың, құстардың, сүтқоректілердің ас қорту жүйесінің суреттері жұмбақтап берілген. Осы суреттерге қарап отырып  бұл қай жануарлардың  ас қорту  жүйесі екенін тап, асқорту  мүшелерін  ата және онда астың қалай  қортылатынын түсіндір.

ІV. Венн диаграмасы.

 

 

Құстар                              Ортақ белгісі                      Сүтқоректілер

 

 

  1. Ноутбуктан шыққан басқатырғылар (жалғасын тап)

1.Адам тамақ  ішу үшін өмір сүрмейді, бірақ……………

  1. Ас үстінен аттама,

Астан үлкен……….

3.Аты бардың танысы басы,

Асы бардың ………….

  1. Ас-……..
  2. Тіс бүлінсе-……….

 

VІ.   Полйглот

 

Тақтада берілген сөзден әріптерін  ауыстыра отырып бүгінгі сабақта пайдаланылған  сөз  құрастыр және оның орыс тіліндегі,  қазақ тіліндегі, ағылшын тіліндегі баламасын айт.

 

  1. Леткак-клетка-жасуша сэл
  2. Канть-ткань-ұлпа – тишу
  3. Ренв-нерв – жүйке –нев
  4. Буз-зуб-тіс-тис
  5. Убаг-губа –ерін меп
  6. Стелк-скелет-қаңқа- склиенты
  7. Ровдозье- здоровье-денсаулық – хэлс

 

Оқушылар денсаулық жайлы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтып қортындылайды.

VІІІ. Қортынды.

  1. Астың қортылуына қандай заттар көмектеседі?
  2. Қоректік заттардың қандай маңызы бар?
  3. Көпжасушалы жануарлардың асқорту жүйесіндегі бәріне ортақ белгілері неде?
  4. Ағза сырттан келген қоректік заттарды сол күйінде қабылдай ала ма?

 ІХ. Бағалау.