Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші.
11 сынып. № 11-сабақ
Микроэволюция туралы ілім
Сабақтың тақырыбы: Табиғи сұрыпталу-эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші.
Сабақтың мақсаты:
- табиғи сұрыпталу- эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші және оның негізі тіршілік үшін күрес екені туралы білімді қалыптастыру және тіршілік үшін күрес түрлерімен танысу;
- қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталуды салыстыру және ерекшеліктерін анықтап, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі туралы білімді дамыту;
- оқушылардың шағын ізденушілік – өзіндік салыстыру жұмыстары арқылы шығармашылыққа, жүйелікке және жауапкершілікке тәрбиелеу; логикалық дүниетанымдық көзқарасты дамыту;
Керекті құрал-жабдықтар: Ч.Дарвиннің портреті, «Тіршілік үшін күрес түрлері» сызба-нұсқа, Түрішілік және түраралық күреске мысалдар, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
Сабақ мақсаты мен жоспарымен оқушыларды таныстыру.
Өткен тақырыпқа жалпы шолу
- Кіріспе кезеңі
Сұрыпталу дегеніміз не?
Қолдан сұрыптау туралы не білеміз?
Табиғи сұрыпталу дегеніміз не?
Қолдан сұрыптау мен табиғи сұрыпталуды салыстырып, оқулықтың 46-бетіндегі кестемен жұмыс жүргізу.
Тапсырма : Қолдан және табиғи сұрыпталуды анықтау:
- — жабайы қоян
- — қояндардың түрлері
- — иттердің жыртқыш тістері
- — иттердің аязға төзімділігі
- — иттердің адамзатқа үйренуі
- — иттердің иіскеу сезімі
- — Прежевальскийдің жабайы жылқысы
- — Жылқылардың қолтұқымдары
- — Жылқының тұяқтары
- — үй тауықтарындағы жұмыртқасалғыштық
- — тауықтардың жұмыртқамен көбеюі
- — Алма ағашының жынысты көбеюі
- — мәдени алма ағашының ірі және тәтті дәмдері
- — ақ қоянның бүркеніш реңі
- — қоянның таза ақ жүнді қолтұқымы
- Жаңа материалмен танысу
3.1. Табиғатта ұдайы сұрыпталу болып жатады. Пайдалы белгілер белгілі бір факторлар әсерінен сақталып, қалғандары жойылады. Осыған байланысты Ч.Дарвин ағзалардың көбеюін зерттеді. Қорытынды: түр даралары неғұрлым көбірек қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, ал қарқынды даму түрді сақтап қалудың «құралы».
3.2. Табиғи сұрыпталу – белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін сақтап бейімделуі.
3.3. Тіршілік үшін күрес – қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым-қатынастың жиынтығы.
3.4. Тіршілік үшін күрес түрлері: түрішілік күрес, түраралық күрес және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес.
3.5. Түраралық күрес – бір түр мен екінші түр арасындағы күрес. Жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік. Паразиттік жағдайдағы бәсекелестік. Антагонизм.
3.6. Түрішілік күрес – бір түрге жататын даралар арасындағы күресті айтады. Түрішілік күресте бәсекелестік басым болады. Түр ішінде жыныстық сұрыпталу да жүреді. Ол табиғи сқрыпталудың формасы.
- Білімді бекітуге арналған тапсырмалар мен сұрақтар
Оқулықтың 49-50-беттеріндегі сұрақтарға жауап беру;
Оқулықтың 49-51-беттеріндегі тақырып түйінін қорытындылау.
Қосымша тапсырмалармен жұмыс:
Тапсырма№1: Бақ-бақ өсімдігінің жер бетін басып кетпей, тіршілігін жою себептері мынадай:
— жемістері шөппен бірге малға азық
— жемістерімен құстар қоректенеді
— өсімді мүшелерімен өсімдікқоректі жануарлар қоректенеді
— адамдар, көліктер, тракторлар басады
— басқа биік өсімдіктер әсер етеді
— өсімдіктердің өз бәсекелестігі
— тұқымдары шөлде, жартастарда тіршілігін жояды
— тұқымдары қолайсыз жағдайға түседі
— өсімдіктер аяз бен құрғақшылықтан жойылады
— өсімдіктер аурудан өледі (вирус, бактерия)
Сұрақ: қандай тіршілік үшін күрес түріне жатады?
- Оқушылардың білімдерін бағалау.
- Үйге тапсырма: § 12-13 оқып келу, суреттермен жұмыс жүргізу;