Биология сабағында аналогия әдісін қолдану

 

Биология сабағында аналогия әдісін қолдану

 

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытыда ғылыми таным әдістерін пайдаланудың маңызы зор.Ғылыми танымның жалпы әдістеріне индукция,редукция,анализ,синтез,аналогия,классификацялау,жалпылау,салыстыру,т.б.жататыны белгілі.Биология сабақтарында аналогия әдісінің алатын орны ерекше.Табиғаты жағынан,систематикасы жағынан ұқсас ағзалардың ортақ белгілерін ажырату,олардың сәйкес элементтерін табу аналогиялық ой қорытудағы басты тәсіл болып табылады.

«Аналогиялық»-грек тілінен аударғанда ұқсас,сәйкес деген мағынада.Биология пәнін оқытуға аналогияны пайдалану тиімді әдістердің бірі болып саналады.Оқушының өздігінен ізденіп тиісті тапсырмадағы ағзаның,құбылыстың,қасиеттердің ұқсастығы мен айырмашылығын табуда,ұлттық бірыңғай тестке дайындалуда да осы аналогия әдісі жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Ол оқушылардың есте сақтауын да жақсартады.Оқушылардың тақырыптық,шығармашылық жұмыс жасауына қызығушылықтарын арттырады.

Осы әдісті қолданудың бірнеше мысалдарын қарастырайық.

 

6-сынып «Бүршіктің құрылысы»

 

Өсу бүршігіОртақГүл бүршігі
Бастама

Жапырақ

Тек ұзарған өренде

Сыртқы қабыршақ

Алғашқы сабақ

Гүл шанақ

Қысқарған өренде

 

 

Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы

 

               Тамырсабақ                Тамыр
1.Тамырсабақтың ұшында бүршік болады

2.Буын және буынаралығынан тұрады

3.Жапырақтары қабыршақты,қоңыр түсті

4.Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады

5.Бүршіктен дамиды

6.Тек көп жылдқ өсімдіктерде болады

 

1.Тамыр ұшында оймақша бар

 

2.Буын және буынаралық болмайды

3.Жапырақ болмайды

 

4.Бүршіктері жоқ

 

5.Ұрық тамыршасынан дамиды

6.Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады

 

 

 

 

Тұқымның құрылысы бойынша

 

Қос жарнақтыұқсастығыдара жарнақты
1.Екі тұқым жарнақты

2.Қабығы суға жібігенде тез суланады

3.Қоректік зат тұқым жарнағында жиналады

1.Тұқым жарнағы бар

2.Қабығы тығыз

3.Ұрық

-сабақша

-тұқымша

-бүршікще

1.Бір тұқым жарнақты

2.Қабығы суға жібігенде сулануы қиын

3.Қоректік зат эндоспермде жинақталады

             Тұқымдастар

көкнәр,алабота,асқабақ,орамжапырақ,

құлқайыргүлділер,раушангүлділер,

бұршақ,алқа,кіріккен күлтілілер,

еріндігүлділер,күрделігүлділер

              Тұқымдастыру

лалагүл,құртқашаш,пияз,інжугүл,

астық

 

   Омыртқалы жануарлардың ішкі құрылысы

 

ЖануарларЗәр шығару мүшесіТыныс алу мүшесіЖүрегінің құрылысыМекен ету ортасы
БалықтарБүйрек,қуықЖелбезекЕкі қуысты,тұйық қан айналым шеңберіСу
ҚосмекенділерБүйрек, клоака,қуық Өкпе,тері,    желбезекДернәсілі

2 бөлікті, бір шеңберлі,ересегі

3 бөлікті,екі шеңберлі

Су,құрлық
ЖорғалаушыларБүйрек,қуық өкпе3бөлікті жүрек қарыншасында жартылай перде бар,тек қолтырауындікі

4 бөлікті

Су,құрлық
ҚұстарБүйрек, клоакаӨкпе, қосарлы тыныс алу4 бөлікті,2 жүрекше, 2 қарынша,

2 қанайналым  шеңберлі

Су,құрлық-ауа
СүтқоректілерБүйрек,қуықөкпе4 бөлікті,2 жүрек-ше, 2қарынша,

2 қанайналым  шеңберлі

Су, құрлық-ауа

топырақ

 

 

Жәндіктердің тыныс алу және зәр шығару мүшелері

 

ЖәндіктерЗәр шығару мүшесіТыныс алуы
ГидраБүкіл денесіСуда еріген оттегімен,бүкіл денесі арқылы
ШұбалшаңӘр буылтығында екі-екіден орналасқан имек түтікшелерТері жабыны
Қос жақтаулы былқылдақ  денелілерШапанша қуысына ашылатын бүйрекТыныс саңылауынан және шапанша қуысы,шапанша қалтасы,қантамыры,суда тіршілік ететіндері желбезек тақташаларымен сифондар
ӨрмекшіАяғындағы сатанбез және мальпигий тамыршасыҚос өкпе-ауа қапшығы
Қоңызмальпигий тамыршасыХитинді демтүтік
ШаянЕкі жасыл безЕкі бүйіріндегі екі желбезек қуысындағы нәзік өзекшелер-желбезектер

 

 

Аналогия әдісі-индукция әдісімен тығыз байланысты,яғни қарапайымнан күрделіге,жекеден жалпыға қарай бағытталады.Мысалы: қан жасушаларынан дәнекер ұлпасына,одан ағзалық жұмысының реттелуіне (гуморалдық реттелу),оны жүзеге асыратын ішкі секреция бездеріне,бездердің қызыметі арқылы ағзаның тұрақты дамуы мен реттелуіне т.с.с.

 

8-сыныптағы «Ағзаның ішкі ортасы»тақырыбын толық түсіну үшін аналогия әдісі негізінде ішкі ортаның құрылысы мен қызметіне,қан жасушаларының құрылысын,қасиетін,қызметін пайдаланамыз.

 

 

Жасуша аттарыЭритроциттерЛейкоциттерТромбоциттер
Сурет

 

1 мм³ қандағы мөлшері5 млн дейін4-9 мың180-320 мың
Пішіні2 бүктелгенДомалақДұрыс емес
ҚұрылысыМембранамен жабылған,ядросы жоқ,гемоглобинЯдросы бар түссіз жасушаЯдросыз,сүйек майындағы ірі жасуша бөлімі
Түзілетін орныҚызыл сүйек майы,көкбауыр,қызыл пульпаКөкбауыр(ақ пульпа)лимфа түйіндері,сүйек майыҚызыл сүйек майы
Тіршілік ұзақтығы120 күн1 күннен бірнеше күнге дейін5-8 күн
ҚызметіО2 мен СО2 тасымалдайдыҚорғаныштық

(фагоцитоз), иммунитет

Қан ұйыту, тамырларды қалпына келтіру

 

Мұнда бірнеше сабақтың материалы қамтылғандығын байқаймыз,одан жүрексінетін ештеңе жоқ.Біздің ұтатынымыз,оқушылыр аналогия әдісі негізінде ағзаның ішкі ортасы тақырыбындағы түйінді ұғымдарды шығармшылықпегн тұжырымдайды.

Қазіргі педагогикалық оқыту әдістерінің бірінде аналогия әдісінің элементі ретінде Венн диаграммасы қолданылуда.

Педагогикамыз зерттеулерде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше мән беріледі,осыған орай пән мұғалімі теориялық білімді өздері меңгерумен бірге оны оқушыларға жеткізе білуде ғылыми таным әдістерін сабаққа орынды қолдану оқушылардың  қабілетін дамытуда  оң нәтижелер беретіні сөзсіз.