Орта факторлары және тірі ағзалар.
№ 51 сабақ. Күні 12.ІҮ. 2013 ж. 9 «А» « Б» сынып Мұғалім Смаилова Шолпан
Сабақтың тақырыбы: §52 Орта факторлары және тірі ағзалар.
Сабақтың мақсаты: Орта факторлар мен тірі ағазалар арасындағы
байланысты білу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: орта факторларын анықтау және оларды
ажырата білу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін
дамыту, дүниетанымдық көзқарастарын
қалыптастыру, тіл байлықтарын арттыру, оқу-
дағдысын қалыптастыру, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Топтық жұмыс жасау арқылы
ұжымдылыққа, бір-бірін сыйлауға және
ұйымшылдықпен нәтижеге жетуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
— алынған теориялық мағлұматтарды сыни тұрғыдан
талдайды;
— негізгі ұғым мен заңдылықтарды меңгереді;
— дәлелді де дәйекті шешімдер қабылдай алады;
Топтық жұмыс нәтижелері:
- Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады;
- Ортақ пікірлерді ортаға салады, түйін жасайды;
- Әрбір оқушы білімін толықтырады.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтыі әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары:
- Ой шақыру;
- Негізгі идеяларды суреттеу;
- Ой бөлісу, ортаға салу.
Көрнекілігі: Слайд арқылы суреттер, карталар, үлестірмелі материалдар,
бағалау парағы.
Мұғалімнің іс- әрекеті | Оқушының іс- әрекеті |
1 қадам | |
1. Топқа бөлу: Тірі ағазаларды тіршілік ету мекендері арқылы топқа бөлу. 2. Бағалау парағын таратады. 3. Суретті талдауды тапсырып, спикердің қорғауын қадағалайды. Осы тапсырмалар арқылы үй тапсырмалары сұралады. | 1.Суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді. 2. Әр топ жетекшісі бағалау парағын толтырып отырады. 3. Суретті талдайды. 4. Спикер қорғайды
|
2 қадам. Қызығушылығын ояту | |
1.Оқушыларға орта факторлары ұсынылады, олардың ерекшеліктері мен қасиеттері айтылады.. Уақыт беріледі де, аяқталған соң әр топтан спикер шығып жауап беруін қадағалайды. Бұрынғы мен жаңа білімді ұштастырады. Белсенділігін арттырады. | 1.Орта факторлар сипатына қарай топтастырады. . |
3 қадам. Мағынаны тану | |
Оқулықпен жұмыс 1. §52 парграфты оқып 2. 1 топ – жарық 2 топ – температура 3 топ – ылғалдық 3.Постерге түсіруін қадағалайды. | 1. Оқулықпен жұмыс 2. 1 топ – жарық 2 топ – температура 3 топ – ылғалдық
3.Постерге түсіріп, спикер қорғайды. |
4 қадам. Ой толғаныс. | |
1. №4 зертханалық жұмыс. «Ағазалардың экологиялық факторларға бейімделгіштігің анықтау». Суреттер мен кеппешөптер, микропрепараттар ұсынып ағалардың ортаға бейімделуін анықтап беру. 2. Берілген кестелерді толтырып бейімделгіштін себептері туралы қорытынды жасау. | Берілген препараттар, кеппешөптер мен суреттерді талдап, тірі ағалардың тіршілік ортасына бейімделуін анықтау, мысалдар келтіріп және кестеге түсіру керек. Берілген тапсырмаларды орындайды, спикер қорғайды.
|
5 қадам. Қорытынды. | |
3. Бағалау. Топ жетекшілерінің бағасымен танысып, өзінің бағасын шығарады. Рефлексия парағын таратады. | Топ жетекшілері топ мүшелерінің бағасын жариялайды. Оқушылар рефлексия жазады. |
Үйге тапсырма. | |
1. Оқулық мәтіні оқу. 2. Сұрақтарға жауап беру
|