Адам генетикасы

Тақырыбы:          Адам генетикасы

Міндеттері:

Оқыту:        1.Оқушыларға білім тереңдету мақсатында адам ағзасындағы

хромосомалардың атқаратын қызметін және маңызын  білу.

  1. Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен

ауытқуларды толық ажырата білу.

  1. Генетикада адамның тұқым қуалаушылығын зерттеуге

мүмкіндік беретін әдістерді білу.

Дамыту:      1. Әр түрлі білім көздерін қолдана білу (мәтін, сурет,

жинақтамалар, слайд және электронды оқулықтар).

  1. Ойларын салыстыруға,анализдеуге, жалпылауға және

қорытындылауға үйрету.

  1. Ұлы, дарынды адамдардың шежірелік карталарын құруға

үйрету.

Тәрбиелік:   1. Топпен жұмыс кезінде оқушылардың жаңа көзқарастарын

дамыту.

  1. Оқушылар арасында ұйымшылдықты және сыйласымдықты

ояту.

  1. Өз ата – тектерін құрметтеуге және шежірелік карталарды

дұрыс құра білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ

  • биология
  • әдебиет
  • Абайтану

Сабақтың типі: Жаңа білім меңгеру

Сабақтың әдісі: СТО:

  • түсіндіре басқарып, оза оқыту
  • жеке және топтық жұмыс
  • өздік жұмыс
  • қосымша әдебиеттермен жұмыс
  • сұрақ – жауап

Көрнекіліктер: — электронды оқулықтар

  • слайдтар
  • шежірелік карталар
  • қазақтың мақал – мәтелдері және нақыл сөздері
  • қосымша әдеби оқулықтар

Сабақтың құрылысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Жаңа сабақты меңгеруге дайындық (өткен сабақты пысықтау)

Кубизм әдісі (6 сұрақ)

  1. Жынысты қалай анықтайды және аутосом дегеніміз не?
  2. Гомозигота және гетерозигота ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).
  3. Хромосомалардың әртүрлілігі.
  4. Барр денешігі дегеніміз не?
  5. Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не?
  6. Есеп.

 

 

ІІІ.Негізгі бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Білгім келедібілдім

 

Өздерің айтып өткендей хромосомалар арқылы әртүрлі аурулар тасымалданады, осы аурулар тұқым қуалайды дедік. Бірақ, хромосомалар тек ауруды ғана емес, сол сияқты адамзат бойындағы дарындылық қасиеттерді де ұрпақтан  ұрпаққа таратып осы өмірге дейін жетелеп келген.

«Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі» деп  қазақ аталарымыз айтқандай, атаның жолын қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы қасиеттерді қайталар еді. осыған орай адам генетикасын бастай отырып, адам да өз алдына бір биологиялық тұлға екенін ескереміз. Соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен бет алған және түрлі әдістер қолдана бастаған.

Топпен жұмыс.

І топ. Генеологиялық әдіс

«Жақсыдан жаман туса да,

Жаманнан жақсы туса да,

Тартпай қоймас негізге »

Құнанбайдың дарындылық қасиетін көрсететін шежірелік карта құру.

Құдайберді
Мағауия
Шәкәрім
Құнанбай

 

 

— Дарындылық қасиеттің берілу белгісі.

 

ІІ топ. Цитогенетикалық әдіс.

«Бір биеден ала да туады, құла да туады».

Оқушылар осы әдістің мағынасын толық ашып беруі тиіс.

Мысалы

 

 

ХРОМОСОМА 23 ЖҰП

 

22 ЖҰП АУТОСОМ               1 ЖҰП ЖЫНЫС  ХРОМОСОМАСЫ

 

 

ҚАЛЫПТЫ КАРИОТИП

 

Қалыпты кариотиптің бұзылуының себебі неде?

Сол сияқты ұғымдарды ашып айту

ІІІ топ.Популяциялық әдіс

«Жеті атаны білмеген — жетесіз».

Гендер

 

 

Біркелкі таралған гендер                            Нақтылы географиялық аймақтарда

кездесетін гендер

Популяциялық әдіс — жекелеген гендердің немесе хромосомдық өзгерістердің адам популяциясына таралуын зерттейді.Түрлі патологиялық белгілерді анықтайтын рецессивті гендер  көпшілік жағдайда гетерозиготалы күйде болады.Бірақ туыстық некеде мұндай гендер гомозиготалы күйге көшіп, фенотиптік көрініс беруі де мүмкін. Яғни отбасында бала өлі туады немесе кеміс туады. Мысалы: Қазақтың «Қалқаман Мамыр» поэмасындағы туыстық қатынас.

IV топ. егіздерді салыстыру.

 

Егіздер

 

 

БЕ                                                             ЕЕ

(монозиготалар)                                          (дизиготалар)

 

Оқушылар егіздерді анықтау критерийлерін ашып айтады.

V топ. Онтогенетикалық әдіс.

  1. Жаңа сабақты бекіту. Деңгейлік тапсырмалар.

 

І — деңгей

ӘдістерНегізгі мәніПрактикалық маңызы

ІІ-деңгей.

Есептер шығару (Жыныспен тіркес тұқым қуалау).

 

ІІІ-деңгей.

Тест тапсырмалары (15 сұрақ).

 

  1. Үй тапсырмасы беру.

(Әрбір бала өз жанұясының шежірелік картасын құру).