Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Күні: 17.04.2013ж
Сыныбы: 7 «А»
Пәні: биология
Сабақтың тақырыбы: Жорғалаушылардың дене құрылысы және тіршілік әрекеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға берілген жаңа тақырыпта қосымша тың мәліметтер бере отырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру; білім беру.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; өз беттерінше жұмыс жасай отырып, өз ойларын ашық, еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту; танымдық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғаттың тылсым құпияларын түсіне білуге және оны қорғауға тәрбиелеу. Экологиялық тәрбие беру; Бірін-бірі тыңдауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: нәтижеге бағыттау сабағы
Сабақтың әдісі: топтық, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар, модульдік оқыту технологиясының тірек-сызба элементі
Сабақтың көрнекілігі: қанатты сөздер, тірек-сызбалар үлгілері, суреттер
Дидактикалық материалдар: кеспе қағаздар
Сабақтың өтілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
А)оқушылармен сәлемдесу
ә) оқушыларды кезекшілер арқылы түгендеу
Б)оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқып беру арқылы сабаққа деген ынталарын ояту.
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
ІІ. Психологиялық дайындық. 3 минут(тақтаға тыныс белгілері қойылмаған мәтін ілінеді. Оқушылар сол мәтінге тыныс белгілерді қойып, сабақтың ұранын табулары қажет).
Мәтін: бІЛгЕнСАйЫНКелеДІБіЛеБЕргіМбІЛебеРуеМеСПеТіЛеГІелДіҢ
«Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің».
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 5 минут
-Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?
- Шығармашылық жұмыс: Қымбат, Наргиз, Төлтай, Әсемгүл. Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл Кітабына тіркелегн жануарлар.
- Шығармашылық жұмыс: Батыр, Айдын, Жадыра, Диана, Ақбота, Асылбек. Қызыл Кітапқа тіркелген жануарлардың суретін салу.
ІҮ. Үй тапсырмасын пысықтау. 5 минут
Сөзжұмбақ арқылы.
Ж | ||||||||||||
О | ||||||||||||
Р | ||||||||||||
Ғ | ||||||||||||
А | ||||||||||||
Л | ||||||||||||
а | ||||||||||||
У | ||||||||||||
Ш | ||||||||||||
Ы | ||||||||||||
Л | ||||||||||||
А | ||||||||||||
р |
- Құрбақалар тұқымдасы (жасыл құрбақа)
- Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар (қосмекенділер).
- Құйрықты қосмекенді (тритон).
- Жетісулық бақатіс тұмсығы (доғал)
- Қосмекенділер қайда көбейеді (суда)
- Қосмекенділердің тіршілігі үшін маңызды температура (ылғал)
- Қосмекенділердің жақсы дамыған миы (ортаңғы)
- Қызылаяқ бақа қандай өзен аймағында таралған (Шу)
- Аяқсыз қосмекенділердің ұрықтануы (іштей)
- Қосмекенділер отряды (аяқсыз)
- Даната құрбақасы қай өңірде таралган (Алакөл)
- Өзімізге таныс бақаның түрі (көл бақа)
- Желбезекпен тыныс алатын омыртқалы жануарлар (балықтар)
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру. 10 минут
Нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген
Мекен ортасы Кейбір түрлері суда тіршілік етуге екінші рет
бейімделген
Ағаш басында тіршілік етуге бейімделген
Жеке топтары
кесірткелер жыландар тасбақалар қолтырауындар
Денесі
Бас мойын тұлға құйрық бес саусақты аяқ
құрғақ құрғап кетуден
без болмайды қорғаныштық
мүйізді қабыршақ үнемі түлейді
Қаңқасы
Бассүйек омыртқа жотасы кеуде торы иық белдеуі мен алдыңғы
аяқтары
жамбас белдеуі мен артқы аяқтары
Аяқтарында
Жақ сүйектерінде бұлшық еттері жақсы дамыған
Мойынында
Кеуде қуысында
Омыртқа жотасы
мойын арқа-бел сегізкөз құйрық
Ас қорыту жолы:
ауыз жұтқыншақ өңеш қарын аш ішек тік ішек клоака.
Тілі
Жорғалаушылардың
көбеюі
дара жынысты іштей ұрықтанады жұмыртқа салады тірі туады
қара жылан сұржылан
ҮІ. Сергіту сәті.3 минут
ҮІІ. Жаңа сабақты пысықтау. Тапсырмалармен жұмыс. 6 минут
ҮІІІ. Жеке оқушылармен жұмыс. Кеспе қағаздар бойынша-Ақбота, Жадыра, Айдын, Диана, Батыр. 5 минут
ІХ. Жаңа сабақты қорытындылау. Ауызша және қанатты сөздер арқылы. 2 минут
Х. Үйге тапсырма: параграфты оқу, Қазақстанда кездесетін жыландар туралы хабарлама жазу. 1 минут
ХІ. Бағалау. 2 минут