Оқумен оқытудағы өзгеріс

 

Оқумен оқытудағы өзгеріс

 

«Соңғы 3 жыл бойына Қазақстан ЮНЕСКО-ның Білім беруді  дамыту бойынша әлемнің 129 елдер ішінде көшбасшылардың төрттігінде тұр.    XXI ғасырда Қазақстанда  білім беру жүйесінде инновациялық серпіліс жасалды.  Инновациялық  идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында  дамитын  және өзін – өзі  көрсете алатын болашақ маман тұлғасын қалыптастыру  басты бағыт болып тұр» («Алтын ұя» газеті). Осы бағытты меңгеру мақсатында  Бағдарламадағы жаңа әдіс – тәсілдерді меңгеріп,  дәстүрлі сабақтан арылып, жаңа әдіс –тәсілдерді меңгерген білікті, білімді  жеті модулді  меңгерген  мұғалім болып шығуға талпыныс жасау.

Жаңа  әдіс –тәсілдерді  қолдану баланың бір- біріне деген мейірімділіктері артатындығымен қатар, пәнге деген қызығушылықтары да  артады. Сабақта оқушыларды бір- бірімен жақын қарым –қатынас құрып,  топтасу, жұптасу арқылы жұмыс атқаруына әрине мұғалімнің  дұрыс бағыт –бағдар беруінен. Сабақта әрбір оқушының  ойын тыңдау, ортақ пікірде болу үшін топтың  ережесін жасап алу артық етпейді.

Сабақта диалогтың арқасында өз ойларын ашық жеткізе алатындығын түсіндім Оқыту моделінің біріншісі оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгеруге байланысты сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну осы бағдарламаның негізіне  айтылғанын ұғындым. Балалар өзінің түсінігі мен зерттеулерін әлеуметтік өзара байланыста құратындығын және осы жерде ол белсенді білім алушы болып есептелетіндігін түсіндім. Диалог арқылы мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың нәтижесінде оқыту жүйесінде баланың когнитивті дамуына үлкен әсерін тигізетіндігін білдім. Сабақтың жоспарын құру және әр баланың  ойлау деңгейіне қарай әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы баланың ортада өз ойын еркін жеткізуін бірінші орынға қойдым сыныпта топтың ережесін жасатып әрқашан өздері жасаған ережеге көңіл бөліп отыруын ескерттім.  Өз іс-тәжірибемнің шыңдалып өзгелер білмейтін әдістерді қолдану арқылы сабақта кездескен кедергілерді тек жаңашылдығыммен  және сыни ойлау арқылы кез келген тығырықтан шыға  алатынымды байқадым. Маған топпен орындалатын тапсырмаларды шешу және өз ой-тұжырымдамаларын жасауда тек бір адамның ғана емес топтың барлық мүшелерін қосу керектігінің арқасында топ мүшелерінің барлығы да қабілетті екендігін егер оның  бойында ұяңдық байқалса, өзіне сенімсіздік танытса өзге біреулердің қолдауы бағыт беруі арқылы өз ойын жинақтауға және  жеткізуге тырысатындығын білдім. Рухани мәдениет адамға  оқу, іздену адамгершілік қасиеттер арқылы  келетіндігін, материалдық мәдениет адамдардың ықпалымен болатындығын білдім, яғни бұл түсініктер арқылы менде мектеп тәжірибесінде топпен жұмыс жүргізу арқылы балаларды бір- бірімен пікірлестіру арқылы баланың ойын дамыта  алатындығымды білдім.   Бұған дейін сабақ өту барысында оқушыларды топта жұмыс жасауға ұмтылдырғаныммен мұнда  олардың ойларының қаншалықты ашылып жатқандығын байқамайтынмын және топтық жұмыс жүргізгенде тек топ басшысын сайлап сол арқылы ортақ шешімге келіп ойларын жеткізуде жұмыс жүргізсек, бұл тәсілдерді қолдану арқылы баланы тек бір топ басшысына ғана бағындырып қоймай,бір сабақта топ басшысын ауыстырып, яғни спикер, бағалаушы, бақылаушы, хатшы, баяндамашы рөлдерін беру,  баланың барлығының пікірін тыңдау және оның пікіріне қолдау көрсету арқылы баланың ойының ашылып, өзін еркін сезінуіне және өзіне сенімділік таныта білуіне бағыттайтындығымды ұғындым. Біліктілікті арттыру кезінде әр баланың бойындағы таланттылық пен дарындылықты анықтау және баланың осы қабілеттерін олардың іс- әрекеттерімен ұштастырып отыру арқылы баланы ортада белсенді жұмыс жүргізуге және олардың пәнге қызығушылығын арттыра алатындығымды түсіндім. Олардың бойындағы қабілеттерін анықтай отырып  топта рөлдік әдістерді қосу  арқылы өздерінің ойларын жеткізу барысында толық қамтылатындығын байқадым, бұл әдісті қолдану арқылы баланың когнитивті дамуына мүмкіндік берді. 1.Мұғалімнің бәрінен бұрын өз оқушыларының жетістіктеріне көңіл бөлуге тиіс. 2.Мұғалімдер өзінің дағдылары мен білімдерін үнемі жетілдіруге міндетті. 3 .Мұғалімнің міндетіне оқушылардың немесе олардың отбасыларының немесе олардың отбасыларының жеке проблемаларын шешуге көмектесу кірмейді. 4.Мұғалімдер мектепте қандай пәндер оқытылуға тиіс екендігі туралы шешім қабылдауда шешуші рөл атқаруға тиіс- деген жолдарын таңдап топтар арасында өз шешімімізді жариялап басқа топтарда

 

айтылған пікірлерге келіспегендігімді және оны дәлелді келтіру арқылы түзету енгізгеніміздің арқасында ортақ шешімге келдік яғни осы әдістерді  қолданғанда топтар арасында зерттеушілік әңгіменің жүріп жатқандығын  мектеп тәжірибесінде жүргізген жұмыстарымнан байқадым, сонымен қатар зерттеушілік әңгіме құру арқылы баланың өз ойын дәлелді келтіруіне мүмкіндік беретінін байқадым. Оқыту барысында кездесетін кедергілер және оларды жоюдың жолдарын қарастырдық және топта кедергілер қандай жағдайда туындайтындығына түсіндірме келтірдік. Біздің тобымызда кедергілер бұл:         педагогикалық тәсілдердің тиімсіздігінен және отбасының әсерінен болатындығы. Осы ой- пікірлерді тренеріміз жинақтап кедергіні бұл әртүрлі  әрекеттестік негізінде яғни әлеуметтік, эмоциялық және танымдық әсерлерінен  болатындығын айтып жеткізді. Оқытудағы мүмкіндіктерді тасымалдау оқушы қабілетін дамытуға байланысты берілген ресурс бойынша оқушыларға келтірілген кедергілер және ондағы мұғалімнің кедергіні жою жолдарын кесте бетіне түсіріп тыңдаушыларды топқа бөліп топта ой- пікірімізді білдірдік. Осындай мәселелерді түсіне отырып мектеп тәжірибесі кезіндегі кездескен кедергілерді жоюды сабырлықпен  шешудің  жолдарды қарастыра отырып орындадым. Кез- келген кедергіден педагогикалық тәсілдерді қолдана отырып шешуге ұмтылдым. Балалардың ойын ашық жеткізуін  сыни тұрғыдан ойлай отырып, топтық жұмысқа жұмыла  кірісуін қадағалау оқушыны өз бетінше жұмыс жасау арқылы жақсы оқитын балалармен жақын қарым- қатынас жасатып «көпірше» құруға бағыттадым. Осы тәсіл бойынша мұғалім тек бағыттаушы ал оқушы –ізденуші ретінде қарастырдым. Баланың метатанымын дамыту, ойлау қабілеттерін дамыту арқылы өзін дербестікке бағыттау өз қажеттіліктерін ұғына отырып «Мен» шыңына шығару жолындағы  нені үйрендім? Енді не істей аламын? деп өзіне сұрақ қоя алатын дәрежеге жеткізу және өз мақсаттарын айқындай алатын тұлғаны қалыптастыру жолын іздедім. Бұл айтылған негіздің өз санамның өзгеріп кез – келген нәрсеге  бағдарлай алатындығымды көре алдым. Әр қолданған  әдіс- тәсілдердің тиімді жолдарын қарастырып кездескен кедергілерді жою мақсатында жұмыстар жүргіздім. Сонымен қатар берілген білімнің тек ішкі уәжің болуы баланы ынталандыру, оқыту стратегияларын қамту бойынша оқытуды үйретуде (оң) және (теріс) көрсеткіштері нәтижесінде мақсатқа жететіндігін түсіндім. Түсінген түсінігімді сабақ өту барысында  басшылыққа алып отырдым. Осындай әдіс- тәсілдерді үйрену барысында   менің де түсінігім, сабақ беру әдісімде  өзгерді. Өз білімім мен біліктілігімді жетілдіруде Кембридждік тәсілдің жеті модулі бойынша білім алуда топтасып жұмыс жасау, мұғалім мен оқушы арасындағы кездескен кедергілер,

 

кедергілерді шешу жолдарын табу, ынталандыру, мақсат қою, қажеттілікті қанағаттандыра білу оқушының өзіндік «Мен»  ұғымының қалыптасуына бағытталған мақсаттың оң нәтиже көрсететіндігін және осы жолдағы «Мен»қажеттіліктен тек ішкі уәждің ықпалында екендігін түсіндім. Баланың когнитивті дамуында Выготскийдің жақын арадағы даму  аймағын  қолдану арқылы өз бетінше шешімді алмаған  білімді біреудің көмегімен игеретіндігі, білім мен біліктілікті дамытатындығына,  ал көпірше бұл оқушыға жан- жақты диалог  орнату арқылы өз бетінше түсініп мектепте ЖАДА-ны дамуды мұғалім ұйымдастыруды ассоциация  құру арқылы болатындығын интербелсенді диалог проблеманы анықтау  мен проблеманың мән мағынасын  түсіну ,шынайы өмірден( түсіну ) алуы тиіс. Кейс- стади жағдаяттар, ойларын топтасып ортаға салып жан- жақты талқылау кедергілерді жою арқылы зерттедім.  Жас ерекшеліктеріне қарай кедергілерді жою тәсілдері екендігін ұғындым. Өз түсінігімді өзгерте отырып өзімді –өзім  реттей алатындығымды және баланың өзін-өзі реттеуде қалай оқу керектігін үйренуде негізгі төрт факторды оның ішінде бала 1) сабақтағы оқу оқу үдерісін түсіну, 2)қалай  оқу керектігін үйрену; 3)оқу үдерісін қалай құрылымдау қажет екендігі туралы ұғымының қалыптасуы; оқу нәтижелігін бағалау мүмкіндігін игеру арқылы нәтижесінде оқушылардың мектептің ішінде және одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуетін арттыру. Осы тәсілдердің негізінде    балалармен қарым-қатынас жасауда ауызша марапаттаулар айтып эмоциялық жағымды сөздермен баға  беріп отыру арқылы бала қабілетінің дамуына әсер еттім. Мен өз тәжірибемде болған өзгерістер баланың идеясы қандай болсада топ ішінде қолдау көрсетіп, «дұрыс», «тағы  қалай толықтыруға болады?», «жарайсың», «өте жақсы» деген сөздермен қолдау көрсетіп отырдым.     Оқушыларға «жақсы» немесе «жаман» деген бағалар қоймай, топ арасында өз- өздерін бағалауға ұмтылдыру үшін «бағалау парақшаларын таратып отырдым.» Оқушыларды бұрын өзім ғана бағаласам, енді оқушылар өз- өздерін бағалайды. Себебі бұл тәсілдің ерекшелігі  баланың өзіне талдау жасауына бағыт берсе, бойындағы кемшілікті жоюға мүмкіндік беретіндігін білдім. Топтасып жұмыс жүргізу арқылы бала бойынан сенімділікті, жауапкершілікті және бір-біріне қолдау көрсету арқылы қамқорлық көрсеткенін байқадым.  Баланың өзін еркін сезініп ойын ашық айтуға  танымдылық қабілеттерін дамытып кез келген пікірге сыни тұрғыдан қарап, саналы шешім қабылдай білуге дағдыландырдым, сонымен қатар өзін-өзі реттеуді үйренді. Сыни ойлау арқылы өздері ізденіп  ойларын еркін  айта алуға үйренді. Дәстүрлі оқыту жүйесінен сындарлы оқыту жүйесіне көшіп, өз ойларын дәлелді тұжырыммен келтіруге ұмтылды. Кембридждік тәсіл негізінде диалог  Мерсердің диалогтың әңгіме құрудағы үш түрінде сабақта қолдана отырып тиімді тәсілдермен байланыстыра отырып сыныптағы берілген тапсырмалардың бала деңгейіне сәйкес етіп құру , сұрақ қоюдың дұрыс қойылғанда ғана тиімді тәсілге айналатындығын меңгердім. Сабақта сұрақ қоюдың тәсілдерін қолдана отырып олардың сыни тұрғыдан  ойлауын дамытатындығын ескере отырып өз тәжірибемде айтылған ойлардан нәтиже шығаруға ұмтылдым. Әр жастағы баланың даму деңгейіне қарай іс-әрекеттер жасау арқылы өмірде қолдана алатын білімнің қажеттілігін түсіне отырып білім мен түсінікті   қалыптастыруды көздедім. Бала осындай үдерістер нәтижесінде өзін- өзі реттеп, оқыту туралы не ойлайтындығын, өз бетінше қабылдай біледі және өзіне мен нені үйрендім? Тағы нені меңгере аламын деген ой тастайды. Өзін-өзі реттеуде бала өзіне деген қажеттілікті түсіну, оқудың қажеттілігін ұғыну және өз бойындағы шығармашылық қабілеттерін жаңаша тәсілдермен байланыстырады. Бағдарламадағы  тәсілді қолдану табысты білімге қол жеткізеді, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырады. Сабақтарымда 7 модуль  аясында ұйымдастыру арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын кеңейтіп нәтижесінде бала өзін- өзі реттеп оқытудың төрт саласы болатындығы яғни эмоциялық, әлеуметтік, когнитивті, ынталандырушылық деп осы салаларын қалыптастырып, меңгерту арқылы мектептегі іс-тәжірибе соңында өзіме-өзім « Мен осы курстан нені үйрендім? Өз тәжірибемде нені өзгерте алдым? Жеткен жетістігім мен көрсеткен нәтижем қандай?  Келешекке нені жоспарлаймын?»  деген сұрақтар қойып, қорытынды есеп жасадым.

      Нені үйрендім?

  • Жаңашылдықты
  • Оқыту тәсілдерін
  • Өзгенің пікірін тыңдау
  • Ортақ шешімге келу
  • Ынтымақтастық атмосферасын құруды

      Өз тәжірибемде нені өзгерте алдым?

  • Оқушыларға топтық ережені сақтауды
  • Дәстүрлі оқытудан сындарлылыққа көшуді
  • Сыни тұрғыдан ойлауды
  • Оқыту үшін бағалауды
  • Үлгерімі төмен оқушыларды жұппен жұмыс жүргізу арқылы өз ойын жеткізуді

Жеткен нәтижем

  • Оқушылардың сабаққа  деген қызығушылықтарын  арттырдым
  • Барлық оқушыларды қамтыдым
  • Педагогикалық шеберлігімді жетілдірдім

     

 

 

 

 

Келешекке  жоспарым?

  • Жеті модуль бойынша өз іс- тәжірибемді дамытуды
  • уақытты тиімді пайдалануға тырысып тиімді тәсілдерді қолданып оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуына қажетті ашық сұрақтарды қолдану, өз ойын ашық еркін жеткізуін қарастырдым.

Осындай білім беру арқылы  оқушылардың өздерін  жоғарғы деңгейден көрсете алатындығына сенімдімін.  Бұл курстан соң мұғалім өзгеру керек екенін    ұқтым, себебі  біз бұрыңғы дәстүрлі сабақтан арылып, қазіргі жаңа XXI ғасырдың көшбасшысы ретінде  жаңа  әдіс – тәсілдерді  меңгерген, жаңашыл ұстаз болып, келешек Қазақстанның болашақ  азаматтарын білімді де, білікті  жеке тұлға болып қалыптасуы  үшін аянбай еңбек ету.