Қой шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі саласы (тәуекел сабақ)

 

Апта- 3Күні:16.05.2012 жПәні: биологияСыныбы:7
Сабақтың тақырыбыҚой шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі саласы (тәуекел сабақ)
Сабақтың атауыБекіту сабағы
Сілтеме Alexander7 R.J.(Диалогтық оқыту) Mercer N ( Сөздер мен ойлар). Schon D (Кәсіби іс-әрекетте қалайша ойланады.) Қ. Қайым, Р.Сәттімбеов… Биология 7 сынып.
Жалпы мақсатыОқушылармен бірлесе отырып, шаруашылықтың мақсаты мен міндеті маңызы жайлы тақылап, сабақ барысында тәлімгер ретінде оқушыларды тәрбиелей отырып, түсіндіру.

 

Оқушы үшін оқу нәтижелеріОқудағы қиындықтар мен мәселелерді шешу. Сабақтың талаптарын орындау барысында өз жетістігін көру. Рөлді сезіне білу.
Сабақта туындаған негізгі идеяларДарынды және талантты оқушылар суырылып алға шығады. Өмірде болып жатқан мамандықтардың іс жүзінде жүргізілу қиындықтарын түсінеді. Шамасы жеткендерінше пирамида деңгейінде қалады.
Тапсырмалар

Мұғалімнің оқулықты негізге ала отырып, жасаған тапсырмалары

1-тапсырма

  • Бастық болып сезіну.
  • Шаруашылықты жүзеге асыру арқылы жоспар құрып, оны оқушыларға ұсыну (мақсатын, міндетін, іс-әрекетін яғни жұмысшылар алу және оларды қанағаттандыру жолдары қарастырылады)
2-тапсырма

  • Ең озық оқушыларға ұнаған шаруашылықтарды таңдау .
  • Ісін жалғастырушы шаруашылықтардың бір-бірімен шартқа отыруы (Ең көп серіктес жинаған шаруашылықтар таңдалады)
3-тапсырма

Банкрот болған шаруашылық иелерінің басқа шаруашылыққа жұмысқа тұруы

4-тапсырма

  • Жұмысшылар алу
  • Басқа шаруашылыққа жұмысшыларды жібермеу үшін ынталандыру жолдарын қарастыру

·         Кері байланыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалар:

  1. Мұғалім мақсатын түсіндіреді.
  2. Жұмыстың қалай жүргізілетіне байланысты бағыт береді.

 

1-тапсырма (шағын топпен жұмыс). Жалпы басшы болу деген не? Ол үшін не істеу керек? деген сұрақ беріп, берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау

Сұраққа жауап беру.

 

Жеке жұмыс : Бастық ретінде жоспарларын сыныптастарына ұсыну

 

 

 

2-тапсырма: 1.Ұнаған жоспарларға дауыс береді.

2. Дауыс көп жинаған шаруашылықтар істерін жалғастырады.

3. Өздеріне серіктестер жинайды.

 

3-тапсырма:Серіктестік жинай алмаған шаруашылықтар өздеріне банкрот жариялап, өздеріне басқа шаруашылықтан жұмыстар қарастырады.

 

4-тапсырма: Жеңген шаруашылықтар жұмысшылар қабылдайды (бәсекеге түседі)

Басқа шаруашылыққа жұмысшыларды жібермеу үшін ынталандыру жұмыстарын жүргізеді.

Сабақ соңындағы нәтиже

1.      Жеңімпаз қой шаруашылығы пайдасы

2.      Жұмысшылар саны

3.      Көп серіктестер жинаған шаруашылықтар

4.      Озық жоспармен шыққандар

5.      Бастапқы щаруашылықтар

Сабақты талдау:

  • Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?
  • Бәрінен де неге риза болдың?
  • Сіздерге ең оңайы не болды?
  • Сіздерге не ерекше қиын болды?
  • Өз проблемаларыңызды шешуге не көмектесті?

 

Дереккөздер және жабдықтар: қима қағаздар.
 Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары:

Жұптық,топтық жұмыс

Диалогтік оқыту

Көшбасшылықты анықтау

Сабақты бағалау: Әрбір оқушылардың пирамидадағы орнына байланысты бағаланады. Жеңімпаз қой шаруашылығы мен табысы жоғарылар «5», Жұмысшылар саны мен серіктестер саны бойынша «4», Бастапқы шаруашылықбастықтары мен озық жоспарлар «3»

Жеңімпаз қой шаруашылығының жеңімпазы мен пирамида дегейі бойынша орнына байланысты «сұхбат» береді..SAM_1738.AVISAM_1624.AVISAM_1623.AVI

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қой шаруашылығы  — мал шаруашылығының негізгі саласы» тақырыбы

бойынша рефлективтік есеп

«Қой шаруашылығы- мал шаруашылығының негізгі саласы» тақырыбын өзгеше өткізуге тырыстым. Олай деп шешкенімнің басты себебі Қашықтықтан оқыту кезеңінің 2.3- тапсырмасы бойынша ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, бұрын өзіңіз қолданбаған белсенді оқытушылық стратегияңызды (топтық талқылаудан өзгеше) пайдалана отырып Сіз тәуекел ететін сабақ деп аталатын тапсырманы орындау.. Өзіме деген сенімділігім бірде басым, бірде күмәнді болды. Сонда да сабақты өткізу, мен үшін батылдықты талап етті.Себебі бұрын сабақ өткізу кезінде бұл әдіс- тәсілді қолданған да, ойланғанда емеспін.

Қашықтықтан оқыту кезеңінің тапсырмасы бойынша тәуекел сабақ өткізуге тиіс болған соң ойлануға тура келді.  Ойыма неше түрлі идеялар бірде кіріп, бірде естен шығып, ұмыт болып жатты.

Біраз ойланып мынадай ойға келіп, оны өзіме мақсат еттім;

  • тақырып бойынша бүгінгі таңда куә болып жүрген мәселені алға қою
  • проблеманы шеше білу
  • сыни тұрғыдан ойлай алу
  • дарынды немесе талантты балалардың көрінуі
  • рөлді сезінуі
  • сабақ соңында көшбасшы оқушының байқалуы тиіс

деген оймен «қой шаруашылығы» тақырыбында пирамида бойынша тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге, жеке – дара жұмыстан топқа көшу үшін тапсырмалар ойластырдым.

Сөйтіп, белгілі бір тапсырмаларды жүйе арқылы оқушыларға бере отырып, сабақ соңын нәтижелі аяқтадым.

Әдеттегі сабақты топқа бөлуден бастасам, бұл сабақты керісінше жекеден топқа ауыстырдым және де топ оқушылардың іс –әрекеті бойынша өз еріктерімен құралды.

Бірінші тапсырма Қой шаруашылығын құру, оның басшысы бола отырып, мақсаты мен міндетін анықтау болды. Тапсырманың мақсаты рөлді сезіне білу, нәтиже шығару. Қашықтықтан оқу кезеңінің тапсырмасы бойынша өзін – өзі реттеуін, оқушыларға қойылған тапсырмалар мен олардың жауаптарын анықтау. Барлық оқушылар мақсаттары мен міндеттерін айқындап оқып берді.

Екінші тапсырма Оқушы бастықтардың жұмысын қарастыра отырып, жақсы деген төрт шаруашылықты таңдау. Бұл тапсырманың мақсаты ұшқырл ойлы, нақты жауаптарды ескере отырып, сыни ойлауға жетелейді.

Үшінші тапсырма өзара жұмыс жүргізуі жағынан ұнаған шаруашылықтармен бірлесу үшін келісім шартқа отырады.

Төртінші тапсырма жинаған серіктестеріне байланысты серіктестер саны көп шарушылықтар жұмысын жалғастырады да, жинайнай алмағандары өз шаруашылығын тоқтату үшін банкрот жариялайды. Мақсаты кез –келегн жағдайға көндігіп  мойынсынуға,  мойымай еңбегін жалғастыруға үйрету.

Бесінші тапсырма алға шыққан шаруа қожалықтары жұмысшы алу үшін ереже шығарып, жарнама жасау, ал өз жұмысын тоқтанқан жұмысшылар өздерін қанағаттандыратын шаруашылыққа жұмысқа орналасады.

Алтыншы тапсырма  жұмысшыларды маман ретінде қол астына орналастыру, мақсаты әр нәрсенің орнын білу, қадірін түсіну, ынталандыру.

Жетінші әрекет бағалау, айпайда балалар өз бағаларын түсінді, пирамиданың алты деңгейі бойынша төменнен жоғары қарай жұмыстың жеткен жеріне дейін бағаланды.

Расында да, жоғарыда көрсетілгендей алға қойған мақсаттарым орындалып, ойым жүзеге асты. Бұл сабақ оқушы үшін де, мен үшін де жемісті болды. Күнделікті жай сабақтардан ерекшеленіп шыққандықтан ба, тағыда өткізсем деп ойласам, осы оқиға қайталанбайтынын іштей сезем. Мүмкін бұданда сәтті болар немесе керісінше сәтсіз болар!?

Сабақ соңында оқыту үшін бағалау пирамида деңгейі бойынша бағаладым. Оқушыларды қызықтыру үшін, шынайы марапаттың, еңбектің бағалануы болатынын сездіру үшін алғашқы үш жеңімпаз шаруашылықпен және ойын білдіремін деген оқушылардан диалогтық оқытудың бір түрі «сұхбатты» пайдаланып, камераға сұхбат алдым. Кері байланыс ретінде «мұғалімге хат» деген атаумен сабаққа рефлексияларын хат арқылы жазды.

  1. Сайранбек Г: Бүгінгі сабақта жетістікке жету үшін міндет пен мақсат және ой қабілеті керек екенін түсіндім және балалардың өз ойларын айтқан, жалпы бүгінгі сабақ ұнады.
  2. Хапар Нұрсұлу:Мен бүгінгі сабақтан үйренгенім: болашаққа сәл де болсын саяхат жасадым. Өмірге құлшынысым оянды. Шаруашылық ашудың қиын екенін түсіндім. Әр нәрсеге дұрыс көзбен, батылдықпен, үлкен міндетпен қарау керек екенін ұғына білдім. Болашаққа деген жеңіл көзқарасым өзгерді.
  3. Қайратқызы Жұлдыз Бүгінгі сабақ өте қызықты, әрі танымды болды.мен сабақтан үлкен әсер алдым. Мен шаруашылықпен айналыссам, менің қолымнан келеді деп ойлаймын.

Курстас әріптестерім, сабаққа көңілі толатындығын айтып, өз ойларын білдірді. А.Рашатхан,    Б.С.Абылкаирова