Көпжасушалы жануарлардың зәр шығару жүйесі
Көпжасушалы жануарлардың зәр шығару жүйесі»
Сабақтың мақсаты: Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың зәр шығаруы және зәршығару жүйесінің құрылысы жайлы білімдерін кеңейту;зәр шығарудың ағза үшін маңызы, ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын мүшелердің құрылымы мен қызметіне тоқталу, оқып үйрену; адамның тұлға ретінде қалыптасуын, адамгершілік тәрбиеге баулу; өз беттерімен іздену дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі.
- Үй тапсырмасы
- Жаңа сабақ
- «Білгеніңді баянда» ( Бекіту сұрақтары)
- «Сәйкестігін тап» (Өздік жұмысы)
- «Сөздер сыры»
- «Жануарлар дүниесінің ғажайып сырлары»
- «Жұмбақ шешу»
- Үй тапсырмасы:
Тест түрінде беріледі.
І – нұсқа
- Газалмасу дегеніміз………
а)қоректік заттардың сіңірілуі ә) судың ағзадағы мөлшері
б) оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын сыртқа шығару в) қанның қозалуы
- Адам 1 минутта неше рет тыныс алады
а) 10-12 ә) 12-13 б) 13-14 в) 15-18
- Оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын сыртқа шығаратын ағзалар……..
а) аэробты ә) анаэробты б) паразитті в) гетеротрофты
- Хордалылардың тынысалу жүйесі?
а) демтүтік, тері жабыны, желбезек б) танау тесігі, көмекей, кеңірдек, өкпе
ә) бүкіл денесі, ауа қапшығы, демтүтік в) шапанша қалтасы, демтүтік
- «Қосарлы тыныс алу» қай жануарларға тән?
а) қосмекенділер ә) жорғалаушылар б) сүтқоректілер в) құстар
- Қиқоңыз, зауза, сүңгуір қоңыздардың тыныс алуы……..
а) тері ә) демтүтік в) ауа қапшығы б) бүкіл денесі
- Өрмекшітектестер, бунақденелілердің тыныс алуы……
а) демтүтік ә) шапанша в) жасыл без б) көмей
ІІ – нұсқа
- Жануарлардың ішкі мүшелерінде тіршілік ететін паразит жануарлар, яғни оттексіз тыныс алатын ағзалар…….
а) аэробты ә) анаэробты б) автотрофты в) гетеротрофты
- Гидраның тыныс алу мүшесі…….
а) өкпе ә) ауа қапшығы б) барлық денесі арқылы в) желбезек
- Құрлық ұлуларының тыныс алуы……….
а) өкпе ә) тері жабыны б) желбезек в) демтүтік
- Балық қанша жұп желбезек доғаларынан турады?
а) 2-3жұп ә) 6-7 жұп б) 5-6 жұп в) 3-4 жұп
- Қосмекенділердің қосымша газ алмасуы……..
а) тері арқылы ә) мальпигй түтігі б) демтүтік в) желбезек
- 5. «Қосарлы тыныс алу» қай жануарларға тән?
а) қосмекенділер ә) жорғалаушылар б) сүтқоректілер в) құстар
- Шаянтәрізділердің тыныс алуы…….
а) өкпе ә) тері жабыны б) демтүтік в) желбезек
- Жаңа сабақ
Қалдық заттар
Несеп
Улы заттар Қажетсіз өнімдер
Көмірқышқыл газы
Ыдырау өнімдерін
шығарудың маңызы
Артық су Бөгде заттар
Ағзаның ішкі
ортасының
тұрақтылығын сақтау
Ағзада түзілетін заттар
Тығыз Сұйық Газ
Көпжасушалы жануарлардың зәршығару жүйесі:
Құрттарда (ақ сұлама, шұбалшаң) зәршығару мүшесінің дене ішіндегі ұшы кеңірек кірпікшелі жұлдызша тәрізді болып жіңішке түтікке айналады да, оның ұшы тері жабыны арқылы сыртқа ашылады.
Ұлуда зәршығару қызметін шапанша қуысына ашылатын бүйрек атқарады. Оның құрылысы күрделірек болғанымен, ол шұбалшаңның жұлдызша түтіктеріне ұқсас.
Шаянтектестерде зәршығару мүшесінің қызметін жасыл түсті жұп без атқарады. Әр безден шығатын түтікше қан арқылы жиналатын зиянды заттарды мұртшалардың түбінен сыртқа шығарады.
Өрмекшілер мен бунақденелілер негізінен мальпигий түтікшелері арқылы зәр шығарады. Дегенмен өрмекшінің көкірек бөлімінде бүйрегі болады. Ал қоңыздың тоқ ішек пен аш ішектің жалғасатын жеріндегі мальпигий түтікшелеріне денедегі зиянды сұйықтар жиналып, аналь тесігі арқылы сыртқа шығарылады.
Омыртқалы жануарлардың зәршығару жүйесі бір-бірімен ұқсас. Бүйректен несеп (зәр) несепағар түтігі арқылы қуыққа жиналып, одан клоака арқылы сыртқа шығарылады. Дегенмен бұл жүйеде әр жануардың түріне қарай аздаған өзіне тән ерекшеліктер бар. Мысалы, құста қуық болмайды. Несеп бүйректен несеп түтігі арқылы клоакаға жиналады да, сыртқа жиі шығарылады. Бұл – құстың ұшуымен байланысты ерекшелік, яғни оның денесін жеңілдететін бейімділік қасиеті болып табылады
- «Білгеніңді баянда» ( Бекіту сұрақтары)
(суреттегі көпжасушалы жануарлардың атын тауып, зәр шығару мүшелерінің құрылысына тоқтал)
Шаян – зәр шығару жүйесі – Жасыл жұп без
Өрмекші – зәр шығару жүйесі – мальпигий түтігі
Балық – зәр шығару жүйесі – бүйрек
Құрттар – зәр шығару жүйесі – жұлдызша тәрізді түтік
Құстар – зәр шығару жүйесі — бүйрек
Ара – зәр шығару жүйесі – мальпигий түтігі
4.«Сәйкестігін тап» (Өздік жұмысы)
(Биология оқулығының 143 бет, «А» нұсқасы Тапсырма – 1)
Көпжасушалы жануарлар ағзасында түзілетін сыртқа шығарылуы тиіс заттарға нелер жатады? Ол заттарды тізімнен теріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
- оттегі
- көмірқышқыл газы
- құрылыс материалы
- қанның қызыл түйіршіктері
- несеп
- вакуоль
- нәжіс
- «Сөздер сыры»
- Сөз сыры аңғарсаң, қызық тым,
Бір сөз бар – баспана болатын,
«К» әрпі «Б» мен «Г» болса егер,
Насеком болады, қаныңды соратын
(Бүрге)
2.Екі – ақ әріп – бір жануар адам досы,
Алып жануар оқисың «К»-ны қосып,
«К» әрпін «Б» менен ауыстырсаң,
Бөртпе сүзек тұрады сені тосып.
(Бит)
3.Жанға шипа өсімдіктің нәрінен.
«Р» әрпін «Б» әрпіне ауыстыр.
Жою керек, аулақ оның бәрінен.
Қай насеком, бізге соны таныстыр!
(Шырын)
- «Жануарлар дүниесінің ғажайып сырлары»
— Ең жылдам ұшатын қандай бунақденелілер?
(сағатына 90 км жылдамдықпен ұшатын – инеліктер)
— Ең үлкен бақалшақ қай жануарларда болады?
(жылы теңіздерде өмір сүретін, диаметрі 1 метрден асатын теңіз ұлуы)
- Қоғамдық бунақденелілер деген не?
(бунақденелілердің бірнеше түрлері ара, құмырсқа – шоғырланып, топталып тіршілік
етеді)
— Өрмекшілер немен қоректенеді?
(барлық өрмекшілер жәндікқоректі болады, сондықтан ұсақ құрт – құмырсқалармен
қоректенеді)
- «Жұмбақ шешу»
- Қаймықпайды күшті аңнан,
Қорқады тек тышқанан.
(Піл)
- Жазда жатпай, қырдағы гүлді кезеді.
Өзі де татпай,
Жинайды гүлдің шырынын.
Тисең оған құрыдың.
(Ара)
- Сабы жоқ қамшы.
Ешкімге ұсынба.
Уы бар бір тамшы,
Тілінің ұшында.
(Жылан)
- Бір жәндік ұшып жүріп ән салады?
Әркімге қонақ болып бір барады.
Барлығы мақұлықтың ығыр болған,
Дауысын естігенде зар қағады.
(Маса)
Қорытынды:
Соынмен зәршығару – жануар ағзасына тән, асқорытумен тікелек байланысты, денені артық, зиянды заттардан тазартып, тіршіліктің сақталуын қамтамасыз ететін аса маңызды процесс.
Зәршығару мүшелері жануарлардың әрқайсысында әр түрлі болғанымен, барлығының қызметі ағзаға түскен немесе ағзада түзілетін зиянды заттарды «сүзіп» , «жинақтап», сыртқы ортаға шығару болып табылады.
Зиянды заттарды ағзада бөліп, жинақтайтын негізгі мүше:
Қарапайымдарда – жиырылғыш вакуольдер, құрттарда – жұлдызша түтікшелер, ұлуда – шұбалшаңның түтікшелеріне ұқсас бүйрек, шаянтектестерде – жасыл түсті бір жұп бездер,
өрмекшітектестер мен бунақденелілерде – мальпигий түткішелері, омыртқалы жануарларда – бүйрек.
Үйге тапсырма: §40 «Көпжасушалы жануарлардың зәр шығару жүйесі»
143 бет, «В» нұсқасы Тапсырма — 2