Есірткісіз болашақ !
Сабақтың тақырыбы : Есірткісіз болашақ !
Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға темекі, арақ, наша тәрізді заттардың
зиянын ашып беру
2.Салауатты өмір жайлы түсініктерді дамыту
3.Балаларды белсенділікке , өнерге тәрбиелеу
Көрнекілігі: денсаулық жайлы нақыл сөздер, анаграмма, магнитофон
Бастаушы: Құрметті ұстаздар! Қазіргі заман талабына сәйкес денсаулық ең басты проблеманың бірі болып табылады. Адам және қоғамның ортасындағы тепе-теңдік заңдылығының сақталмауы үлкен қайшылыққа әкеп соғуда. Бүгінгі біздің « Тапқыштар,әзілқойлар ,көңілділер» клубының тақырыбы да осыған өзекті мәселеге байланысты.Олай болса,құрметті көрермендер жат әдет ,жат қылықтан аулақ болып салауатты өмірге көшелік дей келе бүгінгі кештің бағдарламасымен танысайық.
1 Үй тапсырмасымен таныстыру.
2 Пікірсайыс. «Темекінің пайдасы мен зияны»
3 Жорға сайысы
Топ 1 минутта қанша сұраққа жауап береді, сол баллмен есептеледі
4 Мақал-мәтел салауатты өмірде
5«Үнсіздік өнері» жат қылық ,әдеттерді юмормен қимыл арқылы
көрсету
Ортада «Бастау» және « Тамаша» тобы өз өнерлерін көрсетіп сайысқа түседі
1.Таныстыру және әдеттегідей үй тапсырмасы.
Салауатты өмірдің салты қандай?
Келейік әзәзілді ауызға алмай,
Өнегелі іс, өрелі жолға түсіп,
Спорт десе жүрейік қамшы салмай,
Сол үшін үй тапсырма беріледі.
Құру үшін түрлі ойлар өріледі,
Өнері, сөз саптауы осы топтың,
Бұл бөлімде ап-анық көрінеді.
«Бастау» тобы.(Бастары салбыраған « Дерт» хандығы, елдері азып-тозған халқының тұрмысы нашар, арақ-шарап әбден жаулаған, сахнаға шығады.)
Өлең «Сен осындасың» А. Шевченко әуенімен.
Сонау ерте заманда,
«Дерт» деген бір қамалда,
«Сырқат» атты хан бопты.
Қатерлі жау адамға,
Кәрілік , енжарлық та .
Темекі мен арақ та,
Жаулап апты бұл жерді,
Сонау елден жырақта.
Қайырмасы:
Алға, дүниені жалма!
Бүкіл елді жаула! Алға!
Қарсы тұрайық сауға,
Ауру жайлапты бұл елді
Қатер басты бар жерді.
Бір күні ел жиыпты
Сауға қарсы тұрыпты.
«Саулық» ханның елінде,
Қарсы жасақ құрыпты.
Аттандырып саулыққа,
Темекіні жаулыққа,
Арақ-шарап нашаны
Жіберіпті жан-жаққа.
Алға, дүниені жалма!
Бүкіл елді жаула ! Алға!
Қарсы тұрайық сауға.
«Куә бол» әуенімен бұраңдап арақ шығады.
Көзімді ашсам да,қыссам да көрем сені,
Еседі шаттықтың самал желі,
Куә бол адамдар, мастығыма,
Куә бол темекі көлеңкелі.
Қайырмасы:
Куә бол ,ұйқы,
Куә бол, күлкі,
Куә бол, төбелесім.
Көп іздеп мен бүгін оны таптым,
Көп ішіп құшақтап мені жаттың.
Ризамын, жан досым саған бүгін,
Қарызға белшеден бүгін баттым.
Қайырмасы
Куә бол, ұйқы,
Куә бол, күлкі,
Куә бол, төбелесім.
«Қыс» әуенімен билеп, темекі шығады.
Насыбайдың ағасы,
Жоғарырақ бағасы.
Темекі мен болам
Анашаның сағасы.
Тез суалтып әріңді
Бұзам лезде сәніңді
Естеріңді жиғызбай
Бұраңдатам бәріңді
.о-о-о
Саған қала ма? Алды-артыңа қарама, төле ақшасын
Жаның шығып бара ма?
«Менің әлемім» әуенімен анаша есіріп шығады.
Есіртіп мені мүлде
Сағынып тұрам күнде
Ақылды түгел жаулап алдың,
Санаңмен жүрем бірге.
Қайырмасы:
Мен сыйлаймын саған шаттық,
Мас болып бірге жаттық,
Инені салып қолға
Түсесің тез-ақ торға
Емделсең жылдан-жылға
Жазыларсың жылдан-жылға
Жазыларсың менен зорға.
(Мас жігіт ортада. «Саулық» хан ортаға шығады)
Саулық хан:
О, адамзат,неге мұнша жүдедің?
Ел алдында көз сүйсінер қалпында.
Гүлдей жайнап жүр едің,
Арақ,наша, темекімен достасып,
Адамшылық қасиетпен қоштасып,
Тұрған түрің аянышты, қаншалық.
Жігіт: Алдияр хан!
Денсаулықтың ордасы,
Тағдырымды бердім бүгін қолыңа.
Хан: Жас жігіт,
Өшпес бойда сәулең бар,
Алған улап санаңды.
Темекі мен анашадан,
Бойға түскен жараңды.
Тез арада емдеп-жазып беремін.
Мынау қазақ даласына
Тірлік дәнін сеуіп бүгін келемін.
Шақырайын ортаға,
Сен қадірлер қасиеттің бәрін мен.
Ақыл, Достық,Спорт-үшеуі бірге «Достарым» әні әуенімен өлең айтады:
Жаман әдетпен достассаң бүгін қас-қағым,
Ойлай бер досым өмірден қалып ақсадым.
Тарыққан кезде спортпен достас ақылмен,
Болашағың зор , шықса егер десең жақсы атың.
Жабыққан сәтте аңсадың мазамды алып жүр жаңсақ үн.
Достасып бірге жүрейік,
Әуелеп кетсін асқақ үн.
«Түнгі Алматы» әуенімен спортшыларша киінген топ билей жөнеледі
Бұл күндері спорт керек,
Достасуға бәріңе,
Көңілді күй кешіп жүрміз.
Хан ойнайды әріңде.
Қайырмасы:
Бір-екі –үш алға шықшы,
Дайындалшы дем алмай
Жарыстарда көрінейік
Алдымызға жан салмай
Темекімен насыбайдан
Қоштасатын кез келді
Зияндығын осы отырған
Оқушылар дәл сезді.
Қайырмасы (бәрі шығып кетеді)
«Тамаша» тобы.
Арақ шығады.
Бүгін Сарыөзек орта мектебінде салауатты өмір салтына КВН өтпекші.Соған арақ пен есірткімен есірсеңіздерде, есірмесеңіздер де есік ашық.Келуге болады,-дейді.
Темекі шығады:
Онда ақырын басып ішіне кірейік,
Бүлдірмей ған ішінен ірейік.
Күштің көбі біздің жақта
Улайтын негізгі күшіңді сақта.
(Қыздар өтеді)
«Арақ»:
-Қыздар, насыбай несімен зиянды?
Қыздар:
-Соны білмейсің бе, досым?
Шайнап зиянды сөлін жұтасың
Тісіңді сарғайтып ертерек құртасың
Оның дос темекі мен арағы бар
Есіртер сені тарағы бар
Қала берлі шарабы бар.
(«Ал давай») оқушылар рэп билейді.
Бұрын мұндайды кім естіпті,
Есірткі жастарды көп есіртті
Ақыл естерін түгел жаулап
Болашаққа үмітін шорт кесіпті.
Сондай есірткінің бір інісі
Еліктеп жүр-ау оған бар кісі.
Насыбай деген шықты ғой
Ылаңға толы оның бар ісі,
Арақ дегенің сусын болды .
Ісіне оның тойып болды.
Барлық қазақ оған үйір
Бұл күні сондай дәулет қонды.
Ла-ла-ла
(Азып-тозған жігіт шығады)
Жігіт:
Есім кетіп басымнан,
Достасыппын темекімен жасымнан.
Ішіп алып арағын,
Орманына күйіп кеттім жаланың.
Енді міне, кімге керек азған жан,
Өлу керек, өшу керек тек маған.
Қыз: О,жас жігіт, ойда жоқта жолықтың.
Неден сонша тарықтың?
Жігіт:Қолым міне дірілдейді қалтырап,
Ішім түтін, сыртым ғана жылтырап,
Өкпе,жүрек, бүйректнрім өкпелеп,
Бұлшықетім қалған мүлде қалжырап,
Кімге керек мұндай жан?
Өлу керек, өшу керек тек маған.
Қыз:Жассың әлі жайнап шығар жарқырап,
Ақталуға сен барыңды сал ,шырақ!
Шақырайық ортаға біз арақ деген азғынды.
Бар қылмыстыжасағанда жауаптан ол қорқа ма?
(Арақ шынжырлаулы,айып столына отырады)
Сот:Уа,қарағым,жағдайың бар есірген,
Тәртең қысқа болып тұр-ау көсілген.
Балта шаптың міне, талай өмірге,
Мойныңда тұр нақақ қандар кесілген.
Үкім етем, сондықтан Россияға тайып тұр.
Ізің түгіл иісің қалмасын.
Тағылатын саған, міне айып бұл.
Арақ:Датым бар!
-Уа халайық,уа халайық!
Менің орным ерекше.
Ішіп алып мені өздерің,
Пайдаланып келдіңіздер керекше.
Енді қазір аулақ тастап іргені
Салауатты өмір деген кіргелі,
Мазаны алып барасыздар,тәйірі,
Енді бұған не дейін?(жылайды)
Наша деген досыммен,
Ең болмаса қош айтысып кетейін
Келсін наша ортаға,
Бәрін түгел бүлдіргенде
Жауаптан ол қорқа ма?
-(Әй, сірә да қорықпайды,
Ондай өлім жендеттері
Бар жазаны қортпайды.
(Анаша келіп арақпен қоштасады)
«Кінәлама» әуенімен Анаша:
Кіналама,мені дос, кіналама,
Кіналауға жарамас оған бала.
Менен басқа достарым ортаңызда
Толып жатыр бұл күні кіналауға.
Қайырмасы:
Қинамаймын тартпасаң темекіні,
Таңдап аламын лезде-ақ бірді-екілі.
Қалмай жүріп соңымнан ілесесің,
Тартқаннан соң аузыңа бірді-екіні.
(Анаша тұтқындалды)
Сот:»Ләйлә қалқам» әуенімен
Қолыңа салып шынжырды
Сыйладық саған мың жылды.
Түрмеде тұрып шіріңіз,
Қалмаңыз мұнда біріңіз.
Қайырмасы:
Спорт деген қалқам-ай,
Ал жігітті қалқаңа-ай
Риза боп мына өмірге
Жүрсін сенің арқаңда –ай
Баршаға сыйлап шымыр ғып,
Спортпен достас достарым,
Ашылсын үлкен шымылдық.
Басын көтерген жігіт:
«Өмір»әуенімен
Риза болып тұрмын мен баршаңызға бүгін
Арақ деген досымның көріп тұрмын түрін.
Қош бол енді темекі арақ-шарап-ескі достар.
Қалдың бұл күндері артта.
Қайырмасы:
Спорт қайдасың?
Жанға пайдасың.
Өмір не деген,
Жарқыраған айнасың?
2-бөлім .Пікірсайыс
1-аргумент «Темекі адам санасын және өмірін улайды» Темекіні жақтаушы спикерге сөз берейік.
2-аргумент Жақтаушы спикерге сөз берейік.
«Темекі-экономика-ғылым»
3-бөлім Жорға сайысы
Бастаушы:
Сұрақ-жауап,бұл жерде үлкен сынақ.
Жаңылмаңыз жауапта одан бірақ,
Тез айтайық жаңылмай ойды жинап.
Кетпеңіздер жауаптан өте жырақ.
Сұрақ : «Бастау» тобына
1.Салауатты өмір салтының досы Спорт
2.Ардың тажалы Арақ
- 21 ғасырдың обасы Спид
4.Денсаулық туралы ғылым валеология
5.Тістің бұзылуына алғашқы ұшырайтын құрылым Эмаль
6.Қазақтың шипалы тағамы Қымыз
- темекіден пайда болатын ауру Рак
- Ағзаға керекті кенеулі зат Ақуыз
9.Адамға өмірде бірінші не керек? Денсаулық
«Тамаша» тобына
1.Темекі аздырады, Арақ ———— тоздырады
2.Темекі бірден қай жерге әсер етеді? Миға,өкпеге
3.Темекінің құрамында қандай зиянды затар бар ?
4.Дүкендерде неше жастан бастап темекі , ішімдік сатуға рұқсат? 21 жас
5.Адам 1 тал шылым шеккенде неше никотин қабылдайды?
6.Ішімдік қандай ауруларға әкеп соқтырады? Жүрек қан-тамыр аурулары
7.Спид қандай жолдармен жұғады? Қан ,жыныстық қатынас арқылы
- Қандай жерлерде темекі шегуге тыйым салынған? Қоғамдық
орындарда мектепте арухана,театрда,автобуста.
- 1тал шылым адам өмірін қанша қысқартады? 15 минутқа
4.Мақал — мәтелдер
Бастаушы: Мақал-мәтел ежелден іргесі бір,
Сөз мәнін тыңдай білсең, үйлесіп тұр
Өнегелі мағына бойында мол,
Тыңдасаңыз адамшылық желі есіп тұр.
- Үнсіздік өнері.Темекі мен араққа байланысты жаман
әдет –қылықтарды үнсіз қимыл өнерімен көрсетеді.
Қимылдың әрбірінде үлкен сыр бар,
Шеберлік оған керек түрлі қырлар.
Байқаңыз әр қимылға ден қойыңыз,
Табасыз іштерінен үлкен сырлар.