«Арал теңізінің экологиялық ахуалы»

 

Сабақтың тақырыбы:«Арал теңізінің экологиялық ахуалы»

Сабақтың негізгі мақсаты: Біз осы жайында өз ой- пікірімізбен таразыға салып көрейік.

Сабақтың типі:дәстүрлі емес

Сабақтың түрі:пікір сайыс

Сабақ барысы:

Үй тапсырмасы:»Қоршаған ортаның экологиясын бақылау» ізденіс жұмыстары

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар топқа бөлінеді:

«Парасат» тобы«Ақиқат» тобы
ЖақтаушыДаттаушы

Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.

Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда үш спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын, дефинициясын, критерийін,дәлелдерін) таныстырады.

ІІ. Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер дәлелдемелермен) мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
3. Екі фракция бір- біріне сұрақ қояды.

ІІІ. Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады.
2. Қорытынды.

Сайысымыздың ережесі:
1. Бос айтыс, тартыстан аулақ болу
2. Қарсыласыңды қорқытуға әуес болма
3. Мысқыл сұрақтар қоюға болмайды.
4. Қарма- қарсы сұрақтарға берілген уақытты тиімді пайдалану.
5. Қосымша қойылатын сұрақтарға дайын болу шарт.
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші бастайтыны белгілі болады. Әңгімемізге арқау болу үшін біз алдымен «Арал экологиясы» бейнекөрінісіне кезек берейік.

Жүргізуші: Көріністі көріп тамашаладыңыздар. Ендеше бірінші бөлімге кезек берейік. Таныстыру Уақыттарыңыз-1- минут

Жүргізуші: Қарсыластар өздерін таныстырып болған сыңайлы, енді негізгі кезеңге кезек берсек дейміз. Оқушылар бұл кезеңде өз пікірлерін айтады, оларды дәлелдейді, керекті фактілер, мысалдар, статистикалық мәліметтер келтіреді. Жақтаушы мен қарсы даттаушы топтардың спикерлері әр дәлел бойынша кезекпен- кезек сөйлейді. Уақыттарыңыз шектеулі -2 минут.

«Парасат» жақтаушы фракциясы тобы сөз кезегі сіздерде.
Біздің резолюциямыз(яғни қарарымыз): «Қазақстанға интернетті дамытуымыз қажет және агенттің өз алар орны бар»
Дефинициямыз (яғни анықтауымыз бойынша): Интернетегі сайт беттерін жабуға болмайды. Қайта білім алу үшін жаңа заман талабына сай көтеру керек.
Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі): Білімдерініңізді толықтырмаған әр күн сіз үшін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.

Жүргізуші: Дәлелдеңіз.

Дәлелдейтін болсақ:
1. Интернеттің әр сайты тың жаңалықтарға толы, агент ешқашан құнын жоймайды.
2. Интернетке кіру мәдениеттіліктің негізі.Сайт беттерін жаңарту керек, агент алыс-жақын адамдардың бір-бірімен танысуын, хат алмасуын, ой бөлісуіне қажет бірден-бір жаңа технология.
3. Интернетпен байланысын тоқтатқан адам ойлауды да тоқтатады.

Жүргізуші: Қарсы жақ –даттаушы «Ақиқат» тобы фракция мүшелері кезек сіздерде.

Қарсы- даттаушы фракциясы;
Біздің резалюциямыз( яғни қарарымыз): «Оқушыларға интернетпен байланыс жасауға белгілі бір уақыт беру керек, агент қажет емес»
Дефинициямыз(яғни анықтауымыз бойынша): Қазір білім алатын ақпарат көздері көп. Мысалы: бұрынға ата-бабаларымыз кітап және кітапханаменде жаңалық ашып, ғылым көкжиегін кеңейткен.

Критерийіміз(яғни дұрыс белгісі); Қазақстанда интернеттегі сайт беттерін азайтып, басқа да жаңа технологияның негіздері арқылы білімді молайтуға болады.

Жүргізуіш: Дәлелдеңіз.

Біз дәлелді үш түрде қарастырамыз:
1. Интернет пен агент оқушылардың санасын улап, ойлау қабілеттерін тоқырауға ұшыратады.
2. Интернетте жаманды жақсы ақпараттардың көзі көп, соларды ретімен орналастыру керек.
3. Агент қазіргі жас өспірім оқушылардың санасын улап, ойлау қабілеттерін жоғалтып, қайғылы да қасіретті жағдайларға душар болып отыр.

Жүргізуші: Екі фракция спикерлері өз ойларын толық жеткізе білді деп ойлаймын. Енді ұсыныстарыңыз бар ма? Қарсы жақ ұсынысыңыз бар ма? Уақытыңыз -3 минут

Қарсы жақ: Ұсынысы:

Жүргізуші: «Парасат тобы» жақтаушы жақ ұсыныстарыңыз бар ма?

Жақтаушы жақ уақытыңыз – 3минут.

Ұсыныс: Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км², көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштантүсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аумағы 287,48 км²), антропогендік көлдің саны 195 (аумағы 6421,71 км²), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды. Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950 – 59 ж. ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. темп-ра орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қ-нда 25 – 30%-ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және Сырдария өзендерінің төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік радиац. балансын 2 есе азайтты. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. «Арал-2006» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1,5 – 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 – 15 км3 су, ал Сырдария су алқабынан 8 – 11 км3 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. «Қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. Арал т. мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азиямемлекеттері «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992).

Жүргізуші: Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

  1. Сыр және Амудария өзендерініңсуларын тиімліпайдалану;
  2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
  3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумасүшінжағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
  4. Арал аймағын Иранеліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
  5. Сібір өзендерініңбір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.

Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.

Арал тағдыры-адам тағдыры…Аралды қайта қалпына келтіруге бүкіл ел боп үлес қоссақ–дейміз.