Қантамырлары. Қанайналым шеңберлері.

Қантамырлары. Қанайналым шеңберлері.

Сабақтың мақсаты. Қан айналымның организм үшін маңызын түсіндіру.

Сабақтың көрнекіліктері. Таблицалар, муляж (жүрек құрылысы) микроскоп, перфокарта т.б.

  1. Білімділік: Оқушыларда білім, білік, дағдыны қалыптастыру.
  2. Тәрбиелік: Ғылыми дүние танымын, адамгершілік қасиетін, көзқарастарымен сенімін қалыптастыру.
  3. Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушының танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін т.б. қалыптастыру.

І. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Кім жылдам» — сұрақтары.
  2. Қан жасушаларын ата?
  3. Ересектерде қанша литр қан болады?
  4. Қан беруші адам?
  5. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады?
  6. Қанның ұюына  әсер ететін дәрумен?
  7. Қанға қызыл түс беретін жасуша?
  8. Жүрек қабырғасы қанша қабаттан тұрады?
  9. Ересек адамның жүрегінің салмағы?
  10. 1 мм³ қанда неше лейкоцит болады?
  11. Қанның 1 мм³ қанша эритроцит болады?
  12. Салауаттылықпен өмір сүруге, денсаулықты сақтай білуге бағытталған бағдарлама. («Қазақстан-2030») стратегиялық бағдарламасы.
  13. Биологиялық диктант.

І-топ.

Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді аяқтаңыз.

Қан – ағзадағы ………… ұлпаның бір түрі.

(дәнекер)

Қанның құрамы …………. және оның ішінде қалқып жүретін ………………. тұрады.              (плазма)                                                            (жасушалардан)

 

Қандағы ерітінді күйіндегі нәруыз талшығы ерімейтін …………….. талшығына айналады.                                                                             (фибрин)

 

Фибрин талшығына эритроциттер шырмалады да, іркілдек зат ………….. пайда болады.

 

Термин сөздермен жұмыс.

  1. Донор – Рецепиент —
  2. Гемоглобин – Лейкоцит —
  3. Эритроцит – Оксигемоглобин —
  4. Плазма – Тромбоцит –

ІІІ-топ.

Перпокартамен жұмыс.(Қан топтарын құю)

 

                 Донор

 

        Ι        ΙΙ      ΙΙΙ      ΙV

 
Ι

 
ΙΙ

 

 
ΙΙΙ

 
ΙV

              

 

              Рецепиент

 

       Ι         ΙΙ       ΙΙΙ      ΙV

Ι

 

 
ΙΙ

 
ΙΙΙ

 

ΙV

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы.

 

Ι-топ

  1. Жүрек қабаттарын ата.

 

 

Жүрек

 

2.Жұрек жұмысы қанша кезеңнен тұрады ?

 

 

3 кезең

 

                                ΙΙ-топ

 

3.Қан тамырларын ата

 

4.Қан жасушаларын ата

 

ΙΙΙ-топ

 

 

  1. Қан топтарын ата

 

 

 

  1. Лейкоцит түрлері

 

  1. Бізден –сұрақ, сізден — жауап

                              Ι-топ

1.Қан қанша секундта 1-рет айналып шығады (23-рет)

2.Бір жастағы нәрестенің жүрегі 1 минутта неше рет соғады ? (100-120 рет)

3.Қанға қызыл түс береті жасуша ? (Эритроцит)

4.Фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым ?  (И.И.Мечников)

5.Үлпершек дегеніміз не ?   (Жүрек қабы)

  ΙΙ-топ

1.Ересек адамның жүрегінің салмағы (300гр)

  1. Ағзада қанның қозғалысы қалай аталады ? (қан айналымы)

3.Қан қысымын өлшемін құрал (тонометр)

4.Жүрек ауруларын зерттейтін ғылым (кардиология)

  1. Қанды жүректен алып шығатын тамыр (салатамыр)

ΙΙΙ-топ

1.Қанды жүреке алып келетін тамыр (көк тамыр)

2.Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)

3.Дене температурасын тұрақты сақтайтын сұйықтық (қан)

4.Қанның түссіз жасушасы (лейкоцит)

5.Оттекпен қосылған қан (оксигемоглобин)

 

ΙΙ.Жаңа білімді меңгерудің жоспары.

      Қан айналым шеңберін түсіндіруде арнайы жасақталған таблицаны , жүрек муляжын , перфокарта т.б пайдаланып түсіндіру.

Жануарларда алғаш рет қанайналым жүйесі-буылтық құрттарда пайда болған.Жануарлардың қанайналым жүйесі 2- бөлінеді.

                     Қанайналым жүйесі.

  

 

 

Ашық қанайналым             Тұйық қанайналым

жүйесі                              жүйесі

 

 

 

Қан тамырлардан шығып,          Қан тек тамырлардың бойымен

ішкі мүшелердің арасымен                                  ғана ағады.

ағып , қайтадан  қан

тамырлардың бойымен ағады.

  1. Ашық қан айналым жүйесі –буынаяқтыларда(шаянтектестер, өрмекшітектестер, жәндіктерге) тікентерілер және желілілерден қабықтыларға ғана тән.
  2. Тұйық қанайналым жүйесі-омыртқасыз жануарлардан тек буылтық құрттарға және қабықтылардан басқа желілілердің бәріне тән. Қанайналымның орталық мүшесі-жүрек.Омыртқасыздардың жүректері денесінің арқа тұсында орналасса,ал омырқалы жануарлардың жүрегі денесінің құрсақ жағында орналасады.

Қанайналым дегеніміз-организмде зат алмасуды қамтамасыз ететін қан тамырлары жүйесінде қанның үнемі айналыста болып тұруын қанайналым деп атаймыз.

Қанайналым жүйесінің сызбанұсқасы:

 

Жүрек

 

 

Қантамырлар

 

 

 

Салатамыр         Қылтамыр         Көктамыр

 

 

Жүректен қанды алып     Қабырғасы        Қанды мүшелерден

шығып,барлық мүше-     бір қабаты         жинап, жүрекке

лерге тарататын               эпители ұлпа-     қарай тасмалдайтын

қантамырлары.                сынан тұратын   қантамырлары.

өте ұсақ қан-

тамырлары.

Қан – сұйық дәнекер ұлпасы болса,ал қантамырлар біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасына жатады.Салатамыр қаны-деп оттекпен тотыққан қанды айтады.Көктамыр қаны –деп көмір қышқыл газымен тотыққан қанды айтады.

Қанайналым шеңберлері 2-ге бөлінеді:

Қанайналым

шеңбері

 

 

 

Үлкен қанайналым шеңбері        Кіші қанайналым шеңбері

 

Жүректің сол жақ қарын-              Өкпе қылтамырларындағы

шасынан басталып, бүкіл             көктамыр қаны салатамыр

денеге таралып, оң жақ                 қанына айналады. Өкпеде қан

дұлақшаға келу жолы                    тазарады.(қанайналым-4 сек)

(23 сек. 1рет айналады).

 

 

Қанның қызметі:

  1. Оттекті тасымалдаушы.
  2. Көмір қышқыл газдан тазартушы.
  3. Қоректендіруші.
  4. Гармондарды тасымалдаушы.
  5. Гуморальды реттеуші.
  6. Дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы.
  7. Мүшелерді байланыстырушы.
  8. Қорғаныштық қызмет атқарушы.
  9. Қан-тіршілік көзі.

Оқушылардың оқулықтарын пайдаланып түсінгендерін жинақтау үшін оқулықпен жұмыс істеу. Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға «Ой қозғау» сұрақтарын қою.

  1. Қанайналудың маңызы қандай?
  2. Қан қандай ұлпаға жатады?
  3. Фибриноген нәруызы қайда кездеседі?
  4. Плазманың құрамында неше пайыз су болады?
  5. Эритроциттер қайда түзіледі?
  6. Опсигемоглобин дегеніміз не?
  7. Эритроциттің өмір сүру ұзақтығы?
  8. Қандай қан көктамыр қаны деп аталады?
  9. Қанның ядролы жасушасы?
  10. Қандай қан салатамыр қаны деп аталады?
  11. Қанға инсулин бөлетін без?

12.Қан қысымының жоғарылауы?

Сабақ соңында оқушылардың жаңа сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында төмендегі кестені толтыруды талап ету.

 

 

  Нені   білдім   Нені білгім  келеді

 

Үйге тапсырма: §33 оқу.

Қазақ халқы «жеті атадан»-бері қыз алыспаған, оның сыры неде?-деген тақырыпта реферат жазу.