Жапырақтың құрылысы . Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі.
Сабақтың тақырыбы: Жапырақтың құрылысы . Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі.
Сабақтың мақсаты: а)Білімділік: оқушыларды өсімдіктің өсімді мүшесі жапырақтың құрылысы, түрлері, жүйкеленуімен таныстыру. б) Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше ойлауға, есте сақтауға, салыстыру, қорытындылау дағдысын дамыту. в) Тәрбиелік: жинақтылыққа, тазалыққа, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Топпен жұмыс.
Сабақта қолданылатын әдіс: ұжымдық ойлау, көрнекілік.
Сабақтың жабдықталуы: дидактикалық, көрнекі материалдар, кеппешөптер.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасының тақырыбы: Өркеннің түрлері, бүршіктің құрылысы.
- Өркен дегеніміз не?
- Бүршіктер нешеге бөлінеді?
Мына сызбанұсқаны толтыр. Анықтамасын жаз.
Төбе бүршігі | Жанама бүршіктер |
Сабақтың ұшына орналасқан бүршікті атаймыз.
| Жанама жапырақтардың қолтығындағы бүршіктерді атаймыз. |
Бүршіктің сыртқы қабаты.
Сыртқы қабат | Атқаратын қызметі |
Бүршіктердің сыртын қоңырқай түсті қатты қабыршақтар қаптайды.
| Бүршіктің ішкі, нәзік бөліктерін сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды. |
Түрі өзгерген жер асты өркендер бойынша қорытындылау.
III Жаңа материалмен таныстыру.
Жаңа материалды үйренуге дайындық.
Ой қозғау. Жапыраққа зор мән беріп қаралық,
Жапырақ тұр күн нұрынан нәр алып,
Жапырақтан бөлінетін оттегі,
Тазартады ауамызға таралып.
Балалар, бұл өлең шумағынан жапырақтың маңызды қасиеті туралы айтылып отырғанын біліп тұрмыз. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбыда жапырақтың құрылысы, түрлері, пішіндері және олардың тіршілік үшін маңызы туралы айтамыз. Жапырақтардың құрылысы жиегіндегі иректері әртүрлі болатынын байқаған боласыңдар. Жапырақ алақандарының пішіндеріде түрліше болып келеді. Өсімдік түрлеріне қарай жүрек, бүйрек, ромб, жебе, қылқан жапырақты болып бөлінеді.
Зертханалық жұмыс. Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысы.
Бөлме өсімдігін жапырағынан препарат жасап, микроскоппен қарау.
Кеппешөптерді зерттеп білу.
- Жабын ұлпаны, ондағы мөлдір және хлоропластары бар жасушаларды табу. Олардың маңызын білу.
- Жапырақ алақандарының пішіндерін қарау.
- Жапырақтың сабақта орналасуы.
Жапырақ алақаны пішіні | Жүйкеленуі | Жапырақтың сабақта орналасуы |
Жебе тәрізді Бүйрек тәрізді Қылқан жапырақ Ромб тәрізді | Тор жүйкелі Қатар жүйкелі Доға жүйкелі | Сағақты Сағақсыз |
Жапырақ өңіндегі жасушалар қоршауындағы лепестік суретін салу.
Сергіту минуты. Сазды әуен.
Оқулықпен жұмыс. Топтық тапсырмаларды ұйымдастыру. Оқушылар 3 топқа бөлінеді
1топқа- ашық тест.
- Жапырақтың құрылысы қандай?
- Жапырақтың қандай түрлері бар?
- Жапырақта қандай ұлпалар болады?
- Жүйкелердің қандай маңызы бар?
- Фотосинтез деген не?
- Фотосинтездің негізін салған қай ғалым?
2-топқа биологиялық диктант.
Егер жапырақтың бір ғана алақаны болса, ……….. , сағақта бірнеше жапырақ болса, ………. деп аталады. Өсімдіктер жапырақтарының пішініне қарай ……., ……., …….., ………., ………., болып бөлінеді. Өң қабаты жапырақты …………. сақтайды. Фотосинтез процесі кезінде ….. түзіледі.
3-топқа- жабық тест.
- Жапырақтардың түтікше өткізгіш шоғын қалай атайды?
А) Сүрек. В) Тін. С) Жүйке. Д) Талшықтар.
2.Жапырақтың түсуінің себебі неде?
А) Температураның төмендеуі және күннің қысқаруы.
В) Топырақ құрамының өзгеруі.
С) Температураның төмендеуі және күннің ұзаруы.
Д) Температураның жоғарлауы.
- Күзгі жапырақтардың қызаруы және сарғайуы қандай пластидтердің болуына байланысты?
А) Хлоропласттар. В) Лейкопласттар. С) Хромопласттар. Д) Аминопласттар.
- Лепестік саңылауының атқаратын қызметі қандай?
А) Жапырақты ұстап тұрады. В) Су буланады және өсімдік тыныс алады. С) Жапыраққа жасыл түс береді. Д) Жапырақта органикалық зат түзеді.
- Фотосинтез негізін салған қай ғалым?
А) Р. Гук В) К.А. Тимирязев С) Ж. М. Күдерин Д) Броун.
Жауаптары: 1-С 2-А 3-С 4-В 5-В 6-А
Топтық тапсырмалардың қорытындысы шығару.
Сабақты бекіту.
Ж | А | З | |||||||
Т | А | М | Ы | З | |||||
А | Қ | П | А | Н | |||||
Қ | Ы | Р | К | Ү | Й | Е | К | ||
Қ | А | Р | А | Ш | А | ||||
М | А | М | Ы | Р | |||||
Қ | Ы | С | |||||||
- Ең ыстық жыл мезгілі.
- Жаздың соңғы айы.
- Қыс айы.
- Күз айы.
- Күздің соңы айы.
- Көктем айы.
- Ең суық жыл мезгілі.
Жаңа материалды қорытынды жасау. ( слайд)
Үйге тапсырма: Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысын оқу.
Бағалау реті.