Органикалық дүниенің даму тарихы
Сабақ жоспары
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Органикалық дүниенің даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: макроэволюция және оның бағыттарына байланысы ұғымдарды пысықтау жжәне тіршілік дамуындағы бес заман туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін ұйымдастыру арқылы оқушылардың интеллектуалды қабілеттерін дамытып, салыстыру, талдау өзіндік ой қорытындысын жасауға жаттықтыру;
Тәрбиелік: оқушыларды геохронологиялық кестені пайдалана отырып, органикалық дүниенің бірлігі мен даму тарихы, ағзалық әлем эволюциясының дәлелдерімен байланыстар мысалдары арқылы дүниеге ғылыми көзқарастарын қалыптастыру;
Кәсібилік: сабақта қолданылған оқыту әдістерін меңгеруге қызығушылығын тудыру, бағалау өлшемдерін меңгерту, өзіне сыни көзқараспен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың түрі: Практика
Сабақтың технологиясы, әдіс – тәсілдері: Дамыта оқыту технологиясы және проблемалық оқыту технологиясы элементтері, эвристикалық әңгіме, оқулықпен және өзіндік жұмыс, жаттығу әдісі, проблема шешу, тест,тірек-сызбалармен жұмыс, кесте толтыру
Қолданылатын көрнекіліктер: Геохронологиялық кесте «органикалық дүниенің даму тарихы», тірек-сызбалар, «архей заманындағы ороморфоздар», «мезозой заманыдағы органикалық дүниенің дамуы», суреттер: «органикалық дүниенің даму тарихы» оқулықтың алғашықы және соңғы мұқабасы, ақпарат материалдары, тест тапсырмалары, қосымша және негізгі оқулықтар
Қолданылатын әдебиеттер:
- Т.Қасымбаева, Л.Аманжолов, Ж.Әкімов, Тіршіліктану.Алматы «Рауан» 1997ж
- А.Р. Соловьева, И.М.Илиясова Биология оқыту әдістемесі. Алматы. «Атамұра» 2005ж
- Шың кітап Биология Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық
- Оқушының қысқаша анықтамалығы Биология Алматы, 2004ж
- А.Үсенбекова Тіршіліктанудан жұмыс дәптері 10-11 сынып. Алматы 2000ж
- «Биология және салауаттылық негізі» журналдары
- А.Акимушкин Занимательная биология Смоленск 1999г
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Мақсаты:Оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау.Өзара салемдесу оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал – жабдықтарды түгендеу журналға белгі соғу
Мақсат қою: оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындығын сабақ тақырыбын хабарлау мақсат – міндеттерін қою
ІІ.Тірек білімдерді өзектілеу:
Мақсаты: Оқушылардың тірек білімдер бойынша білім деңгейін анықтау, түзету тірек білімдерді жаңғырту арқылы негізгі кезеңдегі белсенді оқу – танымдық әрекетке дайындау
1) БЛИЦ – сұрау:
- Биологиялық прогресс және биологиялық регресс дегеніміз?
- Ароморфоз, дигенерация және идиоадаптация ұғымдарына сипаттама беріңдер
- Органикалық дүниенің қандай дәлелдемелері бар?
- Тіршіліктің пайда болуы жөнінде қандай теорияларды білесіңдар т/б
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тақырыбы: Органикалық дүниенің даму тарихы
Жоспары: 1. Архей және протерозой заманы
- Полезой және мезозой заманы
- Кайнозой заманы
Т.Қасымбаева, Л.Аманжолов, Ж.Әкімов, Тіршіліктану.Алматы «Рауан» 1997ж оқулығындағы алғашқы және соңғы мұқабадағы суреттерді демонстрациялай отырып сабақты тірек-сызбалардың көмегімен түсіндіремін
- Архей және протерозой заманы
- Полезой және мезозой заманы
- Кайназой заманы
- Оқытушының қорытыны әңгімесі
ІV. Жаңа сабақты бекіту және үй тапсырмасын сұрау
Мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейін тексеру, білімді қолдана білу білігін тексеру, бақылау және бағалау.
- Тақтада графопроектордан оқушыларға 15 сұрақтан құралған тест сұрақтары беріледі,(қосымша қолдарына таратылады), белгіленген 15 минут уақыттан соң экранға жауап эталоны ілінеді. Оқушылар өз-өздерін бағалап, нәтижесін оқытушыға хабарлайды.(үй тапсырмасы бойынша)
2) Замандар мен кезеңдер арасындағы сәйкестікті анықтаңдар:
Архей ——————————————————————————
Мезозой —————————————————————————
Кайназой ————————————————————————-
Протерозой ———————————————————————-
1-кембрий 7- пермь
2-карбон 8- девон
3-мел 9- палегон
4-ордовик 10- венд
5-неоген 11-триас
6-силур 12-юра
3) Оқулықпен жұмыс:
.Қасымбаева, Л.Аманжолов, Ж.Әкімов, Тіршіліктану.Алматы «Рауан» 1997ж оқулығын пайдалана отырып төменде берілген саластырмалы кестені толтырыңдар.
Үдеріс | Қандай жүйелі санаттар түзіледі | Негізгі қозғаушы күштері | Өту мерзімі | Амалдары не бағыт жолдары | Биологиялық нәтиже |
Микроэволюция | |||||
Макроэволюция |
5) Сендердің ойларыңша жануарлар мен өсімдіктер ароморфоздарның қайсысы маңызды екнін көрсетіңдер.Олар қашан пайда болы?
Өсімдік | Заман | Кезең | Жануар
| Заман | Кезең |
6) Ұсынылып отырған тірек-сызбаның бос көздерін толтырып, түсініктеме беріңіздер:
Топтың жұмысына сипаттама беру, рефлекция жүргізу.
— Сабақ материалы сіз үшін қызықты болды ма?
— Не түсініксіз қалды?
— Алдағы сабақтарда толығырақ білгіңіз келетін мәселе туралы айтарыңыз бар ма?
- Бағалау кезеңі
Сабаққа белсене араласып отырған , үй тапсырмасын толық орындағын және қосымша сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтай отырып бағалаймын, бағасын журналға түсіремін.
VІ. Үйге тапсырма беру
Мақсаты: оқушылардың сабақтағы оқу әректіне өзіндік баға беру, үй тапсырмасын орындау жөнінен нұсқау беру
* § 57 Органикалық дүниенің даму тарихы тақырыбын оқу,тақырып мазмұны бойынша лекция материалын толықтыру, ақпарат материалын жинақтау;
* Практикалық тапсырма:
Геохронологиялық кестені пайдалана отырып, органикалық дүниенің дамуына сипаттама беріңдер:
А) Архей заманындағы ароморфоздар
В) Өсімдіктердің құрлыққа шығуына себеп болған ароморфоздар
С) Жануарлардың құрлыққа шығуына себеп болға ароморфоздар
Д) Мезозой заманындағы органикалық дүниенің дамуы
* Оқулықтағы 235 бетте берілген 2 және 3 кестені толтыру.
* СӨЖ «Органикалық дүниенің даму тарихы»