Организмнің жеке дамуы және қоршаған орта
Тақырыбы: Организмнің жеке дамуы және қоршаған орта
Мақсаты:
Білімділік: Организмнің дамуы, жеке тұлғаның қалыптасуы, оған әсер ететін факторлар туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың онтогенез, адами қасиеттер туралы түсінігін, дүниетанымын кеңейту
Тәрбиелік: Өз бетінше тұжырым, қорытынды жасауға, еркін жауап қатуға үйрету, кәсіби бағдар беру, рухтандыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Топтау, ой шақыру, еркін микрофон, слайд
Пәнаралық байланыс: Биология, әдебиет, философия
Сабақтың көрнекілігі: ұрықтың дамуы туралы суреттер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Тез, шапшаң» Ой шақыру
1. Аталық пен аналық жыныс жасушасының қосылуы
2. Қосарынан ұрықтануды ашқан ғалымдар
3. Триплоидты жасуша
4. Аналық бездерінен бөлінетін жасуша
5. Аталық бездерінен бөлінетін жасуша
6. Бозбала дегеніміз кім?
7. Бойжеткен дегеніміз кім?
8. Ана кім?
9. Әке кім?
10. Ұрпақ тәрбиесінде кімнің рөлі жоғары деп ойлайсың?
ІІІ Жаңа сабақ:
Онтогенез
↓
1. Эмбриондық
2. Постэмбриондық
↓
тура даму
түрленіп даму
Эмбриология — ұрықты зерттейтін ғылым
№ — Эмбриогенездіңсатылары —— Ұрық қабаттары —- Ұрық жапырақшалары —— Мүшелер
1 —— Бөлшектену — бластула ——— Бірқабатты ұрық
27 — Гаструла —————————— Екіқабатты ұрық
————————————————— Үшқабатты ұрық
Ғасырдан ұзақ ғұмыр
(Ұрықтық кезеңге саяхат, слайд арқылы түсіндіріледі)
1. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасы тез екіге бөлінеді, 10 сағаттан кейін тағыда митоз, болашақ адам енді 4 жасушадан тұрады. 1 жұмадан кейін жасушаның саны 100 — ге жетеді, салмағы 1 грамдай ғана ұрық жатырға бекініп, дами бастайды.
2. 1 аптадан кейін мен жайлы шырышты қалық қабатқа орналастым. 1 — ші аптада менде қағанақ пен кіндік пайда болды, 18 күнде жүрегім соға бастады. айдын соңында өкпе, бауыр, бүйрек, ми, көз бен құлақ пайда болды. Ұзындығым 5мм.
3. Дамудың 2 — ші айы. Жүйке жүйем дамуда. Миым үлкен адамның миындай қыртысты. Инфекциядан қорғайтын тимус безі жұмысқа кірісті. Аяқ — қолым өсіп келеді. Саусақтарым қалыптаса бастады. Бойым 2 — 3 см. Барлық мүшелерім қалыптасып болды.
4. Дамудың 3 — ші айы. Бойым 5 — 6 см. Мені енді ұрық демей, бала деп атайды. Анамның қуанышын, ренішін сезе аламын.
5. Дамудың 4 — ші айы. Бойым 10 — 16 см. Салмағым 40 — 50 гр. Басыма алғашқы шаш шықты. Ана құрсағында еркін жүзіп жүремін. Анам аяғымның қозғалысын анық сезеді.
6. Дамудың 5 — ші айы. Сыртқы дүниенің қатты дыбыстарын сезе бастадым. Анамның маған арнаған жылы сөздерінен масайрап қаламын, шарап немесе арақ ішсе бет ауызымды тыржитып, жаратпағанымды білдіріп, аяғыммен тебе бастаймын.
7. Дамудың 6 — шы айы. Бұл айды қозғалу айы деп атайды. 30 минутта 20 — 60 рет қозғаламын. Ана құрсағы маған тарлық ете бастады. Жарық дүниеге шығуға дайындалып, басымды төмен бұрдым.
8. Дамудың 7 — ші айы. Көзімді аштым, құрсақтың іші қараңғы болса да қабағымды қақпастан айналама қараймын. Түрлі себептермен жарық дүниеге шығу керек болса, дәрігерлердің көмегімен өмір сүруге қабілеттімін.
9. Дамудың 8 — ші айы. Мен кішкентай адаммын. Жүрегім минутына 120 — 140 рет соғады. Бойым 40 см. Салмағым 1700 гр. Анамның көбірек дем алып, жиі тамақтанғанын қалаймын. күн санап жүрмін.
10. Дамудың 9 — шы айы. Анамның “тар” құрсағын кеңітіп, омырауын иітіп, мен өмірге келдім.
Кең дүние, төсіңді аш мен келемін…
(әдебиет пәні мұғалімінің сөзі, слайд арқылы түсіндіріледі)
ІV Ой түйін
● Мен кіммін? (тіршілік иесі, адам, перзент, маман, өз отанын сүйетін патриот)
● Бұл өмірде менің орным қандай?
● Өз орнымды адаспай табу үшін не істеуім қажет?
● Менің борышым…
V Бағалау
VІ Үйге тапсырма:
Онтогенез — организмдердің жеке дамуы.
Адам ұрығының дамуына зиянды әдеттердің әсері.
Адам тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізетін жат қылықтар (жұптық жоба)