Ауданды және көлемді өлшеу

Сабақтың тақырыбы: Ауданды және көлемді  өлшеу.

Білімділік мақсаты: Ауданды және көлем ұғымдарын пысықтау және тік төртбұрыштың ауданы мен параллелепипедтің көлемін табу бірліктерін қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу. Ұзындық, масса, аудан, көлем өлшем бірліктерін қайталау.

№1 Мұғалімнің көмегімен талдап, дәптерге жазғызу:

Ұзындық бірліктері: мм, см, м, км.

Аудан бірліктері: мм кв, см кв, м кв, км кв.

Көлем  бірліктері: мм куб, см куб, м куб, км куб

  1. 3 қатарға бөлініп жарыс ұйымдастыру. «Кім тез» ойыны.

№ 2  1-Фигураның ауданын тап, 2-периметрін тап, 3-периметрінің жартысын тап.

 

 

  1. Кестеге назар аудару.
Тік төртбұрыштың ұзындығыеніауданы
4 см 2 см ? см кв
6 см 2 см ? см кв
8 см 2 см ? см кв
Х см 2 см ? см кв

1 оқушыдан  тақтаға шығып , ал қалғандары орындарында орындап, талдайды.

  1. І-топ №4, ал ІІ-топ №5 орындайды.
  2. № 7 Бірінші кесіндінің ұзындығы 3 см, екіншісі одан 2 есе ұзын, ал үшіншісі екіншіден 2 см ұзын. Үшінші кесіндінің ұзындығын тап. Кесіндіні сыз. Жаубы: 7 см
  3. 3 қатарға бөлініп жарыс ұйымдастыру. «Кім тез» ойыны.

№ 8

300-40:2+50             557-(467-389)            251 * 3 + 247

400-60:3+80             708-(342+168)           308 * 5 +60

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?

Үйде: № 9