Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)

Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Миллиметр. (мм)

Білімділік мақсаты:Сызғышты пайдаланып, кесіндінің ұзындығын ұзындық өлшем бірліктері арқылы  өлшеуді үйрету. Ұзындықтың өлшем бірлігі-миллиметрді пайдалану және  оны басқа өлшем бірліктеріне айналдыруды үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік мақсаты: Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тапсырмалар, интерактивтік тақта

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу

ІІ. Жаңа сабақ

  1. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу. өлшем бірліктерін қайталау.

№1 Берілген түзулерді сызғыштың көмегімен өлшейік. АВ, КЕ ОМ түзулерінің ұзындықтарын анықтайық.

Оны  анықтау үшін сантиметрге қарағанда біршама кіші ұзындық – миллиметрді пайдаланамыз.

1 см=10 мм

Сызғыштарда әрбір 1 см арасы  тең 10 бөлікке бөлінген. Сол бөліктердің әрбіреуі 1 мм болады.

  1. №2. Әр қатар бір-бірімен жарысады. Әр қатардағы оқушылар берілген тиісті фигуралардың ұзындықтарын анықтап, әріптермен белгілеп, периметрін табу керек.
  2. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.

Есіңе сақта! Дәптеріңе жазып ал.

1 см  =10 мм             1 м  = 100 см

1 м  =  1000 мм        1 дм =  10 см

1 м =  10 дм              1 км = 1000 км

  1. Өз беттерімен жұмыс істейді. Бір-бірінің дәптерін тексереді.

№3 Жазуды жалғастыр:

А) 1 сантиметрде …. миллиметр бар; ә) 1 дециметрде … сантиметр бар; б) 1 метрде  … дециметр бар; в) 1 метрде … сантиметр бар;  г) 1 дециметрде …. миллиметр бар; е) 1 метрде  …. миллиметр бар; ж) 1 километрде  … метр бар.

  1. І-топ №5, ал ІІ-топ №6 орындайды.

№ 5 Шағала- 2000 м

Бүркіт одан  100 м артық, тырна олардан 1000 м кем.

Шешуі: 2000+(2000+100)-1000=3100

Жауабы: 3100 м биіктікке ұшады.

3100 м =3 км  100м

  1. 3 қатарға бөлініп жарыс ұйымдастыру. «Кім тез» ойыны.

№ 8

136*3               588:4                  207*2

136*30             5880:40              207*20

136*300           58800:400          207*200

Кестедегі мәліметтерді километр мен метр арқылы өрнекте.

а)

Ұшақтың түрлеріАН-24ТУ-154ИЛ-86
Ең жоғары ұшу биіктігі8900 м12300 м12000м

1 оқушы тақтада, ал қалғандары орындарында орындап, талданады.

ә)Жер шарындағы мұхиттардың ең терең жері 11022 м. Мұны километрмен өрнекте.

Б) Балқаш көлінің ең теерң жері  26 м. Оны дециметрмен өрнекте.

В) Каспий теңізінің ең терең жері 1025 м. Километрмен өрнекте.

№ 4. «Кім тез есептейді?»  бір-бірден тақтаға шығып бос орынға тиісті санды жазады.

1 км —  … м            1 км-….дм                  1000 м-…..дм

1 м- …дм               1 км-…см                    1000 дм-…см

1 дм-…см              1 км-…..мм                  1000 см-…мм

VІ. Сабақты қорыту:

Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Сабақ ұнады ма?

Үйде: № 9