Неке және отбасы.

Тақырыбы: Неке және отбасы.

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Оқушыларға адамның ойында болатын, жүрегін нұрландырып, өмірін көркейтіп, болашаққа –арман, үміт, сенімге алып келетін ғажайып сезімнің бар екендігін ұғындыру. Бұл сезімнің қасиетті де, қастерлі сезімі тұтастай ұғым екендігіне көз жеткізу.

 

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін дамыту, өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу.

 

Тәрбиелік: өз Отанын, отбасын, ата-ана, достарының ең сүйікті сезімдерін қастерлеп сүюге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: жаңа сабақ

 

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

 

 

Әдісі: Ауызша баяндау, сұрақ — жауап, топтық жұмыс, пікір алысу.

 

Пәнаралық байланыс: құқық , Қазақстан тарихы, мәдениеттану

 

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, оқулықтар, Қ.Р Конституциясы, ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру бөлімі: Сабақтың мақсаты, жоспары, топтың аты, сайыстың шарттарымен таныстыру

Негізгі бөлім: Оқытушының сөзі:

Отбасы — әлеуметтік  институттардың  белгілерін  бойына  сіңірген, әлеуметтік  жүйенің  негізгі  саласы. Отбасы – қоғамдық  құрылымның  шағын, ерекше  үлгісі, сонымен  қатар  адамдардың  өзара  қарым-қатынаста  болатын  адамдардың  тұрақты  тобы,   қоғамның  алғашқы  ұясы. Отбасы  қалыптасуы  үшін  неке  қалыптасуы  қажет.

Неке — әйел  мен  еркек  арасындағы  табиғи  қажеттілік, олардың       табиғи  шарты, өзара  құқықтары  мен  міндеттерін  белгілейтін   формасы.

Неке – отбасының  заң  жүзіндегі  негізі, еркек  пен  әйелдің  өзара  түсінісуінің, еріктілігінің  негізінде құрылатын  одағы,  адамның  әлеуметтік  табиғи, сонымен  қатар  материалдық  және  рухани  өмірінің  қажеттілігі. Неке  ер  мен  әйел  арасындағы  сүйіспеншіліктің  адамгершілік, эстетикалық  қатынастың  ұйытқысы.

Некенің  негізі – сүйіспеншілік. Неке  әйел  мен  еркектің  тарихи  өзгеріп  отыратын  қатынастарының  әлеуметтік  формасы.

Неке  біздің  елімізде  тіркеуден (ЗАГС немесе АХАЖ) өтеді. Ертеректе  неке  суын  ішу  мешіт арқылы  іске  асырылған. Қазір  әлемнің  көптеген  еллдерінде  шіркеуде  тіркеледі. Бұл  біздің  өмірімізге де  еніп  келеді. ЗАГС арқылы  некеге  тұру  қазіргі  азаматтық  заңдардан  туындаған. Себебі  ажырасқан  жағдайда  ол  негізгі құжат  болып  саналады.  Балаға  материалдық  кепілдеме  алу,  дүние-мүлікті  бөлісу  соның негізінде, сот  арқылы  шешіледі.

Адам  баласы  қасиетті  борыштарын  үлкендерге  құрмет, кішіге  мейірімділік, сондай-ақ  адамгершілік  және  отансүйгіштік  сезімдерін  отбасында  үйренеді. Отбасы- сүйіспеншіліктің, инабаттылықтың  бастау  бұлағы.

Еркек  пен  әйел – отбасының  екі  іргетасы. Адам  баласы  мұқтаж  болған  рақатты, шын  сүйіспеншілікті, мейірбандық  сезімдерін  ананың  құшағында, әкенің  қарашаңырағында  табады.  Олай  болса  отбасының  мәні  өте  зор. Оның  қос  алтын  діңгегі  саналатын ерлі –зайыптылар  құқықтары  мен  міндеттерін  түсіне  біліп, дұрыс  әрекет  етсе, отбасында  бақыт  пен  шаттық  орнайды. Отбасы  тұрмыстық  қатынасты  қалыптастырудың  алғашқы  ұясы. Ол  тарихи  өзгеріп  отыратын  құбылыс. Некелік  қатынастардың  алғашқы  формасы – полигамия, ал өндіріс  құралдарына  жеке  меншіктің  орнығуына  байланысты, моногамиялық – бір  некелік  отбасы  пайда  болды.

Отбасының  негізін  қалайтын – неке  ерікті, тең  құқықты  болып, күштеп  қосылудан  тыс  қалыптасуы  қажет. Отбасы  жұбайлардың, ата-аналардың  жауапкершілігінің  нәтижесінде  дамып, нығая  түсуі  қажет.

 

  • тур: «Cамғау»(әр топ)

 

  1. «Ақ босаға» тобы. Баяндама: «Некеге тұру шарттары мен тәртібі» (ҚР «Неке және Отбасы» туралы заңы бойынша)

 

  1. «Шаңырақ» тобы. Баяндама: «Отбасының мазмұны, атқаратын қызметі»

 

  1. «Ақ Отау» тобы. Баяндама: «Қазақ халқының құдалық салт-дәстүрлері»

 

  1. тур:«Шарықтау» (Әр топқа І проблемалық сұрақ)

 

1-топқа: Азаматтық неке

2-топқа: Көп әйел алушылық

3-топқа: Бүгінгі жастар батыстың салтымен үйлену тойын өткізу

 

3-тур: «Шырқау» (бейне клип)

 

1.Әкесінің бұл қылығын қалай бағалайсыңдар?

2.Балаға жанұяның қиын жағдайынан шығуға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?

3.Сен автор болсаң осы оқиғаны қалай аяқтар едің?

 

 

 

 

Қорытынды. Нәтижелерін айту. Бағалау. Үйге тапсырма.