Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу және оған кері түрлендіру.
Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу білік, дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
ІІ. Жаңа сабақ
Математикалық диктант.
А) Бірінші разрядтың 9 бірлігі бар санды, ә) екінші разрядтың 9 бірлігі бар санды, б) үшінші разрядтың 9 бірлігі бар санды жаз
Топпен жұмыс: Тапсырмалар:
І-топ. Үшінші разрядтың 7 бірлігі, екінші разрядтың 5 бірлігі және бірінші разрядтың 2 бірлігі бар,
ІІ-топ ә) бірліктер класының 702 бірлігі бар, б) бірліктер класының 700 бірлігі бар,
ІІІ-топ. в) бірліктер класының 52 бірлігі бар. Г) бірліктер класының 750 бірлігі бар санды жаз, және оны разрядтық қосылғыштарға жікте.
№ 5 Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.
Жүздік мыңдар | Ондық мыңдар | Бірлік мыңдар | жүздіктер | ондықтар | бірліктер |
3 | 0 | 6 | 3 | 0 | 6 |
3 3 | 6 2 | 0 6 | 0 0 3 0
| 0 0 2 0 | 0 0 6 0 |
Әр санда қай кластың қанша бірлігі бар? Әр санда қай разрядтың қанша бірлігі бар? Осы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
№ 8 Жарыс ұйымдастыру.
500+8 300+6
500000+8000 300000+6000
500+80 300+60
500000+80000 300000+60000
500+80+8 300+60+6
500000+80000+8000 300000+60000+6000
Өз беттерімен жұмыс істеу. № 9
Шығармашылық жұмыс:
Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбаларың және жақшаларды қой.
1* 2* 3* 4* 5* 6= 1
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?