«Интеллект» сайысы

Сабақтың тақырыбы: «Интеллект» сайысы

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, қорыту.

Дамытушылық: ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, үлестірме материалдар, кестелер.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: пікіралысу, сұрақ-жауап, тірек-сызба.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеті, тарих, география.

Барысы:

І. Ұйымдастыру: оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Сабақтың жүрісі:

  1. Ойлан, тап!
  2. Құпия ұяшықтар
  3. Кім, тапқыр?
  4. Мақал – сөздің мәйегі.
  5. Кім, жылдам?
  6. Шешендік өнер

 

І. Ойлан, тап!

Оқушыларға тақтада берілген сандарды таңдау ұсынылады. Әр санда әріп жасырылған. Сол  берілген әріптен басталатын сөздермен сұрақтарға жауап беру қажет.

Берілетін сандар:

1-Б; 2-С; 3-Д; 4-Т; 5-М; 6-К.

 

«Б» жауапты сұрақтар: 

  1. Адамның өзінің болмысының шарттары мен кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығының көрсеткіші болатын, адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы? (Бақыт)
  2. Өмір жайлаған жер қыртысы? (Биосфера)
  3. Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өткізу үшін талас? (Бәсеке)
  4. Ағылшын тілінен аударғанда “іс” ұғымын білдіреді? (Бизнес)
  5. Қосарлы азаматтығы бар адам? (Бипатрид)

 

 «С» жауапты сұрақтар:

  1. Адамдардың бұқара, қоғамдық бірлестіктермен, жеке адамдармен бірге мемлекет пен билікке қатысты мәселелерді шешуге бағытталған қызметінің ерекше түрі? (Саясат)
  2. Аумағы жағынан дүниежүзінде оныншы орындағы мемлекет? (Судан)
  3. Сатып алушылардың тауарды белгілі бір бағамен сатып алу қабілеті? (Сұраныс)
  4. Уақыт өткен сайын елдегі және дүниежүзіндегі даму үдерістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын қоғамдағы саяси белсенді адамдардың ұйымы? (Саяси партиялар)
  5. Парламенттің жоғарғы палатасы? (Сенат)

 

«Д» жауапты сұрақтар:

  1. Адамдардың тарихи отанынан өзге жерлерде тұратын бөлігі? (Диаспора)
  2. Жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін қызметтің өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығы? (Дарын)
  3. Халық билігі? (Демократия)
  4. Ресми жарияланған бағдарламалық мәлімдеме? (Декларация)
  5. Заңды елемей, мемлекетті күшпен басқару? (Диктатура)

 

«Т» жауапты сұрақтар:

  1. Белгілі бір әлеуметтік ортаның құндылықтарын тасушы индивид? (Тұлға)
  2. Адамдар қауымының рудан жоғары сатысы? (Тайпа)
  3. Ата-анасы және балалары бар отбасы? (Толық отбасы)
  4. Қазақ құқық жүйесіне өзгеріс енгізген хан? (Тәуке хан)
  5. Демократияға қарама-қарсы саяси жүйе? (Тоталиторизм)

 

«М» жауапты сұрақтар:

  1. Тұлғаның саналы қызметінің негізі және себебі? (Мотив)
  2. Қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт? (Мемлекет)
  3. Айналадағы нағыздықты жаңартуға бағыттал-ған адамның шығармашылық еңбегінің нәтижесі? (Мәдениет)
  4. Билік мұраға қалдырылатын мемлекеттік басқару формасы? (Монархия)
  5. Бір әйел мен бір ер адамның некелік одағы? (Моногамды отбасы)

 

«К» жауапты сұрақтар:

  1. Өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен құралдардың жиынтығы? (Капитал)
  2. Ата-анасы мен балаларынан басқа туыстары қосылып өмір сүріп жатқан отбасы? (Кеңейтілген отбасы)
  3. Тәуелсіздіктерін сақтай отырып, өздерінің кейбір әрекеттерін үйлестіру үшін біріккен мемлекеттер одағы? (Конфедерация)
  4. Аумағы жағынан әлемде екінші орынды иеленетін мемлекет? (Канада)
  5. Заңдардың ішіндегі ең негізгісі? (Конституция)

 

ІІ. Құпия ұяшықтар

Әр ұяшықта топ атына байланысты сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы жасырын ұпайды иеленеді. (10,20,30)

Адам тобына:

  1. Адам дегеніміз кім? (жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі)
  2. Халық ұғымына сипаттама бер (белгілі бір географиялық ортада тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығы)
  3. Адам мәселесімен айналысатын ғылым салалары? (антропология, социология, этнология, педогогика, анатомия, физиология, психология)

Қоғам тобына:

  1. Қоғам сөзінің анықтамасы? (материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен және өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып табылады)
  2. Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы саяси, әлеууметтік, экономикалық қатынастар қалай аталады? (қоғамдық қатынастар)
  3. Бағыты жағынан қоғамдық қатынастар қандай топтарға жіктеледі? (адам мен адам, адам мен қоғам, қоғам мен қоғам, қоғам мен табиғат арасындағы)

Құқық тобына:

  1. Құқық дегеніміз не? (мемлекет тарапынан заңдастырылған және қадағаланатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі)
  2. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында адам құқықтарын сипатына қарай қандай үш топқа бөледі? (адамның табиғи және тумысынан жазылған құқықтары, азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар)
  3. Қоғамдық ортада адамдардың өздерін ұстау ережелерін қалай атайды? (әлеуметтік нормалар)

 

ІІІ.Кім, тапқыр?

Бұл бөлімде оқушылар назарына күнделікті өмірде кездесетін құжаттар мәтіні беріледі. Мәтін бойынша қандай құжат екенін табу керек.

  1. Азамат(ша) Сәуенов Асхат Дәуренұлы

Туған  25 қаңтар 1995 ж

Туған жері:қала, ауыл Есет

Аудан/қала  Бейнеу

Облыс Маңғыстау

Республикасы Қазақстан   (Туу туралы куәлік)

  1. Осы құжат Сәуенов Асхат Дәуренұлына берілді, ол 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетіне түсіп, 2011 жылы 030640 “математика және физика” мамандығының жоғары кәсіптік оқу бағдарламасын толық меңгеріп шықты. (Диплом)
  2. Осы құжат Сәуенов Асхат Дәуренұлына берілді. Ол 2008 жылы Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Гагарин атындағы орта мектепті бітірді. (Жалпы орта білім туралы аттесттат)

ІҮ. Мақал – сөздің мәйегі.

Бұл кезеңде топтарға сөздер беріледі. Сөз сөздерді мақал арқылы жеткізу керек.

Адам тобына: куә, ар, заң.

Қоғам тобына: жала, дау, әділ.

Құқық тобына: ұры, айғақ, ант.

Мақалдар:

  1. Куәсіз істі күмән табар, куәлі істі куә табар.
  2. Ар алтынмен өлшенбейді. Жігіттің құны — жүз жылқы, ары – мың жылқы.
  3. Заңның құрығы бәрінен ұзын.
  4. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің, ағайынның қадірін жалалы болғанда білерсің.
  5. Би екеу болса, дау-төртеу. Дау мұраты – біту.
  6. Әділ істің – арты игі.
  7. Ұрының арты қуыс. Ұрлық түбі – қорлық.
  8. Тақыр жерге су төксең тайғақ болар, жаманға сырыңды айтсаң айғақ болар.
  9. У ішкен бір өлер, ант ішкен мың өлер.

 

Ү. Кім, жылдам?

Бұл кезеңде оқушыларға бірдей, жартылай аяқталмаған, толықтыруды қажет ететін кесте беріледі. Шарты тез, әрі қатесіз орындау.

 

 

ҮІ. Шешендік өнер.

Сайыстың шешендік өнер кезеңінде оқушылар ұяшық таңдау арқылы тақырып таңдайды.

  1. Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?
  2. Қазіргі таңда ата-аналар өз құқықтарын толық орындап жүр ме?
  3. Қазақстан Республикасы неге отбасының тұрақтылығына, онда балалардың көбірек болғанына мүдделі?

 

ҮІІ. Қорытынды: жеңімпаз топты анықтау.

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Егер мен ғылым және білім министрі болсам…»

«Егер мен заң қызметкері болсам…»

«Егер мен президент болсам…»