«ҚЫЗ- қылығымен, ҰЛ-ұятымен»
Жерінеде-бабасының,
Елінде-атасының,
Көңілінде-әжесінің,
Қолында-анасының,
Жолында-ағасының,
Төсінде-даласының,
Тапқан өз жарасымен,
Мен-қазақ баласымын. (Е.Өтетілеуұлы)
БАЛА— әке-шешенің перзенті, елдің ұрпағы. Жыныс ерекшелігіне қарай ұл, қыз. Ал жас шамасына қарай: нәресте, сәби, бөбек, балдырған, жеткіншек, жасөспірім болып жіктеледі. Ұл-қыздың жарық дүниеге келген сәтінен бастап кәмелетке толғанға дейінгі кезеңі бала ұғымына саяды.
Қазақ халқы бірінші туған баланы тұңғышым, одан кейінгілерін «ортаншы» , ең соңғы туылған перзентін «кенже» деп атайды. Дәстүр бойынша әке мұрасы кенже ұлға қалған. «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілесің», «Анасына қарап, қызын ал» деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Сондықтан қазақ отбасы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді баланың құлағына құйып өсірген.
«Ару деген атың бар…» немесе қыздарға әсемдік жарасады.
«Жігітте де жігіт бар…»
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді. (халық мақалы)
Парасатты да инабатты арулар мен ержүрек азаматтар көп болғай.