«Мамандық әлемі» кәсіби бағдар беру авторлық бағдарламасы

«Мамандық әлемі»  кәсіби бағдар беру  авторлық бағдарламасы

 

Түсінік хат

«Кедейліктен –еңбек қылсаң құтыласың, жалғыздықтан-көппен пікіріңді қоссаң  құтыласың»  А.Құнанбаев.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасында «Әлемдік білім беру кеңістігінде ықпалдастық, экономиканың индустриялы-инновациялық дамуы мен қоғамдық сұраныстарына сәйкес, техникалық және кәсіби білім жүйесін жетілдіру керек» делінген.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты жастардың саналы түрде бір кәсіп бойынша жұмыс істеп, мамандықты дұрыс таңдауы  басты міндеттердің  бірі.

Қай істің де алға өрлеуі  мамандардың   біліктілігіне байланысты. Сондықтан   оқушылардың қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына  қарай мамандықты дұрыс таңдап, дұрыс қадам жасау үшін    кәсіби бағдар беру жұмыстарын жұргізудің  маңызы зор.

 

 

Мақсаты:

  • еңбек нарығын және оқушылардың бойындағы психологиялық-әлеуметтік мәнділіктерді реттей  отырып, мамандық тар  және онық ерекшеліктері туралы дүниетанымдарын кеңейту және мамандықты  саналы түрде таңдауға бағыттау.

 

Міндеттері:

  • Мамандықтар туралы сауаттылықтарын арттыру;
  • Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
  • Мамандықтардың болашақ кәсіби   айқындалуларында  тигізетін әсерін көрсету;
  • Әлеуметтік құндылықтарымен бірге  қоғамдық, экономикалық қажетті мамандылықтар  туралы білімдерін кеңейту;
  • Қатысушылар арасында қарым – қатынас құзыреттілігінің қалыптастыру;

Жүзеге асырылу бағыты:  тренинг элементтерін қолдана отырып  кәсіптік ағарту, кәсіптік зерттеу, кәсіптік кеңес беру, кәсіптік тәрбие беру түрінде.

 

9-сынып оқушыларына  арналған бағдарлама. Айына бір сағаттан, жылына 9 сағат  жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Курс   жоспары

№   Барысы

Жұмыс түрі

 Өтілу уақыты
1«Таныстыру»  жаттығуы, «Болашаққа бағдар» миға шабуыл, «Мамандық туралы хабардылығың» сауалнама, «Мамандықты таңдауда ұстанатын ережелер» кеңес беру, «Қара жәшік» жаттығуыҚыркүйек
2«Сәлемдесу» жаттығуы, «Есімімдегі мамандық әрпі» жаттығуы, «Адам-адам»  мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері,   «Табандылықты зерттеу» сауалнамасы

«Мамандықтар тізбегі» жаттығуы

Қазан
3«Сәлемдесу» жаттығуы, «Кім көп мамандық біледі?» жаттығуы  «Адам-табиғат» мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері, Кәсіп, еңбек  туралы мақал –мәтелдерді талдау(миға шабуыл)

 

Қараша
4«Сәлемдесу» жаттығуы, «Ең,ең,ең…»жаттығуы,  «Адам-техника», «Адам-көркем образ» мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері,  Д. Голландтың  тұлғаның типтерін анықтау тесті, «Ата-анаңды көндір » рөлдік ойыны

 

желтоқсан
5«Сәлемдесу» жаттығуы, «Адам-белгілер жүйесі» мамандықтарының психологиялық ерекшеліктері, Қызығушылық картасы, «Мамандық анараммасы» жаттығуы

 

Қаңтар
6«Сәлемдесу» жаттығуы, Темперамент типін анықтау әдістемесі, «Еңбек жетістікке жетуге көмектеседі» әңгіме, «Екі бақа » мысал,  «Мамандықтарды топтастыр» жаттығуыАқпан
7«Сәлемдесу» жаттығуы, Йовяйшидің белгілі бір мамандыққа  бейімділігін анықтау әдістемесі, «Қол –мидың жалғасы»

«Құрылыстағы үшеу» мысалы

Наурыз
8«Сәлемдесу» жаттығуы, «Кәсіби сапалар» жаттығу,  «Тізбек» жаттығуы, «10 жылдан кейінгі кездесу» жаттығуыСәуір
9 Әр сала мамандарымен әңгіме- сұхбат, «Менің дұрыс таңдауым»тақырыбында  шығармашылық жұмысМамыр

Күтілетін нәтиже

  • Қарым-қанынас, іздену, нақтылы мақсат қою, өз ойларын ашық айту, сараптау, бағалау дағдылары қалыптасады;
  • Мамандықтар туралы сауаттылықтары артады;
  • Мамандықтардың маңызын, ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді;
  • Өзінің жеке ерекшеліктеріне байланысты келешектегі мамандығын айқындай алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. 1. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы

2.Еркаева Н.Ф.Секрет удачного выбора.Караганда,1993.

3.Рогов Е.И.Настольная книга практического психолога.М.: Владос-пресс, 2003.

4.Ортаев Б, Батырова А. «Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі.    «Нұрлы Бейне», 2010.

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия .Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы»Бас редакциясы, 1998.
  2. Құрастырған: Сатова А.К.9-сынып оқушысыныңбағыттылығынанықтауғаарналған бағдарлама, 12 жылдық білім беру проблемалары Рғпо ғылыми кеңесі ұсынған,Астана, 2005.

7.Широкова И. Тренинг самопознания для подростков.Общение. Память.М.:    Генезис

2005.