3 -орыс сыныбына арналған «Тіл дамыту» курсының бағдарламасы

3 -орыс сыныбына арналған «Тіл дамыту» курсының бағдарламасы

Түсінік хат

 

Бұл бағдарлама «Қазақ тілін оқытудың тұжырымдамасы» мен «Қазақ тілінің мемлекеттік стандарты» (2002 ж) сай түзетілген негізгі бағдарлама көлемінде алатын білімдерін бір жүйеге түсіре отырып, әрі қарай тездетуді көздейді.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін оқыту мәселесі олардың қазақша сөйлей алатын болып шығуына мүмкіндік беретіндей деңгейде болуы тиіс. Оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп, өздері қазақ тілінде көрген білгенін, ойын айтып, оқып, жаза алатын болуы керек. Бұл үшін олар тұрмыста жиі қолданылатын сөздерді игеріп, қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін біліп, дыбыстарды дұрыс айтуға дағдылануға тиіс.

Қоғамның ертеңі болашағы  жас жеткіншектерді тіл мәдениетіне баулу – бүгінгі күннің басты талабы.  Қазақ тілін үйрену мен үйретудің маңыздылығын бүгінгі таңда өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл  болғандықтан, орыс тілді сыныптарда   қазақ тілін оқытуға көп көңіл бөлінуі керек.

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру, тәсілдерін меңгерту.

Тіл дамытудың  негізі — оқушылардың сөздік қорын  байыту  және  сол сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Оқушылар сөзді  неғұрлым көп білсе, жұмыстың басқа салалары соғұрлым жедел жүреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаның мақсаты:

 

Қазақ тілін оқытудағы мақсат – оқушыларды қазақ тілінде ауызекі тілде сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, жаңадан үйренген сөздерді пайдалана білу, сөйлемді дұрыс айту, мұғалімнің сұрағына түсінікті жауап беру тәсілдерін меңгерту.

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдыларын ескере отырып, әр сабақта сол сөздермен сөйлем құрату, жаңа сөз үйрету, қазақ тіліне тән дыбыстарды айыра білу, сауатты жазуға үйрету, жеңіл, қысқа мәтіндерді оқытуға машықтандыру, түсінгенің айта білуге дағдыландыру, бір-бірімен сөйлесе білуге үйрету, әр түрлі жазба жұмыстарын ұйымдастыру, өз ойын жүйелі түрде айтып беруге, қазақша сөйлеуге жаттықтыру.

 

 

 

Осы мақсатқа сай туындайтын міндеттер:

  1. Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту;
  2. Сөйлеуге дағдыландыру үшін, пайдаланылатын басты материал – мәтін. Мәтінді түсініп оқу, мазмұнын айту, сұрақтарға жауап беру.
  3. Сөздік қорын молайтуға, өз ойын дұрыс жеткізуге дағдыландыру үшін мазмұны тартымды, тілі көркем жұмбақ, жаңылпаш, мақал, ертегі, шағын өлеңдер мен қызықты әңгімелер оқу.
  4. Граматикалық тұлғаларды мәтінді оқудан бұрын түсіндіру, мазмұны бойынша сұрақтар қою, жауап қайтара білу.
  5. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
  6. Жаңа сөздердің, сөз тіркестерінің, мақалдардың сөздігін жасау.

 

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже

Осы оқу курсының мазмұнын меңгерген оқушыдан күтілетін нәтиже:

Қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерген, сөз ішінде дұрыс айта білетін, дұрыс жаза алатын, сөздерді орфоэпиялық нормамен  айтуға жаттыққан,  мәтіннің мазмұнын  баяндайтын,  қазақша сөйлеуге жаттыққан,   қазақ тілінде өз ойын жазбаша білдіре алатын, тілі дамыған тұлға қалыптасады.

 

 

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет,  тарих

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тіл дамыту»   курсы бойынша бағдарлама 

  • орыс сыныбы

Аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат

 

ТақырыбыСағат
1«Балалар мен  ғалым» әңгімесі2
2Аударма жұмысына төселдіру1
3С.Көбеев «Екі соқа» әңгімесі1
4Практикалық жұмыс1
5Нәтиже сабақ1
6С. Көбеев «Сауысқан мен қарға» әңгімесі1
7Сөз және сөз тіркесі2
8Тіл дамыту сабағы1
9Граматикалық жаттығулар орындау1
10«Алдар Көсе мен бай баласы» аңыз әңгіме2
11Мәтінмен жұмыс1
12Зат есімдерді қайталау1
13Нәтиже сабақ. Сөйлесу үлгілері1
14Жазба жұмысы (суреттер бойынша әңгіме). Қатемен жұмыс2
15«Арыстан күшігін асыраған мысық» ертегі2
16Сөздік жұмысы1
17Мәнерлеп оқу1
18А. Бақтыгереева «Мұғалім апай»1
19«Өжеттер әні» Е.Елубаев1
20Сенің кім болғың келеді?1
21«Жеті атасын білмеген жетім»1
22Нәтиже сабақ1
23Сен нені жақсы көресің?1
24Менің отбасым1
25Талдау жұмысы1
26Сын есімдерді қайталау1
27Аударма жұмысы1
28Т. Молдағалие «Менде үлкен боламын»1

 

 

 

 

 

 

 

29Мақалдар1
30Жұмбақтар1
31Жаңылпаштар1
32«Жарыс жалғасады» ертегі-жаңылпаш1
33Жазба жұмысы (шығарма)1
34Қатемен жұмыс1
35Сен не үйрендің?1
36Қысқы демалысым1
37Наурыз мейрамы1
38Анашым (өлең құрастыру)1
39Аударма жұмысы1
40Өткенді қайталау1
41Тазалық — саулық негізі1
42Ас — адамның арқауы1
43Практикалық жұмыс1
44Сөздік диктант1
45Қатемен жұмыс1
46Мәтінмен жұмыс1
47Бала тілі — бал1
48Көктем1
49Көктем табиғаты1
50Бау – бақшадағы жұмыстар1
51Малдың төлдері1
52Мен төлді бағамын1
53«Қошақаным қайда екен?» өлеңі1
54Қызықты ойындар1
55«Хан талапай»  ойыны1
56Мен не білемін?1
57Жаз  мезгілі1
58Жазғы кеш1
59Өткенді қайталау1
60Ойынды жаза білесін бе? (мазмұндама)1
61Қатемен жұмыс1
62Тестік жұмыс1
63Қайталау1

 

 

Барлығы: 68 сағат

 

 

 

Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:

 

  • сөздерді дыбыстық құрамына қарай талдау;
  • дауысты дыбыстарды, дауыссыз дыбыстарды айыра білу;
  • сөздегі буындар санын анықтау;
  • әліпбидің қатарын жаттау;
  • сурет мазмұнын қазақша айтуға жаттығу;
  • орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре білу;
  • мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;
  • тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;
  • жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;
  • мәтін бойынша сұрақ қоя білу;
  • мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдылану;
  • мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқу;
  • мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу;
  • тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;
  • түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе  білу;
  • тапсырма шарттарын түсініп орындау;
  • шағын өлең, мақал, жұмбақдарды жатқа айту;
  • жаңылпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну;
  • шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу;
  • сауатты жаза білуге дағдылану.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. Қ.Амзеева, В. Қуанышбаева «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.
  2. М. Алимбаев «Әрі оқу, әрі ойын» Алматы 2001 ж.
  3. Ө.Әлімгереев, А.Нұрғалиев «Сырымның шешендік сөздері» Алматы 1994 ж
  4. З. Бейсембаева, А. Сатбекова «Септік жалғаулары» Алматы 1997 ж.
  5. Г.К. Досмамбетова «Книга для учителя казахского языка» Алматы 2002 ж.
  6. Қазақ жұмбақтары Алматы 1993 ж.
  7. Қазақстан халықтарының ертегілері Алматы 1996 ж.
  8. Қазақша – орысша ықшам сөздік. Алматы 2000 ж.
  9. Ж. Мәжитқызы, С. Дүйсебаев «Қазақ тілі» Алматы 2000 ж.
  10. Түсіндірмелі сөздік