«Химиялық типтік есептер» 8 сыныпқа арналған бағдарлама
«Химиялық типтік есептер»
8 сыныпқа арналған бағдарлама
Түсінік хат
Жалпы білім беретін мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқыту жаппай енгізілді. Осыған байланысты оқушыларға мектеп қабырғаларында болашақ мамандық бағытын таңдау қажеттілігі туады.
Бағдарлама бойынша 8-сыныпта химия пәніне 2 сағат аптасына бөлінеді. Бұл сағатта есепке теориялық және практикалық сағаттан көп ауыспайды . Ал қазіргі заман талабына сай химия бағдарын таңдаған оқушы теориямен қатар әр түрлі деңгейлі есептерді де тез және тиімді жолдармен шығару білу керек. Соған байланысты 8- сынып оқушыларының жаратылыстану-математикалық бағытының химия бағдарына «Химиялық есептер » бағдарламасын ұсынып отырмын. Ол 9 тараудан тұратын 34 сағатқа есептелген.
Бағдарламаның негізгі мақсаты-оқушылардың химия пәнінен алған теориялық білімдерін есеп арқылы кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамыту.
Бұл есептерді шығару үшін математикалық амалдарды қолдануға тура келеді. Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге жағдай жасалған. Химиялық есептер оқушылардың тыңдау қабілетін дамытуға, дәстүрлі емес жағдайда білімін қолданып, шығармашылық деңгейде жұмыс істеу жоспарланған. Осы мақсаттар негізінде арнаулы курс алдында мынадай міндеттер тұр:
- ғылыми деректерден, ұғымдардан, заңдармен теориядан тұратын химия ғылымының негізін меңгеру;
- химияның ғылыми маңызын ашу арқылы оқушыларға дидактикалық көзқарас қалыптастыру;
- оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға жасампаздық іс-әрекет экологиялық мәдениет қалыптасуына жәрдемдесу.
Осы арнаулы курсты меңгерген оқушылар химиялық теңдеулер, химиялық формулалар, ғаздардың көлемі және салыстырмалы тығыздығы т.б. ұғымдарын есептерді шығаруда дұрыс пайдалана біледі деп сенемін.
Химия пәнін оқып -үйренгенде есептер шығарып, жаттығулар орынудаудың маңызы өте зор. Есеп шығарып, жаттығулар орындау білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар оқушыларды өздігінен ізденуге де дағдыландырады. Оқушылар өз білімдерің жетіспейтін жерлерін анықтап, онымен жұмыс істеуге , қосымша және арнайы әдебиеттерді пайдалануға үйретеді. Есеп шығару барысында оқушының білімі, зердесі, ойлау қабілеті дамумен қатар, химиялық білімді, заңдарды, құбылыстарды тереңірек түсінуі қалыптасады.
Оқулықтардың теориялық білімін баянды етуде, ой өрісін кеңейтуде химиядан сандық есептеу шығарудың маңызы зор, сондықтан бұл бағдарламада есептер теориялық материяға негізделеді, сандық мәліметтер пайдаланылады.
Бағдарлама Тасқала ауданының әдістемелік кабинетімен келісіліп, мақұлданды (хаттама № 2013 жыл)
Курстың маңыздылығы
Химиялық есептер шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін артады, теориялық білім мен тәжірибе арасындағы байланысты жүзеге асырылады, оқушылардың химиялық қисынды ойлауын өрістеу, білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік жасайды, табандылық, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады, оқушылардың танымдық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытады, оқушының жеке қызығу мүмкіндіктерін ашады.
Міндеттері:
- Жаттығулар мен есептер шығару барысында оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық қабілетін, химия пәніне қызығушылығын арттыру;
- Өздігінен істейтін жұмысты орындаудың әртүрлі әдістеріне үйрету және салыстыру нәтижесінде «қорытынды жасау, логикалық ойлау дағдысын» қалыптастыру;
- Оқушының жеке интеллектуальды дамуы, бойындағы мүмкіндік деңгейін анықтау, жалпы рухани дамуын, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық әрекетін дамыту.
Оқу процесін ұйымдастыру
Курс бойынша оқу процесті ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:
- Курсқа қызығушылықты арттыру;
- Белсенді қатысу;
- Еркіндік және диалогқа дайындық;
- Өз ойына сеніммен қарау.
Әдістер:
- Зерттеушілік – ізденіс;
- Есептер шығару, талдау
Жұмыс түрлері:
- теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.
Бағалау барасы:
- Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;
- Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;
- Химиялық терминдердің , формулалардың дәл қолданылуы;
- Дербес жауап;
- Материалдық логика;
- Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.
Күтілетін нәтижелер:
- Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
- Танымдық қабілеттері дамиды.
3 мазмұны бар есептерді шеше біледі.
- есептердің бірнеше шығару жолдарын біледі.
Бағдарламаның тақырыптық толықтыру
1.Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар (10 сағат)
Химия-заттар туралы ғылым. Кіріспе . Атом мен молекулалар Химиялық элементтер. Салыстырмалы атомдық масса және салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептеу. Химиялық формулалар. Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Зат мөлшері.Молярлық масса. Молярлық көлем. Авогадро заңы Заттар массасының сақталу заңы. Химиялық теңдеулер. Химиялық реакциялардың типтері.
2.Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтың жүйесі және заңы. Химиялық байланыс. (2 сағат)
Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтың жүйесі және заңы. Химиялық байланыс.
3.Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу (2 сағат)
Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу
4.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер (2 сағат)
Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер.
5.Газ тәрізді заттар. Оттек. Ауа.Сутек.Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынасы.(6 сағат)
Газ тәрізді заттар. Оттек. Ауа.Сутек.Газдардың молярлық көлемі. Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынасы. Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер.
6.Тотығу-тотықсыздану реакциялар (2 сағат)
Тотығу-тотықсыздану реакциялар
7.Су .Ерітінділер (5 сағат)
Су .Ерітінділер. Ерігіштік .Ерітінділердің концентрациясы. Кристаллогидраттар.
8.Заттардың қоспасына есептер шығару (2 сағат)
Заттардың қоспасына есептер шығару
9.Бейорганикалық қосылыстарының негізгі кластары (2 сағат)
Бейорганикалық қосылыстарының негізгі кластары бойынша есептеулер.
Химиялық типтік есептер /Барлығы 34 сағат/
№ | Сабақтың тақырыбы | сағат | мерзімі |
1.Бастапқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар. | 10 | ||
1. | Химия-заттар туралы ғылым. Кіріспе. | 1 | |
2. | Атом мен молекулалар. | 1 | |
3. | Химиялық элементтер. | 1 | |
4. | Салыстырмалы атомдық масса және салыстырмалы молекулалық массасын есептеу. | 1 | |
5. | Күрделі зат құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін есептеу | 1 | |
6. | Химиялық формулалар. Химиялық формулалар бойынша есептеулер | 1 | |
7. | Зат мөлшері.Молярлық масса. | 1 | |
8 | Молярлық көлем. Авогадро заңы | 1 | |
9. | Заттар массасының сақталу заңы. | 1 | |
10. | Химиялық теңдеулер. Химиялық реакциялардың типтері | 1 | |
2.Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтың жүйесі және заңы. Химиялық байланыс. | 2 | ||
11-12 | Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтың жүйесі және заңы. Химиялық байланыс. Атом құрылысы. Д.И. Менделеевтің периодтың жүйесі және заңы. Химиялық байланыс. | 2 | |
3.Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу | 2 | ||
13-14 | Бастапқы заттың біреуі артық мөлшерде берілгенде реакция өнімін есептеу | 2 | |
4.Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер. | 2 | ||
15-16 | Теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда реакция өнімінің шығымына байланысты есептеулер | 2 | |
5.Газ тәрізді заттар. Оттек. Ауа.Сутек.Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы. Газдардың көлемдік қатынасы. | 6 | ||
17-18 | Газ тәрізді заттар. Оттек. Ауа.Сутек. Газдардың молярлық көлемі. | 2 | |
19 | Газдардың тығыздығы мен салыстырмалы тығыздығы | 1 | |
20 | Газдардың көлемдік қатынасы. | 1 | |
21-22 | Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер. | 2 | |
6.Тотығу-тотықсыздану реакциялар | 2 | ||
23-24 | Тотығу-тотықсыздану реакциялар | 2 | |
7.Су .Ерітінділер | 5 | ||
25 | Су .Ерітінділер | 1 | |
26 | Ерігіштік | 1 | |
27-28 | Ерітінділердің концентрациясы. | 2 | |
29 | Кристаллогидраттар | 1 | |
8.Заттардың қоспасына есептер шығару | 2 | ||
30*31 | Заттардың қоспасына есептер шығару | 2 | |
9.Бейорганикалық қосылыстарының негізгі кластары | 3 | ||
32-34 | Бейорганикалық қосылыстарының негізгі кластары бойынша есептеулер. | 3 |
Қолданылған әдебиеттер:
1.Ә.Е. Темирболатова.Есептер мен жаттығулар жинағы. 8 сынып. Алматы, 2004 ж.
2.Ә.Е. Темирболатова. Есептер мен жаттығулар жинағы. 9 сынып. Алматы, 2005 ж.
3.И.Нұғыманов. Есептер мен жаттығулар жинағы. 9 сынып. Алматы, 2005 ж.
- М.Б. Усманова. Химия. Сандық есептер шығару әдістемесі. 8-11 сынып.Алматы, 2004 жыл.
- Химия мектепте. Әдістемелік журнал. 2003-2007 жыл
6.Химия Қазақстан мектебінде.Әдістемелік журнал. 2006-2007 жыл.
7.Химия пәнінен тест жинағы. 2002-2007 жыл