«Ағылшын тілі грамматикасы» (Ағылшын тілі пәнінен тереңдетілген 8-сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық — күнтізбелік жоспары)
«Ағылшын тілі грамматикасы» (Ағылшын тілі пәнінен тереңдетілген 8-сынып факультатив сабағының бағдарламасы, тақырыптық — күнтізбелік жоспары)
Кіріспе сөз
« Қазақстан бүкіл әлемдегі халқы үш тілді пайдаланатын,
мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс.
Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық
қатынас тілі, ағылшын тілі-жаhандық экономикаға
ойдағыдай кірігу тілі»
Н.Ә.Назарбаев
Түсінік хат.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі заманда оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру басты міндет. Демек, оқушыларымыздың ағылшын тілін білуі – уақыт талабы. Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін, мәдениетін таниды Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде.
Бағдарламаның басты мақсаты – тереңдетілген сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлей білуге үйрету, сөздік қорын дамыту, ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету. Бастауыш мектеп деңгейінде меңгерілген грамматикалық құрылымдарды қайталау және жаңа грамматикалық құрылымдарды меңгеру жалғастырылады. Сауатты жазып сауатты сөйлеу үшін оқушыға тек қана сөздік қорды молайту жеткіліксіз, сонымен қатар оқушы грамматикалық сауатты болуы шарт. Ағылшын тілінде грамматиканы жақсы үйрену тілді жақсы үйренудің негізгі шарты. Грамматика – тілдің құрылымдық ерекшелігі. Грамматика жоқ жерде тіл туралы айтуға болмайды. Сондықтан грамматиканы жақсы меңгерту — тілдің құрылымдық ерекшеліктерін танымдық жақтан дәл анық түсіндіру. Осы орайда ағылшын тілін тереңдетілген бағытта оқитын сынып оқушыларының базалық білім деңгейін тереңдетіп оқыту мақсатында негізгі стандартқа сәйкес келетін
авторлық бағдарлама құрылды. Бұл бағдарламалық курстың оқушыға пайдасы зор. Бағдарламада берілген грамматикалық тақырыптарды меңгере отырып оқушы оны іс жүзінде көрсетіп, жеке тапсырмалар арқылы бекітеді.
Мақсат міндеттер:
- Тереңдетілген сынып оқушыларын ағылшын тілінде сөйлей білуге үйрету, ағылшын тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, өзіне берілген сұрақты тыңдап, түсініп, қысқа жауап беруге белгілі бір дәрежеде жүйелі сөйлей білуге, диалог түрінде әңгімелесе білуге үйрету.
- Сөздік қорын дамыту
- Грамматикалық тақырыптарды меңгерту: етістікке қарап
сөйлемдегі шақты, жұрнақ, жалғауды ажырата білу.
Есімдіктерді дұрыс қолдана білуін үйрету.
- Ел тану қабілетін жетілдіре отырып, сол елдің салт- дәстүрі мен
әдет –ғұрыптарын терең меңгерту.
Күтілетін нәтижелер:
- Белгілі бір шақтарға байланысты сөйлемдерді қатесіз сауатты жазу.
- Фразалық етістіктерді, демеуліктерді, есептік, реттік сан есімдерді,
- сын есімнің шырайларын дұрыс қолдана білу.
- Сөйлемде түбірді, үстеуді ажырата білу
- Төл сөз бен автор сөзінде шақтарды дұрыс байланыстыра білу
- Ағылшын мақал- мәтелдерінің қазақша баламасын меңгеру
- Оқытылып отырған ел бойынша ұлттық нақыштары мен сол елдің
рәміздерін салт-дәстүрін, мерекелерін, басқару органдарын білу.
8 сыныпта, бастауыш мектеп деңгейінде меңгерілген
грамматикалық құрылымдарды қайталау және жаңа грамматикалық
құрылымдарды меңгеру жалғастырылады. Бұл жаңа грамматикалық
құрылымдар мыналардан тұрады: Present Continuous Passive, Past
Continuous Passive Tense, Past Future Perfect Continuous Active,
Could+ Perfect Infinitive, Should+ Perfect Infinitive, Need+ Perfect
Infinitive; Second Conditional; Participle One, төл сөз бен төлеу сөз;
есім сөздер that, which. where, when; If only, I wish.
Ағылшын тілін тереңдетілген бағытта оқыту бағдарламасымен
оқытылатын сыныпта факультатив сабақтар аптасына 2 сағат,
жылына 68 сағатқа бөлінген. Аталған сынып оқушыларына
ағылшын тілінің негізгі екі сағатта өтілген грамматикасының
бөлімдерін сол уақытқа сәйкес келген факультатив сабақтарында
тереңдетіп оқытылады.
- 1. Созылыңқы осы шақ , жасалу жолы « ing» жалғауының
қолданылуы. Болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемде қолданылуы.
- Зат есім. Саналатын, саналмайтын зат есімдер. Жекеше, көпше түрі.
Жіктелуі.Созылыңқы өткен шақты меңгерту сөйлем құрылымы,
жасалу жолы.
- Келер шақтың қолдану ерекшеліктері «to be going to do
something» құрылымы мен оның ерекшеліктері.
- Зат есімнің тәуелдік жалғаулары.
5.Өткенді қайталау. Оқушы білімін тексеру . Тест жұмысын алу.
- Артикльдер. Белгілі және белгісіздік артикльдері. Ел, жер,
су аттарына байланысты қолдану ерекшеліктері.
- Төл сөз және. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары.
8-9. Артикльдердің қолданылмайтын кездері. “tell”, “say”
етістіктері.
- Артикльдерді қайталауға тесттер.
- Шартты райдың қолданылуы туралы, түрлері.
- Есімдіктер. Жекеше және көпше түрі. Жіктелуі.
- Шартты райлар туралы мағлұмат меңгерту, жасалуы.
14 . Жіктеу және тәуелдік есімдіктері. Шақтардың қиылысуы.
15.Should +Perfect Infinitive туралы меңгерту, жасалу жолдары.
- Сілтеу және белгісіздік есімдіктері.
17 Грамматиканы қайталау.
- Болымсыздық есімдігі. Модальді етістік should
- Етістіктер. Бұрыс етістіктер. Сын есім.
Сын есімнің шырайлары. Жай, салыстырмалы, күшейтпелі
шырайлар. Дұрыс және бұрыс сын есімдердің жасалу жолдары.
20-21.Модальді етістіктер. Ырықсыз етіс.
22-23. Сөзжасам. Суффикстер. Жасалу жолдары.
24-25. Шақтардың қиылысуы. Сын есімнің шырайлары.
Жай, салыстырмалы,
- Шартты райдың орындалмайтын кездері туралы меңгерту.
- So/ too/ either/ neither көмекші сөздері туралы меңгерту.
Ырықты , Ызықсыз етіс. Айырмашылықтары, жасалу жолдары.
Ырықсыз етісте қолданылмайтын етістіктер.
- Төлеу сөз туралы мағлұмат беру, қолданылуы.
- Нақ осы шақтың қоданылуы.
- Етістік жасаушы жұрнақтар туралы меңгерту, жасалуы.
- Грамматикаға тесттер. Артикльдерді қайталау.
- Грамматикадан оқып үйренгендерін қайталау.
- Жалпы осы шақтың (күнделікті, әрқашан, әдетте, жиі, сирек
т.б.) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерде қолданылуы
34.Аяқталған осы шақ туралы мағлұмат беру. Болымды,
болымсыз, сұраулы сөйлемдердің жасалу жолы. Never, just, ever
үстеулерінің сөйлемде қолдану ерекшеліктері.
- Ырықсыз етістің созылмалы түрлері.
- Аяқталған өткен шақты меңгерту, жаттығу жұмыстары.
- Модальді етістік should, shouldn’t.
- Ырықты , Ырықсыз етіс. Айырмашылықтары, жасалу
Жолдары. Ырықсыз етісте қолданылмайтын етістіктер.
39.Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер. Реттік сан есім
жасайтын жұрнақтар. Ережеге бағынбайтын реттік сан есімдер.
Сағат айтуды меңгерту.
- Шартты райды қайталау. Сын есім. Сын есімнің шырайлары.
Жай, салыстырмалы, күшейтпелі шырайлар.
Дұрыс және бұрыс сын есімдердің жасалу жолдары.
- Демеуліктер туралы мағлұмат. Сөйлем және сөз
тіркестерімен қолдану ерекшеліктері.
- Шартты райлар туралы мағлұматтар беру, түрлері, жасалу жолдары.
- Үстеулер туралы мағлұмат беру. Түрлері, қолданылуы.
44-45. Шақтарды қайталау. Келер шақ түрлері. Жай келер шақ,
жасалу жолдары, қолданылуы.
- Модальді етістік Could + Perfect Infinitive, жасалуы, қолданылуы.
- Can, May, Must, have to модальды етістіктерінің қолдану ерекшеліктері.
- Mодальді етістік:Should + Perfect Infinitive, жасалуы, қолданылуы
- Should, ought to, had better модальді етістіктері, қолданылуы.
- Қайталауға арналған тесттер арқылы білім тексеру.
- Синтаксис. Лексикаа туралы мағлұмат беру, қолданылуы.
- Used to, конструкциялар туралы мағлұмат беру, түрлері.
- Фонетика туралы мағлұмат беру, қоданылуы, түрлері.
- Фразалық етістіктер туралы мағлұмат беру, жасалуы
- Need + Perfect Infinitive туралы, жасалуы, қоданылуы.
- Төл сөздің төлеу сөзге айналуында сілтеу есімдіктерінің шағы
мен орнының өзгеру ережесі туралы мағлұматтар беру.
- Грамматикалық шақтар туралы қайталау.
- Аяқталған негізгі есімше туралы мағлұмат беру, жасалуы.
- Синонимдер мен антонимдер туралы мағлұматтар беру.
- Сөз жасам. Зат есімнің жасалуы, зат есім тудырушы префикстер.
Сын есімнің жасалуы, префикстер, жұрнақтар. Етістіктің жасалуы.
- Келер шақты қайталауға тесттер орындау.
- Модальді етістіктерді қайталауға тесттер орындау.
- Шартты райды қайталауға тапсырмалар орындату.
- Жалпы келер шақ туралы қайталауға тапсырмалар орындату.
- Жалпы осы және келер шақтарды қайталауға тапсырмалар орындату.
- Ел тану бағытында мағлұматтар беру, мәтіндермен жұмыс жасау.
- Американдық және Британдық ағылшын тілінің айырмашылығы
жөнінде мағлұмат беру, мысалдар келтіру.
- Ел тану бағытындағы мағлұматтарды қайталауға тесттер орындату.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар үлгісі
№ | The theme | Hours | Date | Home task |
1 | The Present Continuous tense | 1 | Ex 2p41 | |
2 | The Noun. The Past Continuous tense | 1 | Ex 4p10-11 | |
3 | The Future Continuous tense | 1 | Ex3p54-55 | |
4 | The Case | 1 | To learn the rules | |
5 | Revision of learnt material. Tests. | 1 | tests for revision. | |
6 | The Article | 1 | To do exercises | |
7 | Reported speech | 1 | To learn rules | |
8 | The Zero article | 1 | Ex.9 | |
9 | Verbs “tell”, “say”. | 1 | To do tasks | |
10 | Tests on articles. Participle I. | 1 | To do exercises | |
11 | Real condition. | 1 | To read and retell | |
12 | The Pronoun | 1 | Ex 1 p 19 | |
13 | Unreal condition. | 1 | To learn rules | |
14 | Personal and progressive pronouns. Sequence of tenses | 1 | Ex2 p 19 | |
15 | Should +Perfect Infinitive. | 1 | To learn rules,ex7 | |
16 | Demonstrative and indefinite pronouns. The Subjunctive Mood | 1 | Review, ex3 p20 | |
17 | Revision of grammar | 1 | revise grammar | |
18 | No and negative pronouns. The modal verb “should” | 1 | Ex4 to retell. Revision | |
19 | Verbs. Irregular verbs | 1 | Ex 4p41 | |
20 | Modal verbs. | 1 | Ex 3-4p60-61 | |
21 | Passive voice | 1 | Ex4-5 p64-65 | |
22 | Future in the Past. Word formation. Suffixes of verb – en, ify, suffixes of nouns | 1 | Test-17 at p171-173 | |
23 | Conditionals with “would” | 1 | Ex3p83 | |
24 | Sequences of tenses. Degrees of adjectives. | 1 | Tests for tenses | |
25 | Unreal conditional | 1 | Ex 2p83 | |
26 | Unreal conditional | 1 | Tests | |
27 | So/ too/ either/ neither | 1 | Tests | |
28 | Indirect speech | 1 | Ex2p70-71 | |
29 | Perfect continuous tense | 1 | Ex3-4p41 | |
30 | Suffixes of verbs | 1 | Rules on p210 | |
31 | Tests on grammar. Revision of Articles | 1 | Tests | |
32 | Revision of learnt grammar materials | 1 | Review grammar | |
33 | The Present Simple tenses | 1 | Ex1p41 | |
34 | The Present Perfect Continuous tense | 1 | Ex2p41 | |
35 | Continuous forms of the Passive voice | 1 | Ex 2p64-65 | |
36 | The Past Perfect Continuous tense | 1 | Ex2,3p48-49 | |
37 | Should, shouldn’t | 1 | Tests | |
38 | Voices | 1 | Tests | |
39 | Numerals | 1 | Tests | |
40 | Revision of Real Conditional. Adjectives | 1 | Tests | |
41 | Prepositions | 1 | Tests and ex1p94 | |
42 | Conditionals | 1 | Tests | |
43 | Adverbs. | 1 | Tests, ex5p27-28 | |
44 | Revision of tenses | 1 | Tests for tenses | |
45 | Future forms: Future Simple tense | 1 | Ex1p53-54 tests | |
46 | Modal verb: Could + Perfect Infinitive | 1 | Tests | |
47 | Can, may, must, have to, be to. | 1 | Tests at p61-62 | |
48 | Modal verb: Should + Perfect Infinitive | 1 | Rules | |
49 | Modal verbs: Should, ought to, had better | 1 | Tests | |
50 | Tests for revision | 1 | Revision of modal | |
51 | The Syntax. Lexicology | 1 | Ex3p89, proverbs | |
52 | Used to. Constructions. | 1 | Ex2p86 | |
53 | The Phonetic.. | 1 | Rules | |
54 | Phrasal verbs | 1 | Ex2p104, tests | |
55 | Need + Perfect Infinitive | 1 | Tasks | |
56 | Changing Imperative sentences and Interrogative sentence from Direct and Indirect speech | 1 | Ex2p70-71 | |
57 | Grammar tenses | 1 | Tests on tenses | |
58 | Participle II | 1 | Tests on revision | |
59 | Synonyms. Antonyms. | 1 | Tests | |
60 | Word building. | 1 | P97-98 | |
61 | Future in the Past | 1 | Tests | |
62 | Tests for revision of modal verbs | 1 | Revision tests | |
63 | Real Conditional | 1 | Tasks | |
64 | Future Simple tense | 1 | Tasks | |
65 | Present Simple, Future Simple tenses | 1 | Tests tenses | |
66 | Country study | 1 | Tests | |
67 | The difference between British and American English | 1 | Tests | |
68 | Tests for revision of country study | 1 | Revision tests |
Қолданылған әдебиеттер:
- «ШЫҢ – КІТАП» Авторы: Белдеубаева Н. Алматы 2010, 2012 ж.
- Грамматика английского языка в таблицах. ООО «Виктория плюс».
- И.А.Грузинская Грамматика английского языка.
- Курасовская И. Грамматика английского языка.
- Электрондық кестелер мен сызбалар «Арман ПВ»,
- Учебник английского языка в 2-х частях. Бонк Н.А., Котий Г.А.,
- A Practical English Grammar. Oxford University Press.
- Thomson A.J., Martinet A.V.,
- Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Ағылшын тілі мектепте»
- Қосымша материалдар интернет ресурстарынан алынды.
- http://www.tarbie.kz/