Ұлттық біріңғай тестке дайындау
Таңдау курсы: Ұлттық біріңғай тестке дайындау
Сағат саны: 34
Түсініктеме.
Қоғамдық жүйедегі өзгерістер талабына сай,мектепте білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылуда. Курста практикалық бағыттағы материалмен қосымшалары маңызды орын алады.
Стандартқа сай оқулықтарымызда күрделі есептер аз беріледі.Сондықтан ҰБТ-ның сапасы жақсы болу үшін қосымша жұмыстар жүргізуге тура келеді.ҰБТ кітапшасында қиындығы жоғары есептер баршылық.Сондықтан оқулықтағы В және С тобының есептеріне ерекше назар аудара отырып,оқып жатқан тақырыпқа сай мысалдарды қосымша әдебиеттен алған жөн.Кәсіптік курстың міндеттерін жүзеге асыру үшін лекция,есеп шығару практикумы,семинарлар түрінде оқыту түрлерін пайдалану ұсынылады. Сыныптағы сабақта да,оқушының өздік жұмысында да оқытудыңнегізі оқушының зерттеу жұмыстары болуы тиіс.Жүйелі түрде қайталау жұмыстарын жүргізген дұрыс.
Курстың мақсаты
Оқушының өз бетінше есеп шығаруда әр түрлі әдістері және есеп шешу тәсілдерінің базалық математика ұғымдары туралы білімдерін тереңдету,өздігінен және топта зерттеу жұмыстарын жүргізе білу компетенцияларын қалыптастыру. ҰБТ-дан жоғары балл жинауда оқушылардың санасын ояту.Оқушылар арасында тек алға ұмтылу бәсекелестігін тудыруға бағыт беру.
Курс міндеттері:
- Оқушылардың ҰБТ-ға деген жауапкершілігін арттыру.
- Күрделі есептерді шешу жолдарын үйрету
- Нақты жауабын дұрыс таңдай білуге үйрету
- Теориялық білімдерін тарау бойынша жүйелі қайталау
- Білім сапасының артуына ықпал жасау.
- Саналы ойлау қабілиетін қалыптастыру,математика жағынан ой-өрісін дамыту.
- Есептер шешуде өздігінен жұмыс жасай алатын және оны ұйымдастыра алатын жеке тұлға тәрбиелеу
- Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту
- Өздігінен білім алу және алған білімдері мен дағдыларын орынды пайдалана білу.
- Оқушының математикалық білімін көтеру.
Оқушыларда курсты оқу нәтижесінде қалыптасуы
- Математикалық зерттеу әдістері,әлем тануда математиканың ролі туралы түсінектері
- Есептеудің тәсілдері мен негізгі алгоритмі туралы білімдері
- Білу керек:
- Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді
- Нәтижені сараптауды,ой қорытындылауды
- Өз қызметінің нәтижесін көре білуді,пікірталасқа қатысуды
- Есептеудің тиімді тәсілдерін таңдауды.
Қойылатын талаптар
Курс оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім,білік және тәсілдерді меңгереді
- Математика ны қоршаған айналаны тану әдісі ретінде қабылдау ұғымы қалыптасады
- Математикалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.
- Дәстүрлі емес есептерді шешу тәсілдерін меңгереді.
- Дәстүрлі емес есептерді әртүрлі әдіс тәсілдермен шешуді үйренеді.
- Өз ісінің нәтижесін көре білуге үйренеді
- Іске өздік сараптама жасай білуге,нәтижесін бағалауды үйренеді.
Бағдарламаның бөлімдері:
- Арифметикалық өрнектер оларға амалдар қолдану
- Функция және оның қасиеттері, графигі
- Прогрессиялар
- Тригонометриялық функциялар және өрнектер
- Теңдеулер және олардың жүйелері
- Теңсіздіктер және олардың жүйелері
- Мәтін есептер-
- Туынды және оның қолданылуы
- Алғашқы функция және оның қолданылуы.Анықталған интеграл.
- Планиметрия бойынша есептерді шешудің әдіс-тәсілдері
- Стереометрия бойынша есептерді шешудің әдіс-тәсілдері
- Векторлар және жазықтықтағы координаталар әдісі
Күтілетін нәтижелер:
- Қиындық көрген тақырыптардың сараптамасын жасай алады
- Формулаларды дұрыс қолдана білуді үйренеді
- Формулалар жинағын шағын кітапшаға айналдыра алады
- Есептерді алгоритм бойынша шеше алады.
Қолданылан әдебиеттер:
- И.П.Рустюмова,С.Т.Рустюмова «Пособие для подготовки к единному национальному тестированию по математике»,Алматы 2007
- «Факультативный курс по математике.Решение задач 11 класс». Шарыгин И.Ф.М. «Просвещение»,1991г
- Ципкин,Пинский «Справояник перешению задач по математике»
- Математикадан тест тапсырмалары.2011-2013жж
- Егоркина Надежда Викторовна 2014ж «Талапкерге»1-2 Бөлім
И.Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мемлекеттік коммуналдық мекемесі
ҰБТ-ға дайындық бойынша жоспар. 11-сынып (34-сағат)
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Уақыты |
Рационал функциялар | |||
1 | Арифметикалық есептеулер | 1 | |
2 | Алгебралық өрнектерді түрлендіру | 1 | |
3 | Иррационалдықтан құтқару | 1 | |
4 | Бөлшекпен және дәрежемен берілген есептерді түрлендіру | 1 | |
5 | Рационал алгебралық түрлендірулерді шешу | 1 | |
6 | Бөлщек –рационал теңдеулерді шешу | 1 | |
7 | Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулерді шешу | 1 | |
8 | Иррационал және модуль таңбасымен берілген теңсіздіктерді шешу | 1 | |
9 | Бөлщек –рационал теңсіздіктер | 1 | |
10 | Көрсеткіштік және логарифмдік теңсіздіктер | 1 | |
11 | Иррационал теңсіздіктер | 1 | |
12 | Модуль таңбасымен берілген теңсіздіктер | 1 | |
13 | Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру | 1 | |
14 | Тригонометриялық өрнектерді шешу | 1 | |
15 | Тригонометриялық теңсіздіктерді шешу | 1 | |
16 | Арифметикалық прогресияларға берілген есептер | 1 | |
17 | Арифметикалықпрогресияларға берілген есептер | 1 | |
18 | Геометриялық прогресияларға берілген есептер | 1 | |
19 | Геометриялықпрогресияларға берілген есептер | 1 | |
20 | Функция қасиеттері және графиктері | 1 | |
21 | Туынды және оны қолдану | 1 | |
22 | Функцияның графигіне жүргізілген жанама | 1 | |
23 | Функцияның өсу және кему араліқтарын,мах және мін анықтау | 1 | |
24 | Алғашқы функцияны табу | 1 | |
25 | Интегралды анықтау | 1 | |
26 | Қисық сызықты трапецияның ауданы | 1 | |
27 | Векторлар және жазықтықтағы координаталар әдісі | 1 | |
28 | Векторлар және жазықтықтағы координаталар әдісі | 1 | |
29 | Концентрацияға берілген есептер | 1 | |
30 | Логикалық есептер | 1 | |
31 | Планиметрияға берілген есептер | 1 | |
32 | Стереометрияға берілген есептер | 1 | |
33 | Стереометрияға берілген есептер | 1 | |
34 | Мәтін есептерін шешу | 1 |
Пән мұғалімдері :Т.Акбарова, П.Бакиева